Back
Шектеулі коллекция*

Лимиттелген коллекция† Маскалардың мини-жиынтығы Mary Kay®

ӘР КОНТЕЙНЕР 7 граммнан

9 600 ТГ

Бұл өнім жоқ

Бұл коллекция сіздің кез келген көңіл күйіңізге шаттық сыйлау үшін әзірленген. Жиынтық қайталанбас даралыққа иеленген айрықша төрт маска кіреді. Осы саяхаттауға, үйдегі SPA-процедураларға немесе құрбылармен маскингке тамаша келетін мини-маскалармен өзіңізді немесе басқа біреуді еркелетіңіз.
  • Мінсіз ару (Miss Pore-fect): Балшықтың сіңіріп алатын қасиетінің арқасында тері саңылауларын тазалайды және оған тамаша күңгірттік береді.
  • Сергек ару (Energy Queen):Күніңізді осы сергітуші батпақ маскадан бастаңыз, құрамында жапон көк шайының экстракты кіреді.
  • Уайымсыз ару: осы крем маска құрамындағы алоэ вера және В5 провитаминінің (пантенол) қасиеттерінің арқасында теріні тыныштандырады және күтім жасайды.
  • Нұрлы ару: бір жерге шығар алдында осы ылғалдандырушы гель масканың көмегімен теріңізге жарқыл қосыңыз, құрамында гиалурон қышқылы, глицерин және Е витамині бар.
†саны шектеулі

Лимиттелген коллекция

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Артықшылықтары
Лимиттелген коллекция† Масқалардың мини-жиынтығы Mary Kay®
Осы сыйлық жиынтыққа жеке қапталған төрт маска кіреді, оларды бір-бірден немесе мультимаскингтің концепциясына сәйкес барлығын бірге пайдалана аласыз. Маскалардың мини-жиынтығын косметиканы ұнататындарға, терісін күтетін фанаттарға және өздерін еркелеткісін келетіндердің барлығына сыйлаңыз.  

†саны шектеулі
Жағу жөніндегі кеңестер
Бір масканы бүкіл бетке жағыңыз немесе әр масканы теріңіздің түрлі қажеттілігіне қарай бетіңізге пайдаланыңыз. Бетіңізде 10 минутқа қалдырыңыз, содан соң жылы сумен шайып тастаңыз.

†Саны шектеулі
Негізгі артықшылықтары
Осы коллекциядағы әрбір маска теріге пайдалы қасиеттердің жеке комбинациясына ие.

Мінсіз ару (Miss Pore-fect)
Құрамында жасыл балшық, розмарин эфир майы және ментол бар.
Терідегі кірге қош айтыңыз да, тегіс күңгірт теріні қарсы алаңыз! Балшықтың сіңіріп алатын қасиетінің арқасында бұл маска теріңіздің әдемі, әрі күңгірт болғанын сездіртеді және көрсетеді.

Сергек ару (Energy Queen)
Құрамында жапон көк шайының экстракты, итмұрын майы және тәтті бадам майы бар.
Көк шайдың құрамындағы кофеин энергиясының арқасында теріні оятатын балшық масканы жағып, мазмұнды күніңізді керемет бастаңыз. Сіз энергияның арта түскенін және жоспарлаған нәрсеңіздің барлығын орындауға дайын екеніңізді сезесіз.  

Уайымсыз ару (Lady Serenity)
Құрамында алоэ вера экстракты және B5 провитамині (пантенол) бар.
Салқындатушы және тыныштандырғыш крем маскамен өзіңізге шынайы корольдық молшылық пен уайымсыздық сыйлаңыз. Креслоға жайғасыңыз да, барлық уайымды ұмытыңыз.     

Нұрлы ару (Dewy Gal)
Құрамында гиалурон қышқылы, глицерин және Е витамині бар.
Кешкіге дайынсыз ба? Теріңізге ылғалдандырушы гель масканың көмегімен ылғал жарқыл сыйлаңыз. Енді сіз кез келген оқиғаға дайынсыз: кешкі астан би алаңына дейін.