Back

Ылғалдандырушы, жаңартушы гель маска TimeWise®

85 г

4 300 ТГ

Себетке қосу

Зерделеу үшін көбірек

Жеткізу Төлем

10 жағымды минут — 10 жаңартушы артықшылықтар!* Теріге сергек және жас көріну үшін өте қажетті ылғалды сақтап қалыңыз

  • Күйзеліс белгілері жоғалады
  • Тері ішінен тегістелгендей болады
  • Жіңішке сызықтар мен әжімдердің пайда болуы азаяды
  • Сезімтал тері үшін залалсыз

*Тұтынушыларға тәуелсіз зерттеу жүргізу барысында, әйелдер терілерінің шаршаңқы көрінуі азайғанымен, қорек алатындығымен, тыныштанғандығымен, сонымен бірге масканың басқа да айқын нәтижелермен бірге тері саңылауларын азайтуға да көмектесетінімен келісті

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

25 300 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Ылғалдандырушы, жаңартушы гель маска TimeWise®

Бір аптада 10 000-нан аса минут бар, ендеше неге өзімізге TimeWise® Ылғалдандырушы, жаңартушы маска-гельмен бірге 10 минут рахат сыйламасқа. Бұл - шаршаңқы, солғын, күйзеліске ұшыраған теріге жаңа өмір беретін көпфункционалды данышпан. TimeWise® Ылғалдандырушы, жаңартушы маска-гель теріні бір сәтте ылғалдандырады және ылғалды тері ішіне «қамап» қояды. Терінің шаршаңқылығы басылады, тазарады, тыныштанады, қорек алады, шымырлана, тегістеле және жұмсара түседі. Бұл құрал жіңішке сызықтардың, әжімдердің және тері саңылауларының азаюына да көмектеседі. Онда өсімдік экстрактарын, түймедақты, қызғылт ағашты және лавандинді қоса алғанда, сергек хош иіс бар. Масканың құрамында майлы және хош иісті қосындылар жоқ, комедогенсіз (тері саңылауларын бітемейді) және дерматологтардың тексеруінен өткен. Жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін TimeWise® «Сиқырлы жиынтықтың» құралдарымен бірге пайдалану ұсынылады.

Жағу туралы кеңестер

  • Масканың жұқа, тегіс қабатын тазартылған бет терісіне жағып (көз және ауыз айналасына тигізбей), 10 минутқа қалдырыңыз. Маска кеуіп кетпейді
  • Сумен шайыңыз немесе жылы сумен ылғалдандырылған салфеткамен сүртіңіз. Терінің рахаттануын ұзарта түсу үшін масканы ұйықтар алдында жағып, түні бойы қалдыруға болады
  • Аптасына 2-3 рет пайдалану керек

Негізгі қосындылары

Бұл тиімділігі жоғары гельдік масканың құрамында терінің рахаты үшін бірлесе жұмыс істейтін бірнеше негізгі қосынды бар

  • Е витамині — антиоксидант. Еркін радикалдармен күресуші ретінде танымал. Бұл қосынды теріні қоршаған ортаның ықпалымен пайда болған еркін радикалдардың әсерінен қорғауға көмектесу үшін енгізілген. Бұл кеңінен танымал антиоксидант өзінің теріні қалпына келтіруші және тыныштандырушы қасиеттерімен де танымал
  • Акаи жидектерінің экстракты — антиоксидант. Еркін радикалдармен күресуші ретінде танымал. Бұл қосынды теріні қоршаған ортаның ықпалымен пайда болған еркін радикалдардың әсерінен қорғауға көмектесу үшін енгізілген. Сондай-ақ терінің сырт келбетін жақсартатын кондиционер болып табылады
  • В3 витамині (ниацинамид) тері кедергісін нығайтушы қабілетін танымал
  • Глицерин — ылғал тепе-теңдігі деңгейін сақтауға көмектесетін жұмсартушы зат. Теріні жұмсартады
  • Талшын жемістерінің экстракты теріні нығайтуға және тыныштандыруға көмектеседі. Ол тері кедергісін нығайтуға көмектеседі деп есептеледі
  • Сквален — теріні жұмсарту және тегістеу арқылы тері бетіндегі лубрикант ретінде қызмет етеді
  • Өсімдік экстрактарының кешені құралға жағымды хош иіс береді, ол көтеріңкі көңіл күй сыйлайды

Құрал қалай жұмыс істейді?

TimeWise® Ылғалдандырушы, жаңартушы маска-гель — теріні қоректендіретін, оған күтім жасайтын, нығайтатын және тегістейтін суперылғалдандырушы жас ұлғаюына қарсы құрал. Бұл тамаша байытылған гельдік маска біртегіс болып жағылады, теріні ылғалмен қанықтырады және оның созылмалығын арттырады. Тері тыныққан тері болып көрінеді, тері саңылауларының көзге көрінуі азаяды, ал түймедақ қосылған өсімдік экстрактарының хош иісі көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.