Back

«Сиқырлы жиынтық» TimeWise® а/м теріге, құрамында Көз айналасындағы теріге арналған кремі бар

63 000 ТГ

Себетке қосу
«Сиқырлы жиынтық» TimeWise® тері күтіміне және өзіне күтім жасауды үйлестіреді, теріге барынша жақсы көрінуге көмектеседі. Бар-жоғы 4 оңай қадам күні бойы терінің қажеттіліктерін қолдауға және түні бойы айрықша функциялар атқаруға көмектеседі. Ылғалдандырушы кешенді ЕКІ РЕТ, күндіз де, түнде де қосады. Сізге аз уақыт ішінде байқалатын жақсарулар ғана емес, сонымен қатар жылдан жылға теріңізді әдемі сақтауға көмектесетін, сұлулығын және жалпы жағдайын жақсы сақтайтын ұзақмерзімді әсері де ұнайды. Толық ақпарат осы жерде.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді
  • Артықшылықтары
Тері өзін қорғауға және зақымданудан кейін қалпына келтіруге көмектесетін табиғи қорғаныс қасиеттеріне ие. Алайда, күн сайын сіздің теріңіз қоршаған ортаның стрестеріне ұшырайды, бұл оның қорғаныс қасиеттерін бұзып, көзге байқалатын қартаю белгілерінің пайда болуын тездетуі мүмкін. «Сиқырлы жиынтық» TimeWise® жүйесімен теріңіз күндіз-түні қажет қуатты алатынын біле отырып, өміріңізді жақсы сүре аласыз, бұл оның мерзімінен бұрын емес, табиғи қарқынмен қартаюына көмектеседі. Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады.

Төрт сатылы режим терінің физиологиялық қасиеттерін нығайтуға және мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы тартымды көрінуге көмектеседі.
  • Тері саулығын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін УК-сәулелер, көк жарық, ауаның ластануы секілді қоршаған ортаның стрестік факторларынан қорғайды.
  • Екінші апта пайдалана бастаған сәттен теріде ерте қартаю белгілерін азайтуға көмектеседі.
  • Әрбір өнімде мұқият жасалған TimeWise® 3D патенттелген кешені бар.
  • Клиенттің талабына қарай тері күтіміне арналған бірнеше жиынтық жасауға мүмкіндік беретін жүйе-конструктор.
Күндізгі тері күтімі:
1 қадам: Тазалау - Құралдың тиын көлеміндей мөлшерін алақаныңызға сығып алыңыз.Көз айналасындағы теріге тигізбей, беттің және мойынның ылғал терісіне жағыңыз. Құралды сумен жақсылап шайып тастаңыз.
2 қадам: Ылғалғандыру - Құралдың тиын көлеміндей мөлшерін алақаныңызға сығып
алыңыз.Көз айналасындағы теріге тигізбей, беттің және мойынның терісіне жағыңыз.
3 қадам: Қорғау - Қажетті мөлшерін сығып алыңыз (дозаторға 6 рет басу есебімен).
4 қадам: Балғындық - Құралдың қажетті мөлшерін сығып алыңыз (кішкентай
бұршақтай көлемін).

Түнгі тері күтімі:
1 қадам: Тазалау - Құралдың тиын көлеміндей мөлшерін алақаныңызға сығып алыңыз.Көз айналасындағы теріге тигізбей, беттің және мойынның ылғал терісіне жағыңыз. Құралды сумен жақсылап шайып тастаңыз.
2 қадам: Восстановление - выдавите Ночное восстанавливающее средство TimeWise® на ладонь, примерное количество - 6 нажатий на дозатор. Аккуратно, массирующими движениями, нанесите средство на кожу лица.
3 қадам: Қалпына келтіру - Қажетті мөлшерін сығып алыңыз (дозаторға 6 рет басу
есебімен).
4 қадам: Балғындық - Құралдың қажетті мөлшерін сығып алыңыз (кішкентай
бұршақтай көлемін).
TimeWise® 3D кешені – әрбір өнімнің құрамында бар.
TimeWise® 3D патенттелген кешені ғылыми дәлелденген, кеңінен зерттелген және тиімділігіне байланысты бірнеше әлемдік ғылыми конференцияда ұсынылған, «Сиқырлы жиынтық» TimeWise® өнімдерінің әрқайсысына терінің саулығын қолдайтын үш аса маңызды аспекті береді. Оларды тері саулығының «әліппесі» ретінде қабылдаңыз.

