Back

Декольтеге және қолға арналған крем TimeWise®. SPF 15 факторлы

85 г

5 800 ТГ

Бұл өнім жоқ

Жіңішке сызықтарды, әжімдерді, пигментті дақтар мен босаңсуды азайтуға, сондай-ақ теріні шымырландыра түсуге көмектесе отырып, ылғалдандырады және тері кедергісін қолдайды

  • Сезімтал тері үшін залалсыз
  • Тітіркену мен аллергия пайда болуына қарсы клиникалық тексеруден өткен
  • Құрамында майлы және хош иісті қосындылары жоқ
  • Комедогенсіз (тері саңылауларын бітемейді)
  • Дерматологтардың тексеруінен өткен

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

20 200 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Декольтеге және қолға арналған крем TimeWise®. SPF 15 факторлы

Қолыңыздың, декольтенің терісі жасыңызды көрсетуіне мүмкіндік бермеңіз! Қолдың сыртындағы тері басқа жерлердегі теріге қарағанда едәуір жұқа және нәзік болғандықтан, ал декольте аумағы күн сәулесінің әсеріне көбірек ұшырайтындықтан, қартаюдың алғашқы белгілері дәл осы жерлерде пайда болады. TimeWise Body™ TimeWise Body™ SPF 15 факторлы қолға және декольтеге арналған крем — сіздің жас ұлғаюына қарсы күтіміңізге тамаша қосымша. Бұл қоректендіруші крем тез сіңеді және жабысқақтық және ластық сезімін қалдырмайды. Ол қартаю белгілерімен күресіп қана қоймай, теріні келешек зақымданулардан да қорғайды. Бұл жас ұлғаюына қарсы тамаша құрал – супержемістердің екі экстрактының және басқа да тиімді қосындыларының арқасында нағыз ғажайып құрал. Бұған суперсергітуші қосындылар мен  UVA/UVB күн сәулелеріне қарсы сүзгілерді қосыңыз, сонда терінің мерзімінен бұрын қартаю белгілерімен күресуге қажетті қуатты қару аласыз.  

Жағу туралы кеңестер

Тазалаудан кейін және далаға шығар алдында жеткілікті көлемін қажет болғанынша жағыңыз. Суға түскеннен кейін және сүлгімен сүртінгеннен соң қажет болса қайтара жағыңыз.

Негізгі қосындылары

  • Акаи жидектерінің экстракты. Акаи жидектері — еркін радикалдарды көк шайға қарағанда 80 есе тиімді бейтараптандыратын суперқуатты антиоксидант
  • Анар стерині тері кедергісін нығайтуға көмектеседі*
  • ChroNOline™ капроил тетрапептид-3 коллаген мен эластинді қолдауға көмектеседі*
  • Ниацинамид (витамин B3) пигментті дақтардың пайда болуын азайтуға көмектеседі*
  • Витамин Е — теріні тыныштандыру қасиеттеріне ие антиоксидант
  • Ши майы ылғалмен қамтамасыз етеді және терінің жұмсақтығын, тегістігін және созылмалығын сақтап қалуға көмектеседі
  • Оксибензон, октисалат, октокрилен және авобензон UVA/UVB ультракүлгін сәулелерден қорғанудың кең спектрімен қамтамасыз етеді
  • *негізгі қосындыларын in-vitro (пробиркада) сынауға негізделген

Құрал қалай жұмыс істейді?

Құрал қалай жұмыс істейді:TimeWise Body™ SPF 15 факторлы қолға және декольтеге арналған кремнің құрамында супержемістерді қоса алғанда, бірнеше тиімді қосындылар бар – әсерлі артықшылықтармен қамтамасыз ететін акаи және анар жемістері:

  • Терінің салбырап кетуінен сақтандырады және оның шымырлана түсуіне көмектеседі. Формуласы коллаген мен эластинді нығайта отырып, теріні оңтайлы қолдау көрсету қабілетін көрсетті
  • Жіңішке сызықтар мен әжімдердің пайда болуын азайтуға көмектесе отырып, ылғалдандырады және тері кедергісіне қолдау көрсетеді. Біздің патенттелген акаи жемістерінің экстракты және оған қоса Е витамині зиянды еркін радикалдарды бейтараптандыра отырып, теріні қорғауға көмектеседі. Анар стерині тері кедергісін нығайтуға көмектеседі және теріге ылғал тарта отырып, гумектант ретінде қызмет етеді. Ши майы және глицерин теріні қалпына келтіреді
  • Пигментті дақтардың пайда болуын азайтуға көмектеседі. Формуланың құрамында пигментті дақтардың тері бетінде пайда болу ықтималдығын азайтуға көмектесу қабілетін көрсеткен ниацинамид (B3 витамин) бар. ChroNOline™ капроил тетрапептид-3 меланин шығарудың бірінші сатысын баяулату қабілетін көрсетті
  • UV зақымданулардан қорғайды. Күннен қорғаушы қосындылар UVA/UVB  күн сәулелерінен қорғанудың кең спектрімен қамтамасыз етеді