0Сіздің себетіңізде
XTimeWise® Теріні қартаюдан сақтайтын, құрамында SPF 30 бар ылғалдандырушы крем теріні 10 сағат бойы ылғалдандырып тұру қабілетін көрсетті. Бұл құрал теріні күн сәулесінің теріс әсерінен қорғайды, теріні зақымданудан, салбырап кетуден және ала-құла дақтардан сақтауға көмектеседі. Құрамында терінің табиғи жаңару процесін жылдамдата отырып, жіңішке сызықтар мен әжімдерді азайтатын патенттелген** кешен бар. Сондай-ақ «сиқырлы гумектанттар» кешені ылғалды теріде сақтап қалады. Сонымен бір мезгілде мықты антиоксиданттар терінің қартаюына әкелетін еркін радикалдардан қорғайды және терінің жарқын және тегіс көрінуіне көмектеседі. Бұл құрал сезімтал тері үшін залалсыз, аллергия мен тітіркену пайда болуына қарсы клиникалық тұрғыдан тексерілген, гипоаллергенді және комедогенсіз (тері саңылауларын бітемейді).
Таңертең пайдаланыңыз. Тазалаушы құралдан кейін және көшеге шығар алдында қаншалықты қажет болса, соншалықты жиілікте жеткілікті көлемін жағыңыз.
TimeWise® ылғалдандырушы кремдеріндегі патенттелген* кешен терінің табиғи жаңару процесін жылдамдата отырып, жіңішке сызықтар мен әжімдерді азайтады.
*АҚШ патенті № 6,495,126 және басқа күтіліп отырған патенттер
Әрбір TimeWise® құралы терінің әр алуан қартаю белгілерімен күресу үшін арнайы әзірленген. Олар бір-бірінің жас ұлғаюына қарсы артықшылықтарын күшейту үшін кешенді күтім жасауға арналып әзірленген.