Найля Вишнякова​​ Независимый Национальный Лидер Компании "Мэри Кэй" в Казахстане

Найля Вишнякова

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Аға Ұлттық Көшбасшысы
 
Менің «Мэри Кэй» компаниясымен ынтымақтастығымның бастаулы басқа да көптеген тарихтардан ерекшеленбейді.
 
Мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп жүргенімде, Класс Иесі мені сұлулық жөніндегі Кеңесшімен кездесуге шақырды. Бұл мастер-класс емес, консультация болды, менің Бас Ұйымдастырушым Елена Промышленская тек қана менімен жұмыс істеді. Мен қысылатынмын және  кездесу кезінде тек ештеңе сатып алмаймын деп ойлайтынмын, алайда сұлулық жөніндегі Кеңесшімен әңгімелесіп отырып, оның әдемі макияжы мен күтім жасалған терісін аңғармау мүмкін емес еді. Осы бірінші кездесуімде мен ештеңе сатып алмадым. Үш ай өткеннен кейін ғана (Лена мен үшін төрт рет кездесу өткізген еді), мен екінші кездесу кезінде азғана косметикаға тапсырыс бердім. Қазір мен Лена өзінің қоңырауларымен және кездесулерімен ізгі қатынастар көпірін салғанын, өнім туралы кәсіби білімі арқылы сенімді қарым-қатынастар құрғанын, мені сервиспен таныстырғанын түсінемін. 1999 жылы мен «ақшалы» клиент емес едім, себебі мен қала маңынан келгендіктен, менің тұратын жерім болмады (пәтер жалдайтынмын), ал Қарағанды да бір-ақ жыл тұратынмын. Менің жұбайым, жақын құрбыларым, өмірден ерте кеткендіктен ата-анам болмады. Менің бар байлығым – екі ұлым: Андрей – 8 жаста, Артур – 6 айда болды.
 
«Мэри Кэй» компаниясына мен декретті демалыста отырғанымда, қосымша табыс табу үшін келдім. Екі ай бойы  таныстарыма «Мэри Кэй» туралы айтып бердім, потенциалды клиенттермен таныстым, өнім туралы оқып білдім, класстар өткіздім, бірақ ештеңе сата алмадым. Сол кезде мен Аға Ұлттық Көшбасшы Людмила Горинаның сөзін есіме түсірдім: «Сапар басында марапат болмайды!» 
 
Қайтпас адам бола тұрып, ондайларды «қырсық, тіпті қыңыр, тыным таппайтын, жігерлі және көтерілуге жылдам» деп айтатын, өзімнің сәтсіздігімді белсенді әрекетке ынталандыру деп түсіндім. Мен тағы да «Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерге арналған нұсқаулықты» оқып шықтым, бейне-класстарды қарап шықтым да, өзімнің бірінші тапсырысымды алған кездесу ұйымдастырдым. Табысыммен рухтанып, мен келесі классымды белгіледім.
 
Мини-класс өткізгенім үшін алған 11 000 теңге көлеміндегі бірінші табысым менің бойыма сенімділік орнықтырды, басында сәтсіздік пен бас тартудан бүгіле бастаған қанаттарым жазыла бастады.  
 
Мәскеуде өткен Семинарға қатысып, «Мэри Кэй» компаниясының барлық мүмкіншіліктерін өз көзіммен көргеннен кейін ғана мен «ұштым».
 
Галерканың ең жоғары орнында отырып алып,  бүкіл Семинар бойы қол шапалақтаумен болдым, таңдандым әрі танымайтын әйелдердің табысына қызықтым. 7 сағатқа созылған  «Марапаттау түнінде» мені сезімімін қатты билей түсті: мен жыладым, көз жасым маған бағынбады, оны тоқтату мүмкін емес болды. Семинардан үйге қайтар жолда, мен тек қана көргендерім туралы ойладым.  Менің ойларым орасан зор жоспарларға айналды. Сол кезде, 2000 жылдың қыркүйегінде командам бірде бір адам жоқ болса да,  мен өзімді Көшбасшы ретінде сезіндім. Сол айрықша сапардан кейін тура 15 ай өткен соң, 1 қаңтар күні мен Бизнес-Топ Көшбасшысы статусын алдым.
 
Бас Ұйымдастырушы статусында мен көптеген қонақ кештерін өткіздім. Өзім сценарийін жазып, өзім жүргізуші болдым, кішкентай командамды біріктіріп, сыртқы серіктестерімді және әртістерді шақыратынмын. Бұл менің мансабымды дамытудағы дұрыс стратегиялық қадамым болды деп ойлаймын.
 
Көшбасшылық статусыма апарар жолда аянбастан еңбектеніп жүріп, мен біріншіден жалғыз басты және нәзік әйел екенімді мүлдем ұмытып кетіппін. Дәл сол кезде мен өзімнің үлкен махаббатымды, қымбатты да сүйікті жұбайымды жолықтырдым.  Бұл кездесу менің басымнан өткен өмірімдегі айтарлықтай қиын сынақтар үшін сыйы болды деп жиі ойлаймын.
 
Менің кәсіби мансабыма және ұлттық бағдарламаға қосқан баға жетпес үлесі үшін күйеуім Владимирге айтар алғысым шексіз! Біздің 7 Семинарымызда, барлығы соның арқасында! Бұл дизайн және басылым өнімдерін өндіру, сценарий мен режиссура, марапат кештерін жүргізу, залды безендіру, әннің сөзі, фонограмма жазу, техникалық жабдықтар... Осының барлығы жоғары деңгейде болатын!
 
Табысымның құпиясы мен рецепті туралы жиі сұрап жатады. Мен бұл жерде құрамдас бөлігі көп деп ойлаймын. Мұнда ісімен деген қарым-қатынасым, мені қоршаған адамдар, басымнан өткен өмірлік жағдайлар.... Менің комсорг ретінде босатылған шахтадағы тәжірибем, содан кейін Горком комсомолының екінші хатшысы, тарих пәнінің мұғалімі,  пионер дружинасының төрағасы – осының барлығы  адамдармен тілдесудің, жетекшінің айрықша үлкен тәжірибесі. Мен жұмыс уақытымды бекерге өткізбей, еңбектенуді, жұмысқа уақытында келуді, еңбекпен өтеуді, тәртіпке  үйрендім. Осындай өмір мектебі маған «Мэри Кэй» бизнесін құруға көмектесті.
 
«Мэри Кэй» компаниясымен 13 жыл, оның 11 – Көшбасшы статусында болыд. Мен 13 Бриллиант Ара (оның жетеуі – Ханшайымдікі), 23 Жұлдыз, «Пежо 206» және «Пежо 207» екі корпоративтік автомобилін алдым, Далластағы Семинарға төрт рет қатыстым. «Көшбасшылар саяхаты» бағдарламасын сәтті аяқтап, күйеуіммен бірге таңғажайып елдерге естен кетпес саяхаттар жасадық – Испания, Греция, Хорватия, Бали аралы, Хайнань аралы, Австрия, Доминикан Республикасы, Англия және Куба аралы. Мен 2009 жылғы Риясыздық ханымы лауазымының иегерімін, 2005 жылғы Mary Kay Университетінің ең таңдаулы бітірушісімін.
 
Бүгінде мен – «Мэри Кэй» Аға Ұлттық Көшбасшысымын, менің «Мен-тарихымның» жалғасы міндетті түрде болады!