Back

Бетті тереңдете тазалауға арналған көмір негізіндегі маска Clear Proof®

114 г

6 400 ТГ

Себетке қосу

Зерделеу үшін көбірек

Жеткізу Төлем
Үш есе әсер ететін ағаш көмір негізіндегі маска тері саңылауларын терең тазалайды, беттегі майлы жылтырды азайтады.
  • Құралдың құрамындағы белсендірілген көмір кірлерге арналған магнит секілді тері саңылауларын мұқият тазалайды.
  • Клиникалық дәлелденген: құралдың формуласы артық майды сол сәтте сіңіріп алады және майлы жылтырды азайтады.
  • Масканы пайдаланған ерлер мен әйелдердің 79%-ы терінің балғын көрінетіндігін растаған*.
  • Гүлшетен және ащы жалбыз экстрактары жеңіл балғындық хош иісін сыйлайды және тыныштандырғыш әсерге ие.
  • * Нәтижелер зерттеуге қатысуға келіскен тұтынушылардың пайызын көрсетеді, оның барысында проблемалы терісі бар 189 қатысушы өнімді аптасына екі-үш рет пайдаланған.
Проблемалы теріге арналған құралды іздеп жүрсіз бе? «Мэри Кэй» компаниясында өнімді сатып алмас бұрын, жағып көре аласыз. Сұлулық жөніндегі Кеңесшіңізбен хабарласып, тері күтімі, макияж және хош иістер туралы тегін кеңестер алыңыз.

2017 жылдың 16 сәуірінен бастап сатылады.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

20 100 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Бетті тереңдете тазалауға арналған көмір негізіндегі маска Clear Proof®

Үш есе әсер ететін маска теріні тереңдете тазалайды, майлы жылтырды тез кетіреді. Құралдың құрамына өсімдік экстрактарының әсерлі кешені кіреді, теріні сау, әрі жарқыл етеді. Масканың құрамына тері саңылауларында тереңдеп кеткен кірлерді сіңіріп алатын аса тиімді қосынды, белсендірілген ағаш көмір кіреді. Құрал тері саңылауларындағы кірлерді және басқа да бөлшектерді сіңіріп алады. Ақ фарфор мен бентонит минерал балшық секілді қосындылар масканың сіңіріп алатын қасиеттерін арттырады.

Тері майының артығын сіңіріп алатын және майлылықты болдырмайтын, теріні жұмсартатын маскаға таңданасыз. Үш есе әсер ететін маска қара нүктелерді және пигментті дақтарды кетіруге ықпал етеді. Құрал құрамында беттегі пигментті дақтармен күресуге бағытталған ырғай мен үрме бұршақ экстрактары бар.

Жағу жөнінде кеңестер

Әдеттен тыс естіледі, дегенмен кірдің орташа бөлігі бет терісін тереңірек тазалауға ықпал етеді. Бұл ағаш көмірдің сиқыры:
  • Масканы таза бетке біртегіс қабатпен жағыңыз.
  • Бетіңізге жаққан маска біртіндеп кеуіп, барлық тері кірлерін сіңіріп, өнімнен қанық крем текстуралы күңгірт жабынға айналғанша, оның пайдалы қасиеттері теріге қалай әсер ететінін сезініңіз.
  • Масканы 20 минутқа қалдырыңыз, содан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Құралды аптасына екі-үш рет пайдаланыңыз.
  • Өнімді көз айналасындағы теріден, Т-аймақтан басқа бүкіл бетіңізге, теріңіздің қатты майланып кететін жерлеріне жағыңыз.

Негізгі қосындылар

  • Белсендірілген ағаш көмір: Ағаш көмір қыздырудың арнайы процесінен өткеннен кейін, белсене түседі және ұсақ тетікті құрылымға айналады. Белсендірілген ағаш көмір кірлерді екі есе дейін сіңіріп алатыны белгілі. Белсендірілген көмірдің мықты қасиеттерінің арқасында тері саңылауларын жеңіл тазалауға болады.
  • Ақ фарфор және бентонит балшық: Зерттеулер проблемалы терісі бар адамдарда тері майы көп бөлінетіндігін көрсетеді. Сондай-ақ тері маусымдық өзгерістерге қатысты майды артығымен бөледі. Құрамында ақ фарфор және бентонит балшық секілді мықты абсорбенттері бар маска артық майды тез сіңіріп алады және тері саңылауларын тарылта отырып, майлы майлы жылтырды азайтады.
  • Ырғай және ұсақ бұршақ экстрактары: Clear Proof® Бет терісін тереңдете тазалауға арналған көмір негізіндегі маска құрамында беттегі пигментті дақтармен күресуге бағытталған ырғай және ұсақ бұршақ экстрактары бар. Олар ортақ әрекет жасап, терінің сыртқы түсін жақсартуға ықпал ететін мықты қосындылар болып табылады және бір мезетте тыныштандыратын әсер жасайды.

Құрал қалай жұмыс істейді?

  • Тері қабыршақтандырудың табиғи процесінен өтеді. Кейде бұл процесс тиімді жұмыс істемейді, тері майлары, бактериялар мен түрлі кірлер тері саңылауларында қалып қояды. Бетті тереңдете тазалауға арналған көмір негізіндегі маска Clear Proof® теріде проблеманың пайда болуына әкелетін кірлерді кетіруге көмектеседі және беттің сау түсін қолдауға оңай шешім ұсынады.
  • Маска құрамында тері саңылауларын бітеп қалатын кірлер мен тері майының артығын сіңіріп алатын, күнделікті күтімнен басқа қосымша күтіммен қамтамасыз ететін ағаш көмір және минерал балшық бар. Нәтижесі белгілі – бет терісі балғын, әрі сау көрінеді, тері саңылауларын тарылтады.