Back
Жаңа өнім!

Түнгі крем TimeWise® Age Minimize 3D®

Құрғақ/қалыпты теріге
50 мл

8 900 ТГ

Түнгі крем TimeWise® Age Minimize 3D®

8 900 ТГ

Себетке қосу
Түнде жаққанда антиоксиданттардың жұмысын ынталандырады, ұйқы кезінде еселеп әсер етеді, тері ресурстарын қалпына келтіретін қабілетке ие. Кремді пайдаланғаннан кейін тері сау, тыныққан және жылтыр көрінеді.

Қосымша артықшылықтары

· Теріні шымырлана түседі
· Теріні 12 сағат бойы ылғалдандырады
· Мимикалық әжімдердің пайда болуын азайтуға көмектеседі
· Теріге жұмсақ түр береді
· Теріні ағартады және оның түсін тегістейді
· 24 сағат бойы ылғалдандыру үшін TimeWise® Age Minimize 3D® Күндізгі креммен бірге пайдаланыңыз.

Құрғақ/қалыпты теріге тыныштандырғыш формуласын немесе аралас/майлы теріге тез сіңіп кететін формуласын таңдаңыз.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы
  • Негізгі қосындылары
Тиімді крем ылғал деңгейін қалпына келтіреді, теріге энерия береді, оның табиғи жарқылын қалпына келтіреді, жіңішке сызықтар мен әжімдердің пайда болуын азайтуға көмектеседі. Оны тыныштандырғыш формуласы теріні 12 сағат бойы ылғалдандырады. Таңертең айнадан көретін кескініңізге және терінің жағымды жаңаруына қуанатын боласыз.
  • Дерматологтардың тексеруінен өтті
  • Терінің тітіркенуіне және аллергиялық әсеріне қарсы клиникалық тексеруден өтті
  • Комедогенсіз
  • Сезімтал теріге пайдалануға болады
  • Хош иісті қосындылары жоқ
  • Майлы қосындылары жоқ
Негізгі қосындылары
Жапон өрігінің экстракты

Жапон өрігінің экстракты еркін радикалдардан қорғайтын мықты антиоксидант болып табылады. Түнгі уақыт – терінің күні бойы әлсіреген ресурстарын қалпына келтіретін мүмкіндік, себебі тері қоршаған ортаның стресстік факторларының ықпалына бейім болады. Осыған байланысты түнгі уақытта қосымша антиоксиданттық қолдау жаңа күнге жақсырақ дайындалуға көмектеседі. Жапон өрігінің экстракты жіңішке сызықтар мен әжімдердің пайда болуын азайтуға көмектесіп, терінің табиғи коллагенін* сақтайды.

Age Minimize 3D™ кешені
Эксклюзивті, патент күтуші Age Minimize 3D™ кешені «Сиқырлы жиынтық» TimeWise 3D жүйесінің әрбір құралының құрамында бар. Кешен құрамына инкапсуляцияланған ресвератрол, қосарлы әсер ететін B3 витамині және жас ұлғаю белгілеріне қарсы әрекет ететін пептид кіреді.

Инкапсуляцияланған ресвератрол

Ресвератрол – кемел теріге күтім жасаудағы нағыз сенсация. Оның көптеген артықшылықтары бар:

1. Теріні еркін радикалдардың әсерінен қорғайтын үш есе антиоксиданттық артықшылықпен қамтамасыз етеді. Ол мына қабілеттерді көрсетті:

•       Еркін радикалдардың теріге теріс ықпал етуіне қарсы тұрады.*
•       Табиғи антиоксиданттық қорғанысты күшейтеді
•       Табиғи антиоксиданттармен үйлесімде әрекет етіп*, тері кедергісіне көмектеседі.

2. Тері түсін тегістеуге көмектеседі.*

3. Теріні табиғи коллагенін сақтап, жіңішке сызықтар мен әжімдердің пайда болуын азайтады.

•       Ресвератрол қызыл жүзімде және қызыл шарапта бар, ол қоршаған ортаның стрессті факторларының әсерінен қорғайды.
•       Кешенінің құрамында жапондық рейнутрия - табиғаттағы ең жоғары концентрациясының дереккөзінен алынған ресвератролдың тазаланған формасы бар.
•       Ресвератрол инкапсуляцияланған, яғни, липидтер қабатының және судың арасына бекітілген. Теріге жаққанда әрбір қабаты баяу ериді де,  жоғары белсенді қосындыны босатады.

B3 витамині

•       В3 витамині – В тобының суда еритін витамині, құрамында ниацин бар және өзінің тамаша ағартушы қабілетімен танымал.
•       Ол теріде ала-құлалықтың пайда болуына мақсатты түрде әсер етеді. 
•       Сондай-ақ B3 витамині теріге еркін радикалдардан қосымша қорғанысты қамтамасыз етіп, антиоксидант ретінде қызмет етеді.
Жас ұлғаюына қарсы пептид
•       Пептид терінің жас түрін сақтауға көмектесетін өзара байланысқан төрт аминоқышқылдан тұрады.*
•       Сондай-ақ ол терінің табиғи коллагені мен эластинін* сақтайды, сөйтіп теріге жас, әрі шымыр түр береді

* Негізгі қосындыларын in-vitro (пробиркада) зерттеуге негізделген