Баян Шайзоллаева Независимый Национальный Лидер Компании "Мэри Кэй" в Казахстане

Баян Шайзоллаева

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Ұлттық Көшбасшысы
 
7 жыл ішіндегі менің жетістіктерім, Табыс баспалдағы бойынша табысты қадамдарым  мен үшін ұмытылмастай болды. Мен Компанияға 2001 жылдың 29 тамызында келдім де, бірден 1 қыркүйек күні бұрынғы жұмысымнан шығып кеттім (Mary Kay-ге дейін мен мектепте мұғалім болып жұмыс істеген едім). Кейде өзім де таң қаламын: өмірімді өзгерту үшін мұндай қадамға қалайша бардым екен деп ойлаймын. Ал мен де тіпті сауда, косметика, Компания туралы толық ақпаратта жоқ еді. Маған Бас ұйымдастырушым, бүгінде Аға Ұлттық Көшбасшым Айнұр Акашеваның құлшынысы мен сенімі қатты ықпал етті. Алғышқы алты ай ішінде менің саудам бар-жоғы 70 долларды құрады, бірақ мен Mary Kay-ді тастап кетуді ешқашан ойламаппын, өзіме әрқашан «Шыда, бәрі жақсы болады!» деп айтатынмын. Жақындарым мені түсінбейтін, ешкім ештеңе сатып алмайтын, барлығы маған жаңа жолды дұрыс таңдамағанымды айтып аяйтын және ары қарай не істеуге болатыныма кеңес беретін. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым. Көз жасымды көрсетпей, келеке еткендерін көңіліме алмай, класстар өткізіп, әдебиеттерді, Мэри Кэй Эш-тің кітаптарын және корпоративтік басылымдарын оқыдым. Табысты әйелдердің тарихтарын оқып, «Менің қолымнан келеді!» деп өзіме айтатынмын. Менің табандылығым, бірбеткейлігім тура бір жылдан кейін жемісін бере бастады, мен Бизнес-Топ Көшбасшысы статусын алдым.
 
Бүгінде, мен жетістігімнің құпиясы – бұл қарым-қатынастар, тілдесулер, табысты адамдармен кездесулер деп сеніммен айта аламын. Естен кетпес кездесулер көп болды, дегенмен ең жарқын кездесу – менің Көшбасшылық дебютыма Сильченко Надежда, Мунатаева Валентина және Абдыбаева  Жаннаның келуі болды. Бұл мені таң қалдырды және шабыттандарды. Мен Mary Kay  компаниясының Көшбасшылары - табысты әйелдерімен Францияда, Туркияда, Тунисте Және АҚШ-та болған кездесулерді ұзақ уақыт есімде сақтаймын. 2003жылы Mary Kay Универститетінің тыңдаушысы болып, Университеттің 2002 жылғы ең таңдаулы бітірушісі Измайлова Еленамен кездестім, оның кеңестерінің арқасында, мен Mary Kay Университетінің таңдаулы бітірушісі және Халықаралық категориядағы тренер атағын алдым.
 
Тағы бір естен кетпестің бірі Ресей Ұлттық Көшбасшысы Горина Людмиламен кездесу болды. Мен бұл әйелдің еңбекқорлығы мен даналығына таңданамын. Ол өзінің Еншілес Көшбасшыларына сондай сүйіспеншілкпен және жан-тәнімен беріле қамқорлық жасайды, біздің барлығымызға батыл, бай болуға көмектеседі және өзіңнің сәтсіздіктерің үшін басқаларға кінә тақпауға үйретеді.
  
Табысты адамдармен қатынасу мен үшін қалыпты жағдай, қызықты кездесулерге, іс-шараларға және саяхаттарға шығу дәстүр болып қалды. Мен әрекеттеріме талдау жасауды, алдыма мақсат қойып, оған жетуді, кереметтерге, адамдардың потенциалына өзімнің мүмкіншіліктеріме сенуді үйрендім. Мэри Кэй кітаптары менің жол көрсетушім болды. Менің оның табандылығына, еңбексүйгіштігіне тағ қаламын, кейде қолымнан ештеңе келмейтінін сияқты болғанда, оның «Сенің қолыңнан бәрі келеді!» танымал сөзін есіме аламын да, алға қарай жылжи түсемін. Мен бақыттымын және менің өмірімде Мэри Кэй Эш пен оның арман-Компаниясы пайда болғанына Акашева Айнұрға шексіз алғысымды айтамын.
 
Тек қана Mary Kay-де адамдардың қаншалықты дарынды болатынын түсіндім. Осы жерде мен өзімнің шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерімнің барлығын жүзеге асырдым, мен өзімнің бойымдағы шешендік өнер дағдыларын дамыттым,өмір сүру деңгейімді көтердім. Мен батыл, дені сау және бақытты адам екенімді түсіндім; алға қойған мақсатымнан бас тартпауды, өзіме, Компанияға және адамдарға  сенуді үйрендім. Мен стереотиптерден бас тарттым, менің өміріде барлығы тамаша болады. Мен адамдарға қаншалықты көп нәрсе берсек, соншалықты көп нәрсе алатынымызды түсіндім. Өз тәжірибемде чемпиондармен тілдесу чемпиондық нәтижелердің негізі болатынына көз жеткіздім.
 
2003 жылы мен үлкен көлк апатына түстім. Бес күннен кейін есімді жиып, өзіме не болғанын түсіндім де, барлық арманым мен жоспарларымның быт-шыты шықты деп ойладым. Алтыншы күні менің жанымда менің Аға Көшбасшым Акашева Айнұр отырды. Айнұр өзімен біздің филиалымыздың Бас директоры Константин Кулиничтің қолдау және сенім сөздері жазылған ашықхат алып келіпті. Бұл маған күш беріп, көмектесті. Айнұр кетіп бара жатып: «Құдайға шүкір, сен тірісің, мен саған сенемін: сен келесі жылы жеңіске жетіп, Далласқа барасың. Ойлан да, іске кіріс!» -деді.
 
Он екі айдың жетеуін мен Семейдегі ауруханаларда және Новосибирскідегі жеке клиникаларда өткіздім. Мен ең қиын міндетті жеңіп шығуым керек болды - еңсемді түсірмей, сауығып кету және сонымен бірге жұмыс істеу. Күн сайын Қазақстанның барлық Кеңесшілері мен Көшбасшылары маған қоңырау шалатын, барлығы маған сенетін және қолдау көрсететін. Мен осы адамдарды сенімін ақтамауға құқығым жоқ еді. Сол кезде шынында менің бос уақытым болған жоқ, менімен бірге әрқашан телефон, калькулятор және Бизнес-Тобымның қағаз бетіне шығарылған сауда нәтижесі болатын.
 
Сол уақытта тағы бір маңызды оқиға