Back

Ылғалдандырушы, жаңартушы тоник TimeWise®

147 мл

4 900 ТГ

Себетке қосу

Зерделеу үшін көбірек

Жеткізу Төлем

Ылғалдандырушы, жаңартушы тониктің TimeWise® арқасында сіз теріңізді жұмсарта*, ылғалдандыра аласыз және TimeWise® теріге күтім жасаудың келесі сатыларының артықшылықтарын сіңіруге дайындайсыз.

  • Теріні тез арада ылғалдандырады
  • Терінің табиғи тепе-теңдігін қалпына келтіреді
  • Құрамында спирт жоқ
  • Дерматологтардың сынағынан өткен; комедогенсіз
  • Сезімтал тері үшін залалсыз

*әйелдердің 90%-ы терілерінің жұмсара түскенін айтты

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

15 500 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Ылғалдандырушы, жаңартушы тоник TimeWise®

Қартаю белгілерімен күресуде артық құралдар болмайды. TimeWise® Сергітуші, қалпына келтіруші тониктің арқасында сіздің теріңіз тегіс және ылғалды теріге айналады. Бұл құрамында спирт жоқ жұмсақ тоникті жаққаннан кейін тері тез арада жастықты сақтап қалу үшін қажетті ылғалмен байиды. Ол тегіс және сергек теріге айналады, тері саңылаулары азаяды, терінің жағдайы қалпына келеді, оның табиғи тепе-теңдігі қалпына келеді және жарқыл пайда болады. Теріні тегіс және созылмалы теріге айналдыратын қосындылардың арқасында бұл жұмсақ тоник тазалау процесін аяқтап, теріні келесі күтімнің барлық артықшылықтарын сіңіруге дайындайды.

Жағу туралы кеңестер

TimeWise® Сергітуші, қалпына келтіруші тоник — TimeWise® теріге кешенді күтім жасаудағы бастапқы саты, ол теріні қосымша ылғалдандырады

  • TimeWise® Сергітуші, қалпына келтіруші тониктің жеткілікті көлемін мақта дискіне жағыңыз
  • Дискімен алдын ала тазартылған бет терісін жақтан немесе маңдайдан бастап, ортаңғы тұстан жан-жаққа қарай бағытталған айналма қимылдармен сүртіңіз
  • Содан соң жоғары қарата жан-жаққа бағытталған қимылдармен тоникті иық сүйегінен иекке қарай жылжи отырып, мойынға жағыңыз

Негізгі қосындылары

  • Натрий гиалуронаты — ылғал тартады және оны ұстап тұрады. Гиалурон қышқылымен тығыз байланысты натрий гиалуронаты тері ылғалды тиімді пайдалана алу үшін теріде губка секілді әрекет етіп, теріге өмірлік қажетті ылғал тартатын мықты гумектант. Осыған қосымша ол ылғалды трансэпидермальды жоғалтуды – су эпидермис қабаты арқылы тері бетіне шығып, буланып жоғалатын процесті баяулатуға да көмектесе алады. Бұл процесті баяулату сіздің теріңізге өте пайдалы. Натрий гиалуронаты, сондай-ақ, ылғалдандырушы қасиетке де ие, теріні жұмсақ және тегіс теріге айналдырады.
  • Өсімдік экстрактары — жас ұлғаюына қарсы табиғи антиоксиданттар. TimeWise® Сергітуші, қалпына келтіруші тониктің құрамында екі негізгі экстракт бар – қарапайым миртаның және жасымықтың. Мирта экстракты өзінің жаңартушы қасиеттерімен танымал гүлденген өсімдіктен алынған. Бұл қосындылар коллаген* күйретуге қатысатын энзимдердің белсенділігін төмендету қабілетін де көрсетті. Антиоксидант ретінде мирта экстракты қартаюға әкелетін еркін радикалдардың әсерін бейтараптандыруға көмектеседі.
  • B3 витамині (ниацинамид) – ультракүлгін сәулелердің әсерін азайтуға көмектеседі*. Ниацинамид — В3 витаминінің негізгі екі формасының бірі, ол ғалымдар арасында тері кедергісін нығайту қабілетімен танымал. Тері кедергісін сақтап қалу терінің жастығын сақтап қалу үшін аса қажет, себебі тері босаңсыған кезде ылғалды көптеп жоғалтады және зақымдануларға бейім болады. Сонымен бірге ниацинамид ультракүлгін сәуленің ала-құла дақтар түрінде көрінетін зақымдаушы әсерін азайтуға* көмектеседі.
  • Акаи жидектерің экстракты (Euterpe Oleracea) — мықты антиоксидант. Бұл экстракт өз атына лайықты супержемістен алыған. Акаи жидектерінің – акаи пальмасының ұсақ қара-күлгін жемістерінің отаны – Оңтүстік Америка. Бұл жеміс еркін радикалдарды көк шайға қарағанда 80 есе тиімді бейтараптандырады.
  • Өсімдік экстрактарының кешені — TimeWise®. Сергітуші, қалпына келтіруші тониктің құрамында бірнеше өсімдік экстрактары бар, оған түймедақ, лавандин, розмарин, қызғылт ағаш және герань кіреді.

* in vitro сынағына негізделген

Құрал қалай жұмыс істейді?

TimeWise® Сергітуші, қалпына келтіруші тониктің құрамында натрий гиалуронаты —  тері ылғалды тиімді пайдалана алу үшін оны губка секілді тартатын мықты гумектант бар. Сонымен бірге, онда терінің дермальды матриксін сақтауға көмектесетін гүлденген қарапайым мирта экстракты және жасымық экстракты, сондай-ақ теріні ағартатын және оған жарқыл мен сау түр беретін ниацинамид бар.