Back

Тері текстурасын жақсартуға арналған С витаминді еріп кететін жолақтар TimeWise®

әрқайсысы 0.030 г. /қаптамада 12 жолақ

5 900 ТГ

Бар-жоғы екі апта ішінде* тері түсі тегісірек көрінеді, жарқырай түседі, терідегі жіңішке сызықтар мен әжімдер едәуір азаяды.

ТЕЗ ҚОЛЖЕТКІЗЕТІН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
  • Бұл бьюти-индустриядағы жаңалық, сіздің теріңізді еріп кететін кішкентай жолақтар түрінде берілген таза С витаминімен қамтамасыз етеді.
  • Осы кішкентай жолақ алақаныңызда еріп, С витаминінің таза күйіне айналады.
  • Ол Mary Kay® сығындыларымен бірге үйлескенде,**оған супер-күш қосып, әсерін жақсартады.
  • Дерматологтардың тексеруінен өткен.
  • Тері тітіркендіргіштікке және аллергендікке қарсы клиникалық тестіден өткен.
«Мэри Кэй» компаниясында өнімді сатып алмас бұрын жағып көре аласыз. Ол үшін өзіңіздің beauty-сарапшыңыз – сұлулық жөніндегі Кеңесшіңізбен хабарласыңыз.

*Нәтижилер төрт апталық тәуелсіз 
клиникалық зерттеулерге негізделген,
онда 29 әйел тері текстурасын жақсартуға
арналған С витаминді TimeWise®
еріп кететін жолақтарды аптасына үш
рет бейтарап жағдайда пайдаланған.
 ** Бұл өнімді күннен қорғаушы 
құралдармен немесе акнеге қарсы
өнімдермен араластыруға болмайды.

2018 жылдың 16 қаңтарынан бастап сатылады.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

36 800 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Тері текстурасын жақсартуға арналған С витаминді еріп кететін жолақтар TimeWise®

Алғаш рет бьюти-индустрияда Тері текстурасын жақсартуға арналған С витаминді еріп кететін жолақтар TimeWise® Vitamin C Activating Squares™ - бұл Mary Kay-дің тері күтімі саласында ұсынған революциялық инновация еріп кететін кішкентай жолақ теріге таза С витаминді қуат береді. Олар сондай кіп-кішкентай, тіпті саусақтың ұшына сыйып кетеді; ал күштілігі сондай сіздің сығындыңызға супер-күштің қуатын береді.

Бар-жоғы екі апта ішінде тері түсі тегісірек көрінеді, жарқырай түседі, терідегі жіңішке сызықтар мен әжімдер едәуір азаяды. Бір жолақты алақаныңызға салып белсендіріңіз, сонда ол С витаминінің таза күйіне айналады.

Сығындыңызға суперкүш сыйлаңыз.

Осы технологияның нағыз дарындылығы мынада, әрбір пакеттің ішінде С витаминінің жаңа күшін сыйлайтын бір жолақ бар. Жолақ санаулы секунд ішінде белсенеді.
  • Кешке бетіңізді тазалаушы құралдың көмегімен тазартыңыз.
  • Пакетті ішіндегі мөлдір жолақ көрінгенше, ашыңыз.
  • Жолақты алақаныңызға салып, екі-үш тамшы су тамызыңыз, оны ерігенше араластырыңыз.
  • Mary Kay®* сығындыңыздың әдетте пайдаланатын көлемін ерітіндіге қосып, еріген жолақты белсендіру үшін араластырыңыз.
  • Бетіңізге жағып, толық кеуіп кеткеннен кейін күнделікті теріге жасайтын күтіміңізді жалғастырыңыз.
  • Аптасына үш рет бір жолақтан пайдалану ұсынылады.
* Бұл өнімді күннен қорғаушы құралдармен және акнеге қарсы өнімдермен араластыруға болмайды.

Менің теріме С витамині не үшін қажет?

  • Витаминдердің адам ағзасына маңызы зор, теріңізге де көптеген қартаю белгілерімен күресуге көмектесетін С витамині  қажет. Адам ағзасы С витаминін өздігінен шығара алмайды немесе оны ұзақ уақыт сақтай алмайды, сондықтан оны үнемі толықтырып отыру қажет. Бұл витаминнің теріні жарқыраған, біркелкі етіп көрсетіп қана қоймай, жіңішке сызықтар мен әжімдердің пайда болуын азайтуға көмектесетін табиғи коллаген мен эластинді қолдауда маңызды роль атқаратындығымен әйгілі.
  • Сонымен қатар С витамині қоршаған ортадағы еркін радикалдардың  залалды әсерінен қорғауға көмектесетін антиоксидант болып табылады.

Сіздер оны бірінші болып көресіз.

Әрқашанда балғын. С витамині таза күйінде уақыт өте келе әлсірейді де, ауамен, жарықпен немесе сумен араласқаннан кейін күшін жоғалтады.  Бұл проблеманың шешімі С витаминінің күшін  үнемі қолдайтын инновациялық технологияның көмегімен табылған.

Жолақ алақаныңызда ерігенде, ол сіздің сығындыңыздың жас ұлғаюына қарсы әсерін күшейтетін таза күйіндегі С витаминінің эликсиріне айналады. Бірінші пайдаланғанда балғын. Әрдайым балғын.  Бірінші рет және тек Mary Kay-де.