Back

Қол терісіне күтім жасауға арналған жүйе Satin Hands®

Қолға арналған жұмсартушы құрал = 60 г.
Қолға арналған ши майлы скраб = 220 г.
Қолға арналған ши майлы қоректендіргіш крем = 85 г.

13 000 ТГ

Себетке қосу
Үйде жасалатын үш сатылы SPA-күтім! Қол терісіне күтім жасауға арналған ши майлы жүйе Satin Hands® «Ақ шай және цитрус» теріні жұмсартады, оны сол сәтте тегіс етеді және жасартады.
  • Қолға арналған жұмсартушы құрал теріде қорғаныс қабатын жасайды, ылғалдандырады және теріге созылмалық береді.
  • Қолға арналған скраб* мүйізденіп кеткен қабыршақтарды жұмсақ кетіреді, қол терісін жаңартады.
  • Қолға арналған қоректендіргіш крем 24 сағат бойы ылғалдандырады, теріні құрғатпайды, тіпті қолыңызды бірнеше рет жуғаннан кейін де қасиеттерін жоғалтпайды.
  • Теріні сол сәтте ылғал, жұмсақ әрі тегіс етеді.
  • Қол терісіне күтім жасауға арналған жүйе Satin Hands® - кез келген мерекеге арналған тамаша сыйлық!
*Скрабты тітіркенген және жарылған теріге жақпаңыз.

Satin Hands® Қол терісіне күтім жасауға арналған жүйені Mary Kay сұлулық жөніндегі Кеңесшіден сатып ала аласыз.

2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап сатылады.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

15 000 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Қол терісіне күтім жасауға арналған жүйе Satin Hands®

Рахатқа бөлену уақыты келді! Қолыңыздың терісін тез ылғалдандыратын, жұмсақ, әрі тегіс ететін нағыз тропикалық оазиске қашып кетіңіз. Бұл спа-күтім қол терісін сауықтырады және жасартады. Тері сол сәтте жаңарып, сау көрінеді. Жүйені қолданғаннан кейін қолыңыздың терісі жібектей болады, тіпті күстеніп кеткен құрғақ жерлері тегіс болады.
Satin Hands® жүйесіне хош иіссіз Қолға арналған жұмсартушы крем, «Ақ шай және цитрус» хош иісті Қолға арналған ши майлы скраб және Қолға арналған ши майлы қоректендіруші крем кіреді. Ақ шай және цитрустың негізгі хош иісіне қосымша ретінде құрамында қызғылт грейпфрут, лемонаграсс, сондай-ақ кардамон, шие және ақгүл гүлдерінің ноталары бар.

*Жүйені аптасына екі рет пайдалану ұсынылады.

Жағу туралы кеңестер

  • Қолға арналған жұмсартушы құралдың азғана көлемін жағып, уқалай сіңіріңіз.
  • Жұмсартушы құралды жумай-ақ, Қолға арналған скрабты жағыңыз да, мұқият уқалаңыз. Жылы сумен шайып тастаңыз және сүлгімен құрғатыңыз.
  • Қолыңызға қоректендіруші кремді жағып, уқалай сіңіріңіз. Құралды өз бетінше жағуға болады және қажет еткен жағдайда күніне бірнеше рет жағуға болады.

Негізгі қосындылары

Ши майы
  • Ши ағашы Батыс Африка саванналарында өседі. Ағаштың биіктігі 1800 метр, бірнеше жүз жылдықтар бойы өмір сүреді. Дәл осы жерде, осы ежелгі шөлдала арасында жергілікті тұрғындар ши ағашының жаңғақтарын тереді, сосын май шығару үшін майдалап турап, қуырады. Нәтижесінде қымбат, жұмсартушы май алады. Майды теріні қорғайтын, байытатын және жұмсартатын қосынды ретінде көптеген жүз жылдықтар бойы пайдаланады.
  • Ши майының құрамында тері ылғалдығының табиғи тепе-теңдігін ұстап тұруға көмектесетін, өз кезегінде теріні қартаюдан сақтайтын Омега-3 бар.

Құрал қалай жұмыс істейді?

1-қадам: Қорғаныс
Жұмсартушы құралдың хош иіссіз формуласы теріні ылғалдандырады және қорғайды, оны келесі спа-процедураға дайындайды. Satin Hands® Қолға арналған жұмсартушы құралды қорғаныс барьер ретінде Тазалаушы скрабтың алдында жағады.

2-қадам: Жұмсақ тазалау
Ши майлы қолға арналған тазалаушы скраб терінің мүйізденіп кеткен қабыршықтарын жұмсақ кетіреді, терінің жарылып кеткен, құрғақ жерлерін кетіреді. Бірінші қолданудан кейін-ақ қол терісінің жақсара түскені байқалады. Құрамында кірлерді жақсы кетіретін, тегістейтін және жұмсартатын ши майы бар.

Жүйе бөлігі ретінде скраб Қолға арналған жұмсартушы кремнен кейін жағылады. Оны жұмсақ уқалаушы қимылдармен жағыңыз, содан кейін жуып тастаңыз.

3-қадам: Қоректендіру және күтім жасау
Қолыңыздың терісін Satin Hands® Қолға арналған қоректендіргіш креммен еркелетіңіз. Ол қол терісін 24 сағат бойы ылғалдандырады және қоректендіреді. Құрғақтық сезімі бірден жоғалады, себебі құрамында ши майы бар қолыңызда еріп кеткендей әсер қалдырады, теріңізді жұмсақ, әрі тегіс етеді. Қолыңызды жуғаннан кейін де теріңіз жұмсақ болып қалады.

Құрғақ, жарылып кеткен теріні жұмсарту және ылғалдандыру үшін кеңінен пайдаланатын ши майына қосымша бұл қоректендіруші кремнің құрамына А және Е витаминдеріне бай өрік, сафлор майы және күнбағыс майы, сондай-ақ ылғалдық тепе-теңдігін ұстап тұруға көмектесетін Омега-3 және Омега-5 қосындылары кіреді.

Осы табиғи қосындылардың айрықша қоспасымен бірге Satin Hands® Қолға арналған қоректендіруші крем қол терісін жібектей тегіс етеді, құрғақтықты кетіріп, теріңізді жасартады. Өнімді тұрақты қолдансаңыз, тырнақ пен оның айналасындағы етке (сірқабық) қажет күтімді қамтамасыз етеді. Жабысқақтық сезімін қалдырмай, тез сіңіп кетеді. Қол терісінің көбірек ылғалдануы үшін табиғи қорғаныспен қамтамасыз етеді.

Тұтынушылық тестілеу кезінде 10 әйелдің 9-ы терінің бір сәтте ылғалданып, жұмсарғанын, тегістік пен ылғалдық сезімі пайда болғанын атап кетті.*

*деректер тәуелсіз тұтынушылық тестілеу нәтижесіне негізделген, онда 56 әйел бір апта бойы өнімді күніне бір рет пайдаланды.