Back

«Нәзік сүйіс» жиынтығы

7 400 ТГ

Бұл өнім жоқ

Зерделеу үшін көбірек

Жеткізу Төлем
Желтоқсан айының мust-have! Әмбебап және таптырмайтын құралдар бір арнайы ұсыныста. Өзіңізге және жақындарыңызға сыйлық жасаңыз.

Жиынтық екі құралдан тұрады:
  • Ерін күтіміне арналған жүйе Satin Lips®
  • Көзден макияжды кетіруге арналған майсыздандырылған құрал Mary Kay®
Mary Kay® өнімін сатып алмас бұрын, жағып көргіңіз келе ме? «Мэри Кэй» сұлулық жөніндегі Кеңесшіге хабарласыңыз. өз вeauty-сарапшыңызды «Сұлулық жөніндегі Кеңесшіні табу» бөлімінен табыңыз.

2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап сатылады

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы

Сипаттамасы

Ерін күтіміне арналған жүйе Satin Lips® "Ақ шай және цитрус"

Жүйені тұрақты пайдалану ерін терісін жұмсартады, тегістейді және шымыр етеді, ұсақ әжімдердің пайда болуынан сақтандырады.

Бірінші сатыда ерінге қант скрабын жағу ұсынылады. Ол терінің үстіңгі қабатындағы мүйізденіп кеткен клеткаларды кетіреді, содан кейін тері балғын және жаңа болып көрінеді. Екінші сатыда ылғалдандырушы құралды – ерінге арналған бальзамды пайдаланыңыз.

Ерінге арналған, ши майы қосылған «Ақ шай және цитрус» қант скрабы ұсақ қант түйіршіктері бар біркелкі кремтекстес негізге ие, ол ерін терісінің мүйізденіп кеткен қабыршақтарын жұмсақ кетіреді. Скраб ерін терісін тегістейді, текстурасын жақсартады және оны күтімнің келесі сатысына дайындайды.

Ерінге арналған, ши майы қосылған бальзам «Ақ шай және цитрус» құрғақ, жарылып кеткен ерінді күні бойы ылғалдандырып тұрады, нәзік ерін терісін тыныштандырады және жұмсартады. Бальзамды пайдалану ерінде қоршаған ортаның жағымсыз факторларынан қорғаумен қамтамасыз етеді, ерін күтімді және жарқын түрге ие болады.

Көзден макияжды кетіруге арналған майсыздандырылған құрал Mary Kay®

Бет терісінің ең сезімтал жері – көз айналасындағы аумақ. Көзден макияжды кетіретін арнайы құралдарды пайдалануымыздың себебі – жұмсақ кетіру.