Back
Шектеулі коллекция*

Лимиттелген коллекция Mary Kay® Pure Dimensions™ Қабаққа арналған теньдер палитрасы

12 900 ТГ

Марокко құмдары (Күңгірттеуші,Жылтырауық)

  • Күңгірттеуші
Түс атауларын көру

Зерделеу үшін көбірек

Төлем Жеткізу
Жаңа жылдан бастап Pure Dimensions™ Қабаққа арналған теньдер палитрасының көмегімен өзгеріңіз!

Осы сәнді коллекцияның теньдерінің еліктірер реңктері мен стильді дизайны көптеген айрықша образдар жасауға шабыт береді.
  • Инновациялық технологиялар теньдердің әрбір реңкіне барлық табиғилығын және көпқырлылығын жеткізуге мүмкіндік береді.
  • Сәнді және тұрақты реңктер күні бойына шиыршықталмайды және күңгірттенбейді.
  • Ұсақталған пигменттер жеңіл және жібектей текстура жасайды, сондықтан оңай, әрі тегіс жағылады.
  • Теньдердің жылтыр және күңгірт финиші тренд образ жасауға мүмкіндік береді.
  • Теньдер кез келген терінің түсімен үйлеседі.

Қандай реңкті таңдауды білмей отырсыз ба? Mary Kay сұлулық жөніндегі Кеңесшіңізбен хабарласыңыз да, макияж жасау, сондай-ақ Mary Kay өнімін сатып алмас бұрын, тегін жағып көру мүмкіндігіне иеленіңіз.

Саны шектеулі.
Мониторларда және дисплейлерде нақты түсі өзгеріп көрінуі мүмкін.

Лимиттелген коллекция

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

12 700 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Лимиттелген коллекция Mary Kay® Pure Dimensions™ Қабаққа арналған теньдер палитрасы

Өзіңізді әдемілікпен қоршаңыз, стильді дизайннан және қанық реңктерден ләззат алыңыз. Төрт үйлесімді реңкте жасалған Pure Dimensions™ Қабаққа арналған теньдер палитрасының үш есе дизайны макияж өнерінде таңғажайып биіктерге жетуге мүмкіндік береді. Жағуы қолайлы, стильді, әрі тұрақты реңктер кез келген тері түсіне жарасады!

«Марокко құмдары» теньдер палитрасының реңктері жұмсақтығымен таңғалдырады, онда бейтарап құмтүстес реңктері қызғылт түспен жақсы үйлеседі, көзге нәзік жылтыр береді. «Полинезия бағы» теньдер палитрасы гүлденген тропикалық орманның құбылмалы реңктерімен таңғалдырады.

Жағу жөніндегі кеңестер

Теньдердің қара реңктерін қабағыңыздың тереңдігін айқындағыңыз келген тұсқа жағыңыз. Мысалы, көздің сыртқы бұрышына немесе жылжымалы қабақтың бүгілген сызығына.
Ашық реңктер көздің ішкі бұрышына және қас доғасының астына жағылады.
Тек күңгірт теньдер жақсаңыз, көзқарасыңызға біркелкілік пен күңгірттік қосады. Ал тек жылтыр, жарқыраған теньдер жалықтырып жібереді және өзіне барлық назарды аудартады. Дегенмен күңгірт және жылтыр теньдерді шебер үйлестіру, көзқарасыңызға назар аудартады. Күңгірт теньдерді кірпік өсу сызығын бойлай, қабақ қатпарларына және көздің сыртқы бұрышына жағыңыз да, көздің сыртқы бұрышы мен жылжымалы қабақтың ортасын жылтыр теньдермен айқындаңыз.

Құрал қалай жұмыс істейді?

Түс тазалығы
Қазіргі инновациялық техологиялар Pure Dimensions ™ палитрасының әрбір реңкін табиғи, әрі таза етуге мүмкіндік берді. Күндіз көзқарасыңыздың жұмсақтығын және кешкі уақытта образыңыздың нәзіктігін айқындап, теньдер палитрасынан ләззат алыңыз. Реңктер оңай жағылады, бұл түстің қанықтылық деңгейіне жетуге мүмкідік береді.

Жібек текстуралы
Теньдер тегіс және жібектей текстураға ие. Олар нәзік, әрі жеңіл болғандықтан, образды ауырлатпайды.

Жарық шағылдандырғыш әсер
Теньдер визуалды түрде терінің кемшіліктер мен көз айналасындағы әжімдерді байқалмайтындай етеді, кез келген типті және тері реңкті кез келген жастағы әйелдерге жарасымды болады.