Back

Бетке пилинг жасауға арналған жүйе TimeWise®

0 ТГ

Бұл өнім жоқ

Зерделеу үшін көбірек

Жеткізу Төлем

Бұл екі сатылы жүйенің құралдары жіңішке сызықтарды бір сәтте тегістейді, тері саңылауларын азайтады және теріні едәуір жұмсартады, тегістейді және оған сау және жарқын түр береді.
1-қадам: Жаңартушы пилинг: негізгі қосынды — қабыршақтан тазартушы кристаллдар тері клеткасын тез арада энергиямен толықтырады және оған жарқын және сау түр береді
2-қадам: Қалпына келтіруші сығынды: 1-қадамнан – Жаңартушы пилингтен кейін оянған жұмсақ және тегіс теріні қоректендіреді

  • Құрамында майлы және хош иісті қосындылары жоқ
  • Тітіркену мен аллергия пайда болуына қарсы клиникалық тексеруден өткен
  • Комедогенсіз (тері саңылауларын бітемейді)

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Бетке пилинг жасауға арналған жүйе TimeWise®

Ғажайыптарға сеніңіз! TimeWise® Микродермабразиялық кешенді қаншалықты тез пайдалана бастасаңыз, нәтижесін де соншалықты тез көресіз. Тиімді пилинг пен лаванда түстес жеңіл сығындының арқасында бұл жиынтық жіңішке сызықтармен күресуге және тері саңылауларын тазалауға көмектеседі, яғни сіз өзіңіздің тегіс теріңіздің сұлулығынан рахаттану сезімін ала аласыз – бір сәтте!

1-қадам:Скраб-пилинг — құрамында дерматологтар тері ішіндегі және тері саңылауларының жиектеріндегі өлі қабыршақтарды тазарта отырып, теріні тез арада энергиямен толықтыру үшін пайдаланатын негізгі қосындылар бар. Бұл процесс тері саңылауларының пайда болуын азайтуға көмектеседі. Бұл кремтәріздес лосьон қанның микроайналымын ынталандыра отырып, теріні іштен қоректендіреді. Бұл тері бетіне оттегі жеткізіп, айналымды ынталандырады және теріге әдемі, жарқын түр береді.

2-қадам:Қалпына келтіруші сығынды Mary Kay® бірегей үштік шай кешенінің, сондай-ақ 1-қадамды – Скраб-пилингті пайдаланғаннан кейін жұмсарған және тегістелген теріні байытатын витаминдердің, антиоксиданттардың және тітіркенуді басатын қосындылардың арқасында теріні сыртынан қоректендіреді.

Жағу туралы кеңестер

  • Тазалаудан кейін TimeWise® Микродермабразиялық кешеннің 1-қадамы – Скраб-пилингтің тиын көлеміндей мөлшерін саусақ ұштарымен ылғал теріге уқалаушы қимылдармен жағаңыз. Жылы сумен мұқият шайып тастаңыз да, сүлгімен құрғатып сорғызып алыңыз
  • Саусақ ұштарымен нәзік ұрғылай отырып 2-қадамды – Қалпына келтіруші сығындыны жағыңыз
  • Аптасына 2-3 рет пайдаланыңыз; пайдалану аралығында 2 күндік интервал сақтаңыз
  • Проблемалы теріге күтім жасауға арналған құралдармен бірге пайдалануға болмайды
  • Егер теріңіз жұқа сезімтал тері болса, сирегірек пайдаланыңыз
  • Мойын және декольтеге де жағыңыз

Маңызды: Кейбір адамдарда шамалы қызару пайда болуы ықтимал. Бұл қалыпты нәрсе және ол сол жерлердегі қан айналымының күшеюінің нәтижесі болып табылады. Нәтижесі – сау көрінетін тері.

Негізгі қосындылары

  • 1-қадам: Скраб-пилинг — алюминий (алюминий тотығы) тері бетіндегі өлі қабыршақтарды кетіруге көмектесетін жұмсақ эксфолиант
  • 2-қадам: Қалпына келтіруші сығынды — қытай камелиясы жапырақтарының экстракты теріні қоршаған ортаның күйзелісті факторларының зақымдаушы әсерінен қорғауға көмектесетін антиоксидант. Тыныштандырушы артықшылықтарға да ие

Құрал қалай жұмыс істейді?

Әрбір TimeWise® құралы терінің әр алуан қартаю белгілерімен күресу үшін арнайы әзірленген. Олар бір-бірінің жас ұлғаюына қарсы артықшылықтарын күшейту үшін кешенді күтім жасауға арналып әзірленген.

1-қадам:Скраб-пилинг — теріні бір сәтте энергиямен толықтыратын, оның бетін жарқыратып, сау түр беретін қабыршақтан тазартушы тиімді құрал. Бұл құрамында қабыршақтан тазартушы кристаллдары бар кремтәріздес ақ лосьон:

  • Микроайналымды күшейте отырып, теріні ішінен қоректендіреді. Бұл тері бетіне оттегі жеткізіп, айналымды ынталандырады және теріге әдемі, жарқын түр береді
  • Тері ішінде және тері саңылауларының жиектерінде табиғи жолмен жинақталып қалатын өлі қабыршақтарды мұқият тазарта отырып, тері саңылауларының көзге көрінуін азайтады

2-қадам:Қалпына келтіруші сығынды теріге бір сәтте сіңіп, оны тегістейді және жұмсартады. Бұл лаванда түстес жеңіл сығынды:

  • Mary Kay® бірегей үштік шай кешенінің арқасында теріні сыртынан қоректендіреді
  • Жасару процесін ынталандырады және қоршаған ортаның ластаушы заттарынан қорғайды
  • Теріні тыныштандырады және оның тепе-теңдікке ие болуына көмектеседі
  • Теріні күтімнің келесі сатысына дайындайды