Back

Clear Proof® Проблемалы теріге арналған майсыздандырылған ылғалдандырушы құрал

88 мл

5 200 ТГ

Себетке қосу

Зерделеу үшін көбірек

Жеткізу Төлем
Теріні тыныштандырады, ылғалдың орнын толтырады.
  • Жоғалған ылғал орнын толтырады, теңгерімді ылғалдықпен қамтамасыз етеді.
  • Жеңіл текстуралы және тез сіңіп кетеді.
  • Безеулі бөртпелерді шығармайды.
  • Құрал тері тітіркенгіштерге және аллергиялық реакцияларға қарсы клиникалық сынақтан өтті.
  • Сезімтал және проблемалы тері үшін залалсыз.
Проблемалы теріге күтім жасауға арналған тиімді құралдар іздеп жүрсіз бе? «Мэри Кэй» компаниясында өнімді сатып алмас бұрын жағып көре аласыз. Сұлулық жөніндегі Кеңесшіңізбен хабарласыңыз да, тері күтімі, макияж және хош иістер туралы тегін кеңестер алыңыз.

2017 жылдың 16 сәуірінен бастап сатылады.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

21 300 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс

Проблемалы теріге арналған майсыздандырылған ылғалдандырушы құрал Clear Proof®

Clear Proof® Проблемалы теріге арналған жүйеге кешенді күтімнің соңғы сатысы ретінде берілген Проблемалы теріге арналған майсыздандырылған ылғалдандырушы құрал кіреді. Тіпті майлы тері де қажетті ылғалдықтан айырылуы мүмкін, бұл тері майының көптеп шығуына әкеледі. Құралдың жеңіл текстуралы, тез сіңіп кететін формуласы теріні тыныштандырады, жоғалған ылғалдың орнын толтырады және теңгерімді ылғалдықпен қамтамасыз етеді. Тері сау, күтім жасалған және тегіс көрінеді.

Жағу жөнінде кеңестер

1-қадам: Проблемалы теріні тазалауға арналған құрал Clear Proof®
Жуынуға арналған тез көпіретін құрал тері майының артығын кетіреді. Оның құрамындағы 2% салицил қышқылы тері саңылауларына терең еніп, өлі клеткаларды кетіреді, сондай-ақ оны безеулерден құтқарады. Өсімдік экстрактарымен байытылған формуласы бетте балғындық сезімін қалдырады және теріні келесі кезеңге даярлайды.

2-қадам: Бетті тереңдете тазалауға арналған көмір негізіндегі маска Clear Proof®
Аптасына екі немесе үш рет бар-жоғы 20 минут ішінде теріңіз таза, әрі сау көрінеді. Масканы көз айналасындағы теріден, немесе Т-аймақтан басқа бүкіл бетіңізге жағыңыз, 15-20 минутқа қалдырыңыз, содан кейін жылы сумен шайып тастаңыз. Маска құрамына кіретін ағаш көмір мен минерал балшық тері саңылауларын бітейтін кірді және артық майды сіңіріп алады, теріге қосымша күтімді қамтамасыз етеді. Нәтижесі айқын – беттің түсі балғын, әрі сау көрінеді және тері саңылаулары тарылады.

3-қадам: Проблемалы теріге арналған сығынды Clear Proof®
Жібек текстуралы жеңіл сығынды құрамында тыныштандыратын өсімдік қосындылары бар. 2% салицил қышқылы акнені кетіруге ықпал етеді, оларды кептіреді және жаңаларының пайда болуына кедергі жасайды. Сапалы формуласының арқасында құрал жеңіл жағылады және тез сіңіп кетеді. Өнімді Clear Proof® жүйесінің басқа құралдарымен пайдалану тері саңылауларын тарылтуға және майлы жылтырды бақылауға бағытталған жалпы әсерін күшейтеді.

4-қадам: Нүктелі түрде әсер ететін проблемалы теріге арналған крем Clear Proof®
Табиғи экстрактармен байытылған формула құрамында акнемен күресуге және одан құтылуға бағытталған 2% салицил қышқылы бар. Осы аса тиімді крем тез сіңіп кетеді және май қалдықтарын қалдырмайды.

5-қадам: Проблемалы теріге арналған майсыздандырылған ылғалдандырушы құрал Clear Proof®
Проблемалы теріге арналған майсыздандырылған ылғалдандырушы құралды пайдалану кешенді тазалаудың соңғы сатысы болып табылады, себебі майлы тері қажетті ылғалдық мөлшерінен айырылуы мүмкін, сондықтан тері майының шығуына әкеледі. Оның жеңіл текстурасы және тез сіңіп кететін формуласы теріні тыныштандырады, жоғалған ылғалды қалпына келтіреді де, теңгерімді ылғалдықпен қамтамасыз етеді. Тері сау, күтім жасалған және тегіс көрінеді.

Тұтынушылардың тәуелсіз зерттеу шеңберінде* Clear Proof® Проблемалы теріге арналған майсыздандырылған ылғалдандырушы құралды пайдаланған ерлер мен әйелдердің көпшілігі құралдың оң әсерін растады, тері де майлы жылтыр қалдырмайды және тері саңылауларын бітемейді.

*Нәтижелер зерттеуге қатысуға келіскен тұтынушылардың пайызын көрсетеді, оның барысында 189 қатысушы өнімді күнделікті пайдаланған.