Back
Жаңа өнім!

Күңгірт түс беруші негіз TimeWise® 3D

30 мл.

7 200 ТГ

Піл Сүйегі С 100 (Күңгірттеуші)

Түс атауларын көру
Құрамында Age Minimize 3D® кешені бар Түс беруші негіз TimeWise® 3D мінсіз жабын жасап қана қоймай, ол сұлулықты уақыттан тыс жасайды. Оның формуласы теріге мінсіз, жас түр беруге көмектеседі, ол теріде мүлдем сезілмейді және күні бойы табиғи көрінеді.
  • Түстер біздің IntelliMatch™ эксклюзивті технологиямызды пайдаланып, әзірленген.
  • Құрамында TimeWise 3D® «Сиқырлы жиынтық» құрамына кіретін Age Minimize 3D® кешені бар
  • Майлы жылтырды 12 сағат бойы қадағалайды
  • Формуласы ылғалға және тердің әсеріне тұрақты
  • Тұрақты, сондай-ақ жеңіл күңгірт финиш жасайды.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

28 800 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді
  • Артықшылықтары
  • [PDPClaimsAndBenefitsTab]
Күңгірт түс беруші негіз TimeWise® 3D
Біздің IntelliMatch™ эксклюзивті технологиямызды пайдаланып әзірленген күңгірт формуладан өзіңіздің мінсіз түсіңізді табыңыз. Содан кейін табиғи түстей көрінетін және күні бойы жайлы сезілетін 12 сағат бойы жеңіл түс беруші негізден ләззат алыңыз. Бұл түс беруші негіздің құрамында біздің Age Minimize 3D® кешеніміз бар, ол теріні еркін радикалдардан қорғайды, теріні ерте қартаюдан сақтайды және жіңішке сызықтар мен әжімдерді азайтып, оның жағдайын жақсартады. Тері майын сіңіріп алатын, біртегіс жаймаланатын және тығыздық деңгейін орташадан тығызға дейін өзіңіз реттеуге болатын жабын жасайтын формуласының арқасында мінсіз бет терісіне ие болыңыз.

Артықшылықтары:
  • Дерматологтардың сынағынан өткен
  • Тері тітіркенуіне және аллергияға қарсы клиникалық тестілеуден өткен.
  • Көз айналасындағы терісі сезімтал және түйіспелі линза киетіндер де пайдалануға болады
  • Құрамында хош иістендірілген және майлы қосындылар жоқ.
Жағу жөнінде кеңестер
Түстердің жаңа қарапайым атауларының арқасында сіз өзіңіздің мінсіз түсіңізді тез тауып аласыз.

Түстің әрбір атауына кіреді:
  • Терінің негізгі түсі (піл сүйегі, сарғылт қоңыр);
  • Түс (Х = суық, Т = жылы немесе Н = бейтарап); және
  • Тері түсіндегі реңктің тұңғиықтығы (кіші мәні ең ашық түске сәйкес келеді, ал саны ұлғайған сайын түсі қаралау болады).
  • Төмендегі кесте өзіңіздің түсіңізді анықтауға көмектеседі.

 

Түс

Осылай болуы мүмкін, егер …
Х = суық түс – қызғылт, қызыл немесе көгілдірлеу Т = жылы түс – сары, алтын немесе қызғылт сары Н = Бейтарап түс – қызғылт/алтын-сары немесе сарғыш үйлесімі
Білектегі күретамыр: Табиғи жарықта көгілдірлеу көрінеді Табиғи түрінде жасылырақ көрінеді Табиғи жарықта түсін анықтау қиындау
Зергерлік бұйымдар: Сізге күмістен/платинадан жасалған әшекейлер көбірек жарасады Сізге алтын әшекейлер көбірек жарасады Сізге күміс/алтын және платинадан жасалған әшекейлер бірдей жарасады
Күн: Тері күйіп кетеді немесе қызғылт болады   Тері қаралау түске айналады Тері қызғылт болады және/немесе қола реңкке ие болады

Осы кестені нұсқаулық ретінде пайдаланыңыздар; сіз мінсіз түс теріңізде «жоғалып кететініне» көз жеткізу үшін үш түсті беттің төменгі контуры тұсына жағып көріп, түс беруші негіз толық сіңіп кеткенше күте тұрыңыз.
Негізгі қосындылар
TimeWise® 3D Түс беруші негіздің формуласының құрамында тері майына губка секілді әсер ететін арнайы микросфералар бар.
TimeWise® 3D Күңгірт түс беруші негіздің құрамында TimeWise®3D «Сиқырлы жиынтықтың» әрбір құралына кірген Age Minimize 3D® эксклюзивті кешені бар. Кешенге инкапсуляцияланған ресвератрол, екі есе әсер ететін витамин В3 және жас ұлғаюына қарсы пептид кіреді.

Инкапсуляцияланған ресвератрол
  • Ресвератрол – көптеген артықшылықтарға ие нағыз жас ұлғаюына қарсы сенсация:
1. Ол антиоксиондаттық артықшылықтарды үш әдіспен қамтамасыз етеді, терідегі еркін радикалдардан мықты қорғаныс жасайды. Ол мынадай қабілеттерді көрсетті:
  • Теріге еркін радикалдардың ықпалынан болатын негативті әсерге қарсы тұрады.*
  • Табиғи қорғаныс антиоксиданттарын күшейтеді.*
  • Тері кедергілерін қолдауға көмектесіп, табиғи антиоксиданттармен үйлесімде жұмыс істейді.*
2. Тері түсін тегістеуге көмектеседі.*
3. Ол теріні табиғи коллагенін сақтайды*, жіңішке сызықтар мен әжімдердің пайда болуын азайтуға көмектеседі.
  • Ресвератрол қызыл жүзімде және қызыл шарапта болатын қосынды, қоршаған ортаның стресстік факторлар әсерінен қорғайды.
  • Біздің кешеніміздің құрамында табиғаттағы ең жоғары концентрациялы көзінен алынған тазартылған формула бар: жапондық рейнутрия.
  • Инкапсуляцияланған ресвератрол — липидтер мен су қабатында ерітілген. Әрбір қабаты теріге жаққанда баяу еріп, осы белсенділігі жоғары қосындыны босатады.
В3 витамині
  • Құрамына ниацин кіретін В тобының суда еритін витаминдер тобына жататын В3 витамині теріні ағартушы суперқабілетімен кеңінен танымал.
  • Ол терінің кедір-бұдыр түсіне мақсатты түрде әсер етеді.
  • В3 витамині теріні еркін радикалдардан қосымша қорғау үшін антиоксидант ретінде қарсы тұрады.
Жас ұлғаюына қарсы пептид
  • Біздің пептидіміз бір бірімен біріккен төрт аминоқышқылдан тұрады, бұл теріге жас түр беру үшін оң әсер етуге көмектеседі.*
  • Сондай-ақ ол терінің табиғи коллагені мен эластинін сақтайды, сөйтіп теріге жас, әрі шымыр түр береді.*
*Негізгі қосындылары in-vitro (пробиркада) зерттеуге негізделген.
Құрал қалай жұмыс істейді
Біз бүкіл жер шарындағы 1000 әйелдің терісінің түсін сақтап қалу үшін өзіміздің Intellimatch™ эксклюзивті технологиямызды пайдаландық. Бұл ақпарат терінің айрықша түсіне мінсіз сәйкес келу үшін тағы көптеген әйелдер өздеріне жарасатын түс беруші негізді таңдап ала алатындай біздің түс беруші негізіміздің түпнұсқалығын жақсартуға мүмкіндік берді.

Біз 3 000 нұсқасын сақтап, нақты дерек алу үшін үш негізгі жері (маңдай, бет сүйектері және декольте тұсы) сканерлерген болатын. Зертханадағы пигменттердің дұрыс байланысын жақсартуға арналған жүздеген сағаттан кейін әйелдердің әр түрлі терісінің кең спектрге түпнұсқалық сәйкестігін қамтамасыз ететін TimeWise® 3D Күңгірт және жылтыр түс беруші негіз пайда болды.

Жаңа, таңғаларлықтай ыңғайлы қаптама
  • Мөлдір терезесінен түсті оңай көруге болады және қайтара тапсырыс беру үшін құралдың қанша қалғанын көруге мүмкіндік береді.
  • Пластик түтікшесі саяхаттау кезінде косметика салғышта немесе шкафтың сөресінде сақтау үшін алаңдаудың қажеті жоқ, себебі шыныға қарағанда, ол жарылып, сынып немесе бөлініп қалмайды.
  • Формуласы түтікшеге бір басқаннан оңай бөлінеді де, құралдың қалаған мөлшерін қадағалай аласыз.
Негізгі артықшылықтары
Түс беруші негіз жіңішке сызықтар мен әжімдерді тегістейді, терінің кемшіліктерін жасырады, тері саңылауларының, қара дақтардың және қарайған жерлердің пайда болуын азайтады және тері түсін тегістейді. Соңғы нәтижесі ме? Тері сау, шымыр әрі жас көрінеді.
  • Майлылық немесе жабысқақтық сезімін қалдырмайды және әжімдерге жиналып  қалмайды.
  • Ылғал, тер әсеріне тұрақты формуласы тері күңгірттігін күні бойы сақтайды.
Қасиеттері мен артықшылықтары
Тұтынушылардың тәуелсіз зерттеу кезінде әйелдердің 83%-ы «Бұл менің жаңа сүйікті түс беруші негізім»1 деген тұжырымдамамен келісті. Олар шаттанып, «өздеріне мінсіз түс беруші негізді тапқанын»1 айтып кетті.

10 әйелдің тоғызы былай деді1 , TimeWise® 3D Күңгірт түс беруші негіз:
  • Терімнің түсімен тамаша үйлеседі (91%).
  • Терінің табиғи түсін сақтайды (92%).
  • Күні бойы майлы жылтырды азайтуға көмектеседі (92%).
  • Теріде жайлы сезіледі (93%) және оны құрғатпайды (90%).

Тер, ылғал және кетіру формуласының тұрақты әсері майлы жылтырды 12 сағат бойы қадағалайды.


1Тұтынушылардың бір апталық тәуелсіз зерттеу кезінде осы тұжырымдалармен келіскен зерттеуге қатысушылардың жауаптарына негізделген, зерттеу барысында 157 әйел TimeWise® 3D Күңгірт түс беруші негізді күнделікті пайдаланған.