Елена Партала 

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Сату жөніндегі тәуелсіз Ұлттық Директор
 
Менің өмірімді, «Мэри Кэй» әлеміндегілердің көпшілігіндегі секілді, «дейін» және «кейін» деп екі бөлікке бөлуге болады.

«Мэри Кэй» компаниясымен кездескенге дейін менің өмірім үйреншікті және бір сарынды қалыппен, жарқын келешектен дәмелендірмей-ақ өтіп жатты. Мектептен кейін мен Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын «Автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Целинный темір жолындағы жұмысым маған энтузиазм бере қоймайтын еді. Айналысатын ісім маған ұнамады, дәлірек айтсақ, ауысымдық жұмыс және түнде жұмыс істеу, қызметкерлерге тұтынушылық қатынас және бітпес күйбең іс. Бірақ табыс табу қажет болатын, себебі үлкен қызымыз өсіп келе жатыр еді. Үй – жұмыс, жұмыс – үй, тығырықтан шығар жол жоқ болатын. Менің күнделікті тіршілігімді осылайша сипаттауға болар еді. 5 жылдан кейін де, 10 жылдан кейін де осылай жалғаса берерін ойлағанда, көңілім жабырқап кететін. Дегенмен, бұ миллиондаған әйелдер үшін қалыпты жағдай еді.

90-шы жылдардың басында штаттық кестеде әр түрлі өзгерістер орын ала бастады, қысқартулар, жалақысыз демалысқа жіберулер көбейді. Онсыз да келешегі күңгірт хал одан сайын орнықсыз бола түсті. Сол кезде біз күйеуіміз екеуміз екінші балалы болуға шешім қабылдап, 1993 жылдың көктемінде мен декреттік демалысқа кеттім.
 
1995 жылдың күзінде, балаға күтім жасау демалысында отырғанда, Mary Kay өнімдерінің көрсетіліміне бардым. Кездесуді Светлана Кайдаш өткізді. Ол біз үшін жаңа бизнестің мүмкіндіктері туралы және көрсетіп отырған өнімдерінің сапасы туралы әңгімеледі. Санамда «бұл менікі» деген сезім пайда болды! Маған косметика ұнады, табуға болатын ақшаны көрдім, Компанияның принциптері менің көзқарастарыма сай келді, жалпы, естіген, көрген нәрселерімнен жаңа, қызықты және келешек лебі соқты. 
Шешімді тез қабылдау керек еді, ал жағдайды менің ЕШҚАШАН, ЕШТЕҢЕ САТПАҒАНЫМ қиындатты, «сату» деген сөздің өзі мен үшін «алыпсатарлық» дегенмен бірдей еді. Күйеуім сапарда болатын, сөйтіп жанымда ақылдасатын да жан болмады. «Шығасы шықпай, кіресі кірмейді» деген шешімге келдім де, отбасылық бюджеттен сол кездері аз емес 150 долларды алып, «Мэри Кэй» старттық жиынтығын сатып алдым.

Ол кездері біз келісім-шартты Компанияның ресейлік бөлімшесімен жасасатынбыз, олардың міндетті шарты – жеке кәсіпкер ретінде салық инспекциясына есепке тұру болатын. Түнімен дөңбекшіп шыққан мен, ертесіне таң атпай салық инспекциясының алдында тұрдым. Өмірде келешегіңнің тағдырын шешетін дұрыс шешім қабылдау маңызды болып жататын сәттер кездеседі. Мен сол кезде дұрыс шешім қабылдағаным үшін өзіме разымын. Осылайша менің табыс тарихым басталды. Бұл «Мэри Кэйдегі» табыс тарихы емес. Бұл менің «Мэри Кэйдің» арқасында қол жеткізген табыс тарихым.
 
Өзімнің 17 адамға өткізген алғашқы классым әлі есімде – бірде-бір тапсырыс болған жоқ! Бір-екі күннен кейін менің 17 адамға өткізген классыма қатысқан көршімнің күйеуін кездестірдім, ол әйеліне көрсеткендерімді қайдан табуға болатынын сұрады. Сол кезде мен классты қаншалықты кәсіби емес, нашар өткізгенімді түсіндім. Сол көршім  203 долларға тапсырыс беріп, менің алғашқы клиентім болды. Алғашқы бизнес-серіктестер – олар менің құрбыларым және әріптестерім. Олардың мені қолдап, соңымнан ергендері үшін үлкен ризашылығымды білдіремін. Бұл таңдаған жолыма сенімділігімді күшейтті.

Бір күні мен мынадай сөзді оқыдым: «Егер сіз өзіңізді үлкен компанияның басшысы ретінде елестетсеңіз және әріптестеріңіз бен ізбасарларыңызға мұқият қарасаңыз, олардың арасында таныс жүздердің жоқ екені сізді таң қалдырады. Сіздің бизнесіңізді тіпті бөтен, таныс емес адамдар қолдайды». «Міне, мәселе қайда жатыр» деп ойладым да, «бөтен» адамдармен белсенді жұмыс істей бастадым.
«Көшбасшы болғым келеді!» - деген ойға келдім. Өнімдерді саттым, командамды өсірдім, сөйтіп 1996 жылдың 1 желтоқсанында Бизнес-Топ Көшбасшысы статусын алдым. Декреттік демалыстан кейін темір жолға қайтып бармадым, сөйтіп ешқашан да жалданып жұмыс істемеймін деген шешім қабылдадым.
 
Менің алғашқы семинарларым - Магнитогорскіге, Челябинскіге және Мәскеуге сапар шегу болды. Олардың әрбірі маған жаңа таным мен шабыт берді. Біз бизнесті бастаған кезде, біздің қолымызда ештеңе болмаған еді, старттық жиынтығымыз бен тамаша Mary Kay косметикасы және сұлулық бойынша класстар өткізе алатындығымыз ғана болды. Осы арсеналмен біз бизнесімізді дамыта бердік. 
Ұзақ уақыт бойы мен Астанада бірінші және жалғыз Көшбасшы болып қалдым. Адамдар бұл мүмкін емес деп ойлайтын. 5 жыл бойы менің командамнан Көшбасшылар өсіп шықпады – қиын уақыт еді. Бұл уақыт мен үшін профессионал және жеке тұлға ретінде қалыптасу уақыты да болды. Бойымдағы, дағдыларымдағы, мінезімдегі, өмірге және адамдарға көзқарасымдағы көп нәрселерді өзгерттім. Жұмсақтау, шыдамдылау, жинақылау бола бастадым, өзіме қояр талабымды күшейтіп, айналадағыларға қояр талабымды азайттым. Компаниямен ынтымақтастығым және алға қойған мақсатыма күн сайын қол жеткізуді қалауым мені де, өмірімді де жақсы жаққа қарай өзгерте бастады, ал дүниетанымым жақсара бастады.

Балалар өсіп, көп көңіл бөлуді талап ете бастады – мен өмірімнің осы кезеңінен рахат алдым. Негізгі күш-жігерімді отбасыма бере отырып, өмірлік артықшылықтарымды анықтадым – Сенім, отбасы, мансап. Менің бизнесімнің дамуы бір-екі жылға бәсеңдеп қалды, барлық күш-жігерім мен уақытым отбасыма жұмсалды. Сол кезде бұл менің отбасым үшін маңызды еді.

Қызым Юлиана мектепті бітіріп, ұлым Юра бірінші сыныпқа барды. Мен отбасы мен бизнесті үйлестіре қатар жүргізуді, уақытымды дұрыс жоспарлауды үйрендім. Компанияның «Сенім, отбасы, мансап» артықшылығының дұрыстығына өз тәжірибемнен тағы да көз жеткіздім. Ал менің «үйдегі мама» миссиям орындалған кезде, дамуымның жаңа кезеңі басталды, жаңа көкжиектер ашылды!

Компанияға, оның мүмкіндіктеріне сенетін және адамдармен және өздерімен көп жұмыс істеуге дайын әйелдердің міндетті түрде өз мақсаттарына жететіндігі мен үшін өте бағалы. Олар өз мақсаттарына ешқандай да шығынсыз, жаңа біліммен, жаңа дағдылармен, жаңа қаржылық мүмкіндіктермен жетеді! Қазір, Ұлттық Көшбасшы статусын алғаннан кейін, менің өмірімнің жаңа сатысы басталды, жаңа көкжиектер және жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Менің табыс тарихымның жалғасы бар және ол көп ұзамай басылымға шығады. Рахмет, «Мэри Кэй»!