1. Антиоксиданттар
a. Күн сәулесінің әсерінен және қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде пайда болатын, теріге залал келтіретін еркін радикалдар сияқты қоршаған ортаның негативті факторларынан қосымша қорғанысты қамтамасыз етеді*.
b. Телефон экранындағы көк жарықтан пайда болатын еркін радикалдарды 29%-ға азайтады*
2. Жарқыл
a. Тері түсін тегісірек етеді.*
3. Коллаген
a. Терідегі коллаген мен эластиннің табиғи деңгейін сақтайды*
Өнімдердің таныс формаларын жаңарту – барлық өнімнің құрамына TimeWise® 3D кешені кіреді, алайда әрқайсысы теріге айрықша артықшылық сыйлайды.

• SPF 30 факторлы Күндізгі қорғаушы құрал TimeWise® теріге арналған күнделікті күтімнің таптырмайтын құралы, теріні қоршаған ортаның стрестік әсерінен қорғауға, сонымен қатар UVA/UVB сәулелерден қорғап, терінің көзге байқалатын ерте қартаю белгілерін азайтуға көмектеседі.

• Түнгі қалпына келтіруші құрал TimeWise® теріге күні бойы жұмсаған нәрсесін толтыру үшін терінің табиғи процесін қолдайды. Соның арқасында тері тыныққан, жаңарған көрінеді, ал жіңішке сызықтар мен әжімдер тегістеледі. Құрамында тиімді түнгі қосынды түймедақ экстрақты бар, ол теріні тыныштандыруға және жұмсартуға көмектеседі.*

• Антиоксидантты ылғалдандырушы крем TimeWise® майсыз, жылдам сіңіп кететін текстурасының арқасында 12 сағаттық ылғалдандыруды1 қамтамасыз етеді. Ылғалдандырушы крем күндізгі және түнгі күтімге жеңіл қосымша ретінде жасалған, сондай-ақ бет және мойын терісіне арналған тиімділігі жоғары TimeWise® 3D кешенінің қосымша мөлшерін қамтамасыз етеді.

• «1-де 4» Тазалаушы құрал TimeWise® бұрынғыша сау әрі әдемі теріге алғашқы маңызды қадам болады. Ол теріні тазалайды, қабыршақты жұмсақ кетіреді және теріні келесі сатыға дайындайды.

• Көз айналасындағы теріге арналған крем TimeWise® көз айналасындағы байқалатын көптеген қартаю белгісін және шаршаңқылық ізін кетіруге көмектесіп, базалық жиынтықты толықтырады.
Бар болғаны 2 аптада терінің көзге байқалатын қартаю белгілерінің пайда болу қарқынын азайтыңыз!

«Сиқырлы жиынтық» TimeWise® жүйесіне 4 апта беріңіз, сонда мынадай жақсартулары бар шымыр және сау тері аласыз:
• Көзге байқалатын мимикалық және терең әжімдер азаяды
• Шымырлығы артады
• Жарқылы жақсарады
• Ылғалдығы артады
• Тері текстурасы жақсарады
• Сыртқы түрі жақсарады
• Құрамында май және хош иістендіргіш жоқ
• Дерматологтардың тестілеуінен өткен
• Теріні тітіркендіру және аллергияға қарсы тестілеуден өткен
• Комедогенсіз
• Сезімтал теріге пайдалануға болады