Күннен қорғаушы SPF 30 факторлы крем жоғары деңгейлі қорғаныс

118 мл

5 600 ТГ

Бұл өнім жоқ

Зерделеу үшін көбірек

Жеткізу Төлем

Mary Kay® Құрамында SPF 30 бар күннен қорғаушы құрал – бұл жеңіл, құрамында майлы қосындылары жоқ, теріні қорғауға және қоректендіруге көмектесетін бетке және денеге арналған құрал.

  • Тез сіңеді, теріге жұмсақтық және ылғалдық әсерін береді.
  • UVA және UVB сәулелерден қорғаныспен қамтамасыз етеді.
  • Суға және терге 80 минутқа дейін төзімді.
  • Сезімтал тері үшін залалсыз. Терінің тітіркенгіштігіне және аллергиялық реакцияларға бейімдігіне қарсы клиникалық тексеруден өткен.
  • Дерматологтардың сынағынан өткен. Комедогенсіз.

2016 жылдың 18 сәуірінен сатылымда

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Жағу туралы кеңестер

Құралды көшеге шығардан 15 минут бұрын жағыңыз. Содан соң құралды қайтара жағу керек (үш сағатта бір рет), әсіресе шомылғаннан, белсенді дене қимылынан немесе шектен тыс терлегеннен кейін.

Сақтану шаралары: тек сыртқа пайдалануға арналған. Тері тітіркенген немесе бөрткен жағдайда пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Алты айдан кіші сәбилерге пайдалану үшін дәрігермен кеңесу қажет. Көзге тигізбеңіз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Негізгі қосындылары

  • А витаминінің пальмитаты терінің сырт келбетін жақсартады.
  • С витаминінің пальмитаты және Е витаминінің пальмитаты теріні еркін радикалдардың әсерінен қорғауға көмектеседі.
  • Шай бұтасының экстракты теріні еркін радикалдардың әсерінен қорғауға көмектеседі, сондай-ақ өзінің тыныштандырушы және жұмсартушы қасиеттерімен танымал.
  • Гомосалат (10% W/W), Октиноксат (7.5% W/W), Октисалат(5% W/W), Оксибензон (4% W/W) және Авобензон (2% W/W) күннен қорғаушы құралдың белсенді қосындылары болып табылады. Олар, Америкалық тағамдарға және емдік препараттарға бақылау жасау жөніндегі басқарманың мәліметі бойынша, қауіпсіз және косметикалық құралда белгілі бір көлемі болған жағдайда теріні ультракүлгін сәулелерден қорғауға тиімді деп танылған.

Құрал қалай жұмыс істейді?

Күн В және А типті жағымсыз ультракүлгін сәулелер шығарады. UVB-сәулелер теріні күйдіріп жіберуі мүмкін; UVA-сәулелердің агрессиясы төмен, бірақ олар теріге тереңдей енеді, бұл терінің мерзімінен бұрын қартаюының, әжімдер мен пигментті дақтардың пайда болуының себебі болуы мүмкін. UVB-сәулелер де, UVA–сәулелер теріні күйретеді және тіпті бұлтты күндердің өзінде де тері рагына ұшыратуы мүмкін!

Күннен қорғаушы құралдар сол UV-сәулелерді сіңіріп алады, шағылдырады немесе таратады. Бейорганикалық немесе «физикалық» күннен қорғаушы кремдер ультракүлгін сәулелерді олар теріге енбес бұрын шағылдырады немесе таратады. Мұндай күннен қорғаушы құралдардың құрамында мырыш тотығы және титан диоксиді бар. Органикалық немесе «химиялық» күннен қорғаушы құралдар UV-сәулелерді олар теріге зиян келтіргенге дейін сіңіріп алады. Олардың құрамында UVB-сәулелерден де, UVA-сәулелерден де қорғайтын авобензон және оксибензон бар.

Күннен қорғаушы жақсы құралдің әрекет ету спектрі кең – құрамында кльтракүлгін сәулелердің екі типінен де қорғайтын қосындылар бар. Mary Kay® күннен қорғаушы желісінің барлық құралдары физикалық формада да, химиялық формада да қорғаныстың кең спектрімен қамтамасыз етеді.

патенттелген емдік препарат