Макияждағы трендтер: стробинг, шейдинг, бейкинг

Үстіміздегі жылы макияжда бұрын-соңды болмаған техника кеңінен таралуда, ол бет пішінін түзетуге мүмкіндік береді, бетті жарқын етеді, терінің артықшылығын айқындайды және кемшіліктерін жасырады. Стробинг, шейдинг, бейкинг – осы терминдердің айырмашылығы неде, кез келген макияжға мінсіз құралды қалай таңдауға болатынын осы мақаладан оқыңыз.  

СТРОБИНГ

Стробинг – «бетті жеңіл жарқырату» техникасы. Нәтижесі табиғи болып көрінуі тиіс: сәл ылғалдандырылған, жылтыр тері және беттің айқын формасы. 

«Стробинг» атты техника қарапайымдылығымен және нәтижелілігімен жұлдыздардың және бьюти-блогерлердің арасында ең танымал болып табылады. Техника өз атауын фотосессияға арналған арнайы строб-шамнан алған. Ол ара-арасында жарқыл беріп, сол арқылы оны ішінен «сәулелендіреді», жандандырады әрі жарқыратады.

Құралды таңдау:

Теріні макияжға дайындау үшін жеңіл негіздегі ылғалдандырушы кремді пайдаланыңыз. «Жарқырататын» құрал крем тәріздес (сұйық хайлайтер), сондай-ақ опа (ұсақ жылтыр түйіршіктері бар үгілмелі опа, стик-қарындаш) түрінде болады. Крем тәріздес құралдар стробингте жиі қолданылады, себебі «ылғал» әсерін жасайды. Алайда, егер сіздің теріңіз майлы болса, онда теріңізге құрғақ құралдар тамаша үйлеседі.  

Жағу техникасы:

Құралды беттің дөңес жерлеріне жағыңыз: маңдайды «көтеріңкі» ету үшін мұрын-ерін қатпары және көз айналасына, мұрын қырына, жақтың үстіңгі бөлігіне және қастың арасына. Құралдың шағын мөлшерін үстіңгі қабақ ортасына жағыңыз, мұндай әдіс көзқарасты ашық, әрі көңілді етеді. Құралды саусақ ұштарымен, қылтаяқшамен немесе спонжбен мұқият жаймалаңыз.


ШЕЙДИНГ

Шейдинг (ағылшын тілінен shade - көлеңке) – жарықпен ойнауға құрылған техника, мұнда беттің белгілі учаскелерін күңгірттендіреді немесе ағартады. Шейдинг лифтинг әсерін жасай отырып, визуалды түрде бетті «тартады», сондай-ақ беттің көлемін кішірейтеді.  

Құралды таңдау:

Беттің белгілі учаскелерін күңгірттендіру үшін бетіңіздің түсінен 1-2 тон қоңырқай құралды таңдаңыз, ал ағарту үшін сәйкесінше, бір-екі тон ақшылын таңдаңыз. Шейдинг үшін сәтен немесе күңгірт финиш жасайтын құралдарды таңдаңыз.

Жағу техникасы:

Шейдингке көбінесе опа немесе күңгірттендіруші түс беретін негізді пайдаланады. Бетті визуалды түрде кішірейту үшін жақтың шығыңқы сүйектеріне қоңырқай түсті пайдаланыңыз.  Егер бетті сопақ етіп көрсеткіңіз келсе, құлақтың сырғалық астына қоңырқай түсті жағыңыз. Мұрын желбезектерін көлеңкелеп, мұрынды жіңішкірек етуге болады. Кең маңдайды көзге кішірейтіп көрсеткіңіз келсе, қоңыр реңкті кірпіктің өсу сызығын бойлай жағыңыз. Жаймалау үшін мүмкіндігінше табиғи қылшықтардан жасалған макияжға арналған қылтаяқшаны пайдаланыңыз. Кремтәріздес құралдарды синтетикалық негізде жасалған қылтаяқшалармен жаққан дұрыс.  


БЕЙКИНГ

Бейкинг (ағылшын тілінен baking – «қыздыру») – профессионал гримшілер және визажистер арасында ерекше тараған танымал техника. Бейкингті көбінесе фотосессия, түсірілім процесінде пайдаланады. Бұл техника бетке мінсіз тон жасауға мүмкіндік береді.   

Құралды таңдау:

Бейкинг нәтижесінде беттің терісі біртегіс және күңгірттелген болып көрінуі тиіс, сондықтан бұл техникада сұйық құралдарды мүлдем пайдаланбайды. Бет терісін дайындау үшін макияж астына жеңіл түс беруші негізді пайдаланыңыз. Консилер, түс беруші негіз немесе үгілмелі опа бейкинг жасау үшін негізгі көмекшілер болып табылады. 

Жағу техникасы:

Түс беруші негізді бүкіл бетке жағыңыз, содан кейін көз астындағы теріге, маңдай ортасына, бет сүйектеріне, иекке, мұрын қырына қалың етіп консилер жағыңыз, оны жаймалаңыз, сіңіріңіз. Қылтаяқшаның көмегімен консилер жағылған жерлерді, содан кейін бүкіл бетіңізді опалаңыз. Бет сүйектерін, мұрын қырын, иекті және маңдай ортасын хайлайтердің көмегімен жеңіл айқындаңыз. Нәтижесі – беттің түсі мінсіз тегіс болады!