Жиі қойылатын сұрақтар

Mary Kay® туралы сұрақтарға жауап беруге арналған «Жиі қойылатын сұрақтар» бөліміне қош келдіңіздер. Сіз Mary Kay® сұлулық жөніндегі Кеңесші болсаңыз да, потенциалды сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші,  клиент немесе жай ғана қонақ болсаңыз да, мұнда  Mary Kay® ұсынатын мүмкіндіктер туралы және Компания жұмысының негізгі принциптері туралы қажетті ақпараттарды таба аласыз.

"Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші ретінде мен қанша табыс таба аламын?"

Mary Kay-мен бірге бизнес жасаудан түсетін табыс деңгейінің шегі жоқ. Mary Kay сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші ретінде алуға болатын ақшалай  табысыңыз көптеген факторларға байланысты, оған сіздің жеке мақсаттарыңыз бен бизнеске салатын уақыт және күш-жігер көлемі де кіреді.  

Көптеген сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер бұл бизнеспен қысқа мерзімді қаржылық табыс табу үшін, мысалы, мереке қарсаңында отбасы мүшелеріне сыйлықтар алу үшін, отбасылық демалысты, мектеп формасын немесе балалардың оқуын төлеу үшін қосымша табыс көзі ретінде айналысады.  Сонымен бірге негізгі жұмыс орнынан кетіп, тек қана Mary Kay-мен айналысу үшін бизнестерін қажетті деңгейге дейін дамытуға шешім қабылдағандар да бар. Бұл бизнестің негізгі идеясы – сіздің Mary Kay-мен табатын табысыңыздың көлемі тек сіздің өзіңізге ғана байланысты. Мэри Кэй Эштің сөзімен айтсақ, «Алдыңызға мақсат қойыңыз да, сол мақсат жүзеге асқанша алға жылжи беріңіз. Нақты нәтижелер пайда болғанға дейін-ақ сіз ол мақсатқа сенуіңіз керек. Сіз көзіңізге елестете алатын және өзіңіз сенген нәрселердің барлығына қол жеткізе аласыз!» 

"Жаңа сұлулық жөніндегі Кеңесші онлайн-тіркеуден қалай өтеді?"
Біздің сайтымыздың «Сұлулық жөніндегі Кеңесшіні онлайн-тіркеу» қызметін пайдаланыңыз. 
"Сауда және маркетинг саласындағы қандай тәсілдемелер менің Mary Kay-мен өз бизнесімді құруда үлкен табысқа қол жеткізуіме көмектесе алады?"

Мэри Кэй Эш өз дегенінен қайтпайтын сатушыларды қаламайтынын айқын білдірген болатын. Табандылық пен жігерлік саудамен байланысты кез келген бизнестің ажырамас қосындысы болып табылады. Нәтижесінде өнім сату және Компанияға жаңа Кеңесшілерді шақыру туралы шешім қабылдаған кезде, әрқашан да өзіңізді өзге адамның орнына қойып отырыңыз және басқалардың өзіңізге қандай қарым-қатынас жасағанын қаласаңыз, өзіңіз де оларға сондай қарым-қатынас жасаңыз. Мэри Кэй Эш жиі айтатын: «Сіз үлкен ықпалға иесіз және жолыңызда кездестірген әрбір адам сіз туралы пікірін сіздің сөздеріңіз бен әрекеттеріңізге қарай қалыптастырады. Ендеше Алтын қағиданы өмір сүру салтыңызға айналдырыңыз». 

"Mary Kay бизнесінің мүмкіндіктері: табысқа қол жеткізу үшін не істеу керек?"

Mary Kay-де бизнес жүргізу икемділігі соншалықты, ол отбасыларымен бірге көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Корпоративтік автомобиль және табыс секілді сияпаттардан ләззат алу бұрынғы жұмысынан бас тартуға мүмкіндік береді. Осының барлығы қалай мүмкін болады? 

Мэри Кэй-де әйелдер осының барлығына қол жеткізу үшін үлкен күш-жігер жұмсайды. Адамдардың «әуелі – сенім, содан соң – отбасы, үшінші орында – мансап» артықшылықтары туралы естіген кезде, бұл сөздердің мағынасын дұрыс түсінген өте маңызды. Осы артықшылықтар арасында тепе-теңдікті сақтау табысқа қол жеткізу үшін қалай болса солай жұмыс істеу керек дегенді білдірмейді. Дегенмен Mary Kay компаниясында бизнесті жүргізудің түрлі мүмкіндіктері бар, жұмыс графигі де солардың қатарында.  

Еңбекқорлығы жағынан Мэри Кэй Эшке тең келер адам көп бола қоймас. Өзі «Таңғы сағат 5-те тұратын адамдар клубының» негізін қалаған және ол өзінің жұмыс күнін таңғы сағат 5-те бастайтын. Осы ұйқы уақытын ол күні бойына орындалуы қажет маңызды істерге арнауға шешім қабылдады.  Көптеген сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер балалары мектепке кеткенге дейін үйдегі тірліктің барлығын жасап алу үшін «Таңғы сағат 5-те тұратын адамдар клубы» ережесін саналы түрде ұстанды.  Екінші жағынан, ұйқы сіз үшін өте маңызды болуы мүмкін, онда негізгі жұмыс белсенділігін күннің екінші жартысына жоспарлағаныңыз жөн. Немесе жұмыс графигіңізді балаларыңыздың мектептегі кестесіне бейімдеп жасуыңызға да болады, олар мектепте болған кезде, сіз сұлулық бойынша класстар өткізесіз. Тіпті сізге демалыс күндері ғана жұмыс істеген ыңғайлы болуы мүмкін. Таңдау өз еркіңізде. 

Салыстыра кететін болсақ, кез келген компанияның қызметкерлерінің жұмыс кестесі икемсіз, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, онда жеке мәселеңізді шешуге бос уақытыңыз болмауы мүмкін. Әрине, қызметкерлеріне мұндай артықшылық беретін компанияда жұмыс істеу бақытына ие болған адамдар да бар, бірақ көп жағдайда жұмыс графигін өзіне ыңғайлы етіп жоспарлау мүмкіндігі бола бермейді.     

Mary Kay сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшісі бола отырып, сіз өз-өзіңізге бастықсыз, демек, өз жұмыс күніңізді нешеде бастап, нешеде аяқтауды өзіңіз ғана шешесіз.  Сіз табыс баспалдағымен көтерілуіңізге қажетті жұмыс кестеңізді және жылдамдығыңызды өзіңіз анықтайсыз. Егер сіз толық күнде жұмыс істейтін бұрынғы жұмысыңыздан түсетін табысты жартылай өтеуді мақсат етіп қойсаңыз, онда Mary Kay бизнесіне арнайтын жұмыс сағаттарыңыз аса көп болмауы ықтимал. Екінші жағынан, егер бұрынғы табысыңызды толық өтеп, оны көбейтуді қалайтын болсаңыз, онда бұл мақсатқа қол жеткізу үшін сізге көбірек жұмыс істеуге тура келеді. Мұның басты мәні – өз тағдырыңызды өзіңіз таңдайтыныңызда. Сенім, отбасы және мансап арасындағы сізді бақытты ете алатын тепе-теңдікті өзіңіз анықтайсыз. 

Бірде біреу былай деген: "Mary Kay қиын жұмысты төлейтін әлемдегі ең үздік жұмыс беруші болып табылады. Мен барлығымыздың да қалауларымыз бен қажеттіліктеріміз бар екенін білемін және біз Mary Kay бизнесі соған қол жеткізуге қалай көмектесетінін анықтай аламыз".

"Mary Kay компаниясы жаңа өнімдерді қаншалықты жиі шығарады? Ол сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшінің жұмысына қалай әсер етеді?"

Mary Kay компаниясы қолданыстағы тенденциялардан, трендтен қалыспау үшін және өзінің рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалу үшін, әрқашан да рынаққа жаңа өнімдер ұсынады. Инновацияларға негізделген рынокта жаңа өнімдер енгізу бәсекеге жарамдылықты сақтап қалуда маңызды роль атқарады. Нақты проблемаларды шешуге көмектесуге арналған өнім тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арнайы  әзірленеді. Сәндік косметиканың шектеулі коллекциялары тұтынушылардың  маусымның сән тенденцияларын қалыспауына мүмкіндік беру үшін мезгіл сайын шығарылады. Тұрақты желіміздің  өнімдері тері күтіміне арналған құралдар индустриясындағы жаңаша жетістіктерге сәйкес болу үшін әрбір 3-5 жыл сайын жаңартылып отырады. Біз жиі болмаса да, мезгіл сайын өнімдердің қаптамасын рыноктағы тенденцияға сәйкестендіру және клиенттерге өнімді жаңаша күйде жеткізу үшін жаңартып отырамыз. Естеріңізде болсын, біз жылдам өзгеріп отыратын косметика индустриясында жұмыс істейміз. Сондай-ақ автомобиль жасау, сән және тұрмыстық электроника индустрияларындағы секілді, жаңа өнімдер мен инновациялар брендке клиенттердің назарын тез аудартады.  

Ең бастысы, инновациялар рыноктағы бәсекеге жарамдылықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Инновация Компанияның және сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілердің клиенттердің қажеттіліктері мен қалауларын қанағаттандыратын өніммен қамтамасыз етуге дайын екендігін көрсетеді. Біз сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерге өнімнің тұрақты желісінде орын алатын өзгерістер туралы алдын ала, кем дегенде үш-алты ай бұрын хабардар етеміз.  

Бұл Кеңесшілерге өнім санын реттеуге және осы өнімге қатысты дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге маңызды өзгерістер енгізілген әр кез сайын біз жаңа өнімдер мен өзгерістерді енгізгенге дейін қоймадағы өнімдерді қадағалауға қажетті ұсыныстар дайындап отырамыз. 

"Қаржылық пирамида деген не?"

Қаржылық пирамидалар өнімдер сатуға немесе қызмет көрсетуге емес, пирамидаға жаңа мүшелер тартуға негізделген заңсыз операциялар болып табылады. Әдетте, қаржылық пирамидада компаниядан сатып алуға болатын нақты өнімдер болмайды. 

Алаяқтықтың мұндай  принципімен жұмыс істейтін компаниялардың  Тікелей сауда ассоциациясына (ТСА) кіруіне жол бермейді. Mary Kay компаниясы және ТСА пирамидаға қарсы заңды және оның қолданылуын белсенді түрде қолдайды. АҚШ-та көптеген штаттар, соның ішінде Техас штаты пирамидаға қарсы заң қабылдады.

"Тікелей сауда деген не?"

Бұл тауарларды және қызметтерді бөлшек сауда дүкендерінен тыс тікелей клиенттерге сату жолы. Тікелей сауда бизнесі сіздің клиенттермен бетпе-бет, топтарда, online немесе телефон арқылы қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Тікелей сауда индустриясында сатушылар Тәуелсіз Кеңесшілер, дистрибьюторлар немесе өкілдер деп атайды.  Ең бастысы тікелей сауданың артықшылығы – бұл жеке сервис, оған қазіргі уақытта ерекше назар аударылады.   

“Тікелей сауда маған қол бола ма?”
Тікелей сауда кез келген жастағы, кез келген жынысты және табыс деңгейі әр түрлі адамдардың бизнес жасауы үшін тамаша нұсқа болып табылады. Бұл өмірін икемдірек етіп, қадағалап отыруды қалайтын  әйелдер үшін жақсы мүмкіндік, себебі:
• олардың кәсіпкерлік рухы бар;
• адамдармен жұмыс істегенді ұнатады;
• аздау құрылымданған ортада жұмыс істегенді қалайды;
• көп инвестиция салмай, табысын толықтыру жолын іздейді;
• шексіз табыс табуды көздейді;
• айналысып жатқан істерінде нағыз сарапшы болуға дайын.
"Тікелей саудада қаншалықты көп адам табыс табуда?"

Тікелей сауда ассоциациясының (DSA) зерттеулері көрсеткендей, дистрибьюторлардың басым көпшілігі салықтар мен шығындарды өтегеннен кейін тікелей саудадан түскен таза табысы оң болып қалғандығын хабарлайды (http://www.dsa.org/ethics).

Дистрибьюторлар тікелей саудада бизнес жүргізудің басқа қатынаста да оң тәжірибе беріп отырғандығын хабарлайды, сондай-ақ:

80 пайызы тікелей сауданың табыстарын ұлғайтудың жақсы жолы ретінде немесе қосымша табыс табу жолы ретінде күткен үміттерін ақтағандығын немесе одан асып түскендігін айтады.  

91 пайызы тікелей сауданың қаншалықты көп жұмыс істесе, соншалықты көп табыс табатын бизнес ретінде күткен үміттерін ақтағандығын немесе одан асып түскендігін айтады.

Mary Kay қаржылық пирамида болып табыла ма?

Үзілді-кесілді жоқ. Қаржылық пирамидалар заңсыз болып табылады. Mary Kay-дің маркетингтік жоспарына қатысты келесі сәттер заңсыз қаржылық пирамидалардан өзгешелігінде айрықша мәнге ие:

A. Mary Kay® өнімдерін бір көтерме сату (Компания сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіге) және бір бөлшек сату (сұлулық жөніндегі Кеңесші тапсырыс берушіге) бар. Компания және тұтынушы арасында өнім сатып алғаннан бастап сатқанға дейін әр түрлі жеңілдікпен өтетін басқа сауда деңгейлері жоқ. Осылайша, сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші болса да, Бизнес-Топ Көшбасшысы болса да, әрбірі барлық косметикалық өнімдерді Компаниядан тікелей, жарияланған бағамен, қалауынша тұтынушыларға  сату үшін сатып алады. Әр адам өнімді өз бетімен сату және бизнесін дамыту үшін, статусына қарамастан, бірдей бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие. 

B. Әрбір шақырылған сұлулық жөніндегі Кеңесші өнімді соңғы тұтынушыға сату үшін шақырылады. Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер командасына өз өнімдерін сатқызу үшін басқа Кеңесшілерді шақырмайды. Барлық сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер өздері сатып алған өнімнің барлығы соңғы тұтынушыға сату үшін қажет екендігімен келіседі (немесе ынтымақтастықтың бірінші жылы ішінде өнімді бастапқы бағасынан 90% көлемдегі бағасына Компанияға қайтарылады). 

C. Mary Kay-дің әрбір сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшісі өз бизнесін старттық жиынтықты сатып алудан бастайды. Старттық жиынтықты сатып алудан ешкім де ешқандай өтемақы алмайды.  Старттық жиынтыққа кіргізілген сатуға арналған өнімдер мен құралдар Mary Kay сұлулық жөніндегі жаңа Тәуелсіз Кеңесшісін бизнеске енгізуге және бизнестегі алғашқы қадамдарын жасауға көмектесуге арналған.  Сұлулық жөніндегі Кеңесшілерден қандай да бір салықтар немесе қандай да бір компаниядан міндетті түрде сатып алу және тағы басқа инвестициялар мен шығындар талап етілмейді. Осылайша, Компанияда да, сұлулық жөніндегі Кеңесшілерде де, деңгейіне, статусына, қарым-қатынасына немесе франчайзингке байланысты сату деңгейлері жоқ. 

D. Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшінің және Бизнес-Топ Көшбасшысының табыс баспалдағындағы деңгейі қаламақы төлеумен, жеңілдіктермен, сыйақымен немесе кез келген жанама жеңілдікпен немесе тағы басқа нәрсемен байланысты емес. Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшінің табыс баспалдағындағы статусы қатаң түрде жеке күш-жігер мен қабілетке негізделген.  

E. Mary Kay компаниясымен келісім-шарттық қарым-қатынастарды аяқтаған кезде кез келген сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші бірінші жыл ішінде сатылмай қалған өнімдерін бастапқы               пайдаланылмаған қалпында компанияға қайтара алады, ол сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшімен жасасылған келісім-шарттың шарттарына сәйкес, өнімнің бастапқы бағасынан 90 пайыз көлеміндегі бағаға қайтара сатып алынады. 

F. Компания барлық комиссиялық сыйақыларды сұлулық жөніндегі Кеңесшілерге және Бизнес-Топ Көшбасшыларына тікелей төлейді. Комиссиялық сыйақы ай сайынғы сауда көлемі негізінде төленеді және компьютерлік есептерде көрсетіліп, соңынан комиссиялық сыйақы төленеді.  Маркетингтің бүкіл құрылымы өнімді соңғы тұтынушыға сатуға негізделген. Комиссия сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші, Е пунктіне сәйкес, келісім-шартты тоқтатқан жағдайда Компанияға қайтара алатын кез келген өнім үшін төленеді, мұндай жағдайда комиссиялық сыйақы қайтара есептелмейді.

"Mary Kay INC. компаниясының Тікелей сауда ассоциациясымен (DSA) қандай қарым-қатынаста?"
Тікелей сауда ассоциациясын (DSA) АҚШ-тағы тауарлар мен қызметтерді өндіретін тұтынушаларға тікелей сауда арқылы тарататын Компаниялардың ұлттық сауда ассоциациясы жоғары бағалайды. Mary Kay компаниясы 1970 жылдан бері DSA мүшесі болып табылады және Mary Kay басшылығы ұйымға қатысты.  
Олардың кейбірі Басқармада қызмет еткен және қазіргі уақытта қызмет етеді және осы индустрияның саясатын қалыптастыруда, жекелеп алсақ, Этика кодексін жасауда маңызды роль атқарады.
" Тікелей сауда ассоциациясының (DSA) Этика кодексі бар ма?"

Этика кодексі Тікелей сауда ассоциациясының іскери тәжірибе мен сервис негіздеріне бейімділігінің іргетасы болып табылады. Бұл Ассоциацияға мүше компаниялар жасаған мәлімдемелердің шынайы және әділ екендігіне кепіл болады. Mary Kay басшылары Этика кодексінің тұтынушылардың және сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілердің позицияларын одан әрі қорғаудағы ролін нығайтуда маңызды роль атқарады. Әрбір компания – Ассоциация мүшесі Кодекстің стандарттары мен ережелерін мүшелікке қабылдау және мүшелікті сақтап қалу шарттары ретінде сақтауға міндеттеме жүктейді. Кодекс тұтынушыларға олардың ең жоғарғы деңгейдегі сапа мен сервис ұсынатын салмақты компаниямен істес болып отырғандықтарына кепілдік береді.


Сұлулық жөніндегі Кеңесші өмірінен бір күн

Learn about the Mobile Entrepreneur.

Сұлулық жөніндегі Кеңесші өмірінен бір күн» интерактивті ойынынан өтіңіз 

Тесттен өтіңіз

Табыс тарихтары

Learn how to earn money and rewards.

Миллиондаған әйелдер өздерінің жеке бизнестерін жүргізіп келеді. Өз тарихыңызды бүгін жасаңыз!

Толығырақ

Құралдар

Tools to Success.

Құралдардың кең спектрі бизнесіңізді мобильді және тиімді етуге көмектеседі! 

Толығырақ

Қолдау

Discover team support.

Бүкіл әлемдегі сұлулық жөніндегі Кеңесшілер қауымдастығынан көмек пен шабыт алыңыз!

Толығырақ

Сұлулық жөніндегі Кеңесшімен қазір хабарласу

"Mary Kay компаниясының мақсаты  - әйелдерге ішкі сұлулығын табуға және оны сыртқы сұлулыққа айналдыруға көмектесу"
- Мэри Кэй Эш

Жасаған нәрсеңізді жақсы көріңіз

Қосымша табыс табу қызықтыра ма?

Сұлулық жөніндегі Кеңесшіңізбен қазір хабарласыңыз