Терінің кез келген типіне арналған тазалаушы гель Botanical Effects®
Botanical Effects® жүйесі құрамындағы қарапайым қосындылардың көмегімен теріңізді балғын, әрі сау етеді. Құрамында драгон-жеміс экстракты және мыңжылдық өсімдік ретінде танымал алоэ экстракты секілді құнды және пайдалы экстрактар молынан бар. Әрбір өнім – антиоксиданттардың нағыз қоймасы. Осы құралдар жүйесі, пайдалану соншалықты оңай болғандықтан, сіздің әдеттегі өмір ырғағыңызды баяулатпайды және кез келген күн тәртібіне қолайлы болады.
Өзіңіздің жеке теріге күтім жасау жоспарыңызды жасап, Botanical Effects® құралдарын араластырыңыз және үйлестіріңіз!
Негізгі қосындылары
Драгон-жеміс
Botanical Effects® желісінің әрбір өнімінің құрамына кіреді, құрамында еркін радикалдармен күресетін антиоксиданттар мол.
Сіз білесіз бе? Драгон-жеміс құрамында майлы қышқылдар мен В тобының бірқатар витаминдері, соның ішінде «анти-стресс» деп аталатын В1 витамині (тиамин), В2 (рибофлавин) және В3 (ниацин) бар. Драгон-жеміс темір, кальций және фосфор секілді минералдарға бай.
Алоэ
Алоэ жер бетіндегі ең қоректендіргіш өсімдіктердің бірі, оның құрамына 75-тен аса қоректендіргіш зат пен элемент, оған қоса 20 минерал және 12 витамин кіреді. Алоэ вера терінің ылғал теңдігін сақтау үшін пайдаланылады және құрамында тері күтіміне арналған аса танымал антиоксиданттардың бірі - Е витаминінің жоғары концентрациясы бар. Ол терінің клеткаларын жаңартуға және оның сау болып қалуына көмектеседі. Теріні жұмсартатын қабілеті үшін алоэны көбінесе «сиқыр өсімдік» деп атайды.