Back

Күңгірт түс беруші негіз TimeWise®

29 мл

4 400 ТГ

Бұл өнім жоқ

Слоновая кость 0 (Күңгірттеуші)

Түс атауларын көру

Зерделеу үшін көбірек

Жеткізу Төлем

Құрамындағы Е витаминінің және патенттелген коллагенкүшейтуші пептидтердің арқасында тері бір сәтте шымыр, жас және сау көрінеді. Бұл жас ұлғаюына қарсы қасиеттері бар, аралас және майлы теріге арналған тамаша түс беруші негіз тері саңылауларын, жіңішке сызықтарды, әжімдерді және терінің басқа да кемшіліктерін жасырады, теріге жарқын түр береді және бір сәтте ағартады, текстурасын жақсартады

  • Күн ұзағына майлы жылтырды және тері майының бөлінуін қадағалайды, ауыр макияж әсерін және ттүрін бермейді
  • Теріге тұрақты күңгірт түс береді
  • Уақыт өте келе түсін жоғалтпайды
  • Палитра 8 түстен тұрады
  • Ылғалға және үйкелуге шыдамды

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді
  • Пайдалы қосындылары

Күңгірт түс беруші негіз TimeWise®

TimeWise® Күңгірт түс беруші негіз — ғылым мен сұлулықтың тамаша үйлесімі. Жас ұлғаюына қарсы негіз мүлтіксіз түр жасауға көмектесіп қана қоймай, теріге күтім жасаудың жалғасы да бола алады. Бұл жай ғана бүркемелеуден де артығырақ – бұл жас ұлғаюына қарсы артықшылықтары бар түс беруші негіз. Ол сіздің сұлулығыңыз уақытқа тәуелсіз болу үшін қызмет етеді. TimeWise® Күңгірт түс беруші негіз бірегей, себебі ол сіздің теріңіздің типіне арналып жасалған. Тамаша және мүлтіксіз нәтиже алу үшін Mary Kay® Макияж астына жағылатын тегістеуші негізбен бірге пайдаланыңыз.

  • Жеңіл формуласы тегіс болып жағылады.
  • Тітіркену мен аллергия пайда болуына қарсы клиникалық тексеруден өткен.
  • Сезімтал тері үшін залалсыз.
  • Дерматологтардың тексеруінен өткен. Комедогенсіз.
  • Құрамында майлы және хош иісті қосындылары жоқ.

Жағу туралы кеңестер

​Түс беруші негізге арналған қылтаяқшамен, спонжбен немесе саусақпен жағуға болады. Қылтаяқшаны пайдаланған кезде, түс беруші негізді қолдың сырт жағына жағып алыңыз да, оған қылтаяқшаны батырып, негізді бетке төмен қарай бағытталған қимылдармен біртегіс етіп жағыңыз.

Негізгі қосындылары

  • Жожоба балауызының күрделі эфирлері ылғалдандырушы қасиеттерді жақсартады
  • Глицерин — тері ылғалдылығын теңестіруге немесе жеткілікті көлемін сақтап тұруға көмектесетін гумектант
  • Диметикон — жібектей жұмсақтықпен қамтамасыз етеді, теріні қорғауға және сырт келбетін жақсартуға көмектеседі
  • Е витамині мерзімінен бұрын қартаю белгілерінің пайда болуына әкелетін, қоршаған ортаның әсерінен пайда болған зақымдануларды бейтараптандыруға көмектесетін антиоксидант ретінде әрекет етеді. Сондай-ақ ол өзінің қалпына келтіруші және тыныштандырушы қасиеттерімен де танымал
  • Пальмитоил олигопептид және пальмитоил тетрапептид-7 теріні қалпына келтіріп, оның жас түрін сақтап қалуға көмектесе отырып, бірлесе жұмыс істейтін коллагенкүшейтуші пептидтердің патенттелген кешені болып табылады

Құрал қалай жұмыс істейді?

​Арнайы микросфералар тері майын сіңіре және жылтырды қадағалай отырып, күні бойына жұмыс істейді. Құралдың құрамына майды сіңіріп алатын губка секілді әрекет етіп, теріге күңгірт түс беретін, ауыр макияж сезімінен арылтатын ультраұсақталған минералдар кіреді. Сонымен бірге оның құрамында Е витамині және теріні бір сәтте шымырландыратын, жас және сау түр беретін коллагенкүшейтуші пептидтердің патенттелген кешені бар.

Қажетті аспаптар

Mary Kay® Түс беруші негізге арналған қылтаяқша құралдың қажет көлемін дәл жағу үшін арнайы әзірленген – оның қылшықтары тарылады, сондықтан сіз бүркемелеу дәрежесін жеңіл таңдап ала аласыз. Соңғы нәтиже – мүлтіксіз әсер.

  • Қылтаяқша синтетикалық қылшықтардан жасалғандықтан, түс беруші негізді сіңіріп алмайтыны маңызды. Бұл дәл және мұқият жағуға мүмкіндік береді.
  • Ұстағанда жұмсақ түс беруші негізге арналған қылтаяқшаның қылшықтары сопақша жұмырланған формаға ие, ол бет жиектерімен, мұрын, ауыз, көз және шаш жиектеріндегі тар жерлерді қоса алғанда, оңай жылжуға мүмкіндік береді.
  • Сабының көлемі өте ыңғайлы, ол қимылды қадағалауға мүмкіндік береді.