Back
Шектеулі коллекция*

Күннен қорғаушы SPF 50 факторлы крем жоғары деңгейлі қорғаныс

118 мл

9 200 ТГ

Бұл өнім жоқ

UVA/UVB сәулелерден қорғаныстың аса жоғары деңгейімен қамтамасыз етеді, сезімтал теріге де жарамды.
Өнімнің ерекшелігі:

  • қорғаныстың 50 деңгейімен UVA/UVB сәулелерінің залалды әсерінен қорғайды
  • сезімтал тері үшін залалсыз
  • құрамындағы асаи жемістерінің экстракты – антиоксидант, тері клеткаларының қартаю процесін баяулатады, қалпына келтіруге жағдай жасайды, сондай-ақ құрғақ, сезімтал, тітіркенгіш және зақымданған теріге күтім жасауда пайдалы

Лимиттелген коллекция

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

SPF 50 факторлы күннен қорғаушы крем

SPF 50 факторлы күннен қорғаушы крем – мерзімінен бұрын қартаюға қарсы күрестегі міндетті түрде қажет болатын құрал. 

Факт
 
Адамдар күн сәулесінің 2-де 3 бөлігін өмірлерінде байқаусыз алады (күні бойына күннің астында бір сағаттан кем жүрсе, мысалы, автомобиль жүргізген кезде, жаяу жүргенде, офиске келерде немесе қайтарда, машинаға дейінгі жерде және т.б. уақытта)
 
Тері рагы осындай аурулардың ішінде бірінші орында болады, алайда бағыңызға қарай, оны болдырмайтын кең спектрлі мүмкіндіктер бар. Ғылыми зерттемелер күннен қорғаушы құралдардарды күнделікті қолданса, тері рагының кейбір формаларының дамуын кеміте алатынын анықтады.

Жағу жөнінде кеңестер

Құралды көшеге шығардан 15 минут бұрын жағыңыз. Содан соң құралды қайтара жағу керек (үш сағатта бір рет), әсіресе шомылғаннан, белсенді дене қимылынан немесе шектен тыс терлегеннен кейін.

Сақтану шаралары: тек сыртқа пайдалануға арналған. Тері тітіркенген немесе бөрткен жағдайда пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Алты айдан кіші сәбилерге пайдалану үшін дәрігермен кеңесу қажет. Көзге тигізбеңіз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Негізгі қосындылар

  • А витаминінің пальмитаты терінің сыртқы көрінісін жақсартады.
  • С витаминінің пальмитаты және Е витаминінің пальмитаты теріні еркін радикалдардыің әсерінен қорғауға көмектеседі.
  • Шай бұтасы жапырақтарының экстракты теріні еркін радикалдардан қорғауға көмектеседі, сонымен қатар тыныштандырғыш және жұмсартқыш қасиеттерімен әйгілі.
  • Гомосалат (10% W/W), Октиноксат (7.5% W/W), Октисалат (5% W/W), Оксибензон (4% W/W) және Авобензон (2% W/W) күннен қорғаушы кремнің белсенді қосындылары болып келеді.

Құрал қалай жұмыс істейді?

Ультракүлгін сәулелердің бірнеше түрі болады. UVA және UVB-сәулелері – бұл күн радиациясының екі түрлі типі.
 
UVA-сәулелері теріге терең өтіп, оның созылмалығын және шымырлығын төмендетеді, теріні мерзімінен бұрын қартайтады, әжімдер, пигментті дақтар және секпілдер тез пайда болады, әсіресе ақшыл шашты және мөлдір көзді адамдарда. Зақымданудың осы түрі еркін радикалдар реакциялары өнімдердің әсерінің нәтижесі. Сондай-ақ осыған ұқсас сәулелер теріде онкологиялық аурулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін.
UVB-сәулелердің энергиялары бойынша UVA-сәулелерден көп асып түседі. Олар күнге күйдіреді де, терінің онкологиялық ауруларға ұшырауына себеп болады.
 
UVA және UVB-сәулелері тіпті бұлтты күндері де теріге зиянды әсер береді!
 
Күннен қорғаушы құралдар UV-сәулелерін жойып жібереді, қарсы тұрады және ыдыратып жібереді. Бейорганикалық немесе «физикалық» күннен қорғаушы құралдар ультракүлгін сәулелер теріге сіңіп кетпес бұрын оларға қарсы тұрып, жойып жіберетін қабат қалыптастырады. Мұндай күннен қорғаушы құралдардың құрамында мырыш қышқылы және титан диоксиді болады. Органикалық немесе «химиялық» күннен қорғаушы құралдар UV-сәулелерін теріге залал келтірмес бұрын жойып жібереді. Олардың құрамында UVB, сонымен қатар UVA-сәулелерін қорғайтын авобензон және оксибензон болады.
 
Тиімді күннен қорғаушы құрал кең спектрлі әсерге ие: құрамында UVA және UVB-сәулелерінің қосындылары бар. Mary Kay® күннен қорғаушы құралдардың барлығы физикалық және химиялық формадағы кең спектрлі қорғаныспен қамтамасыз етеді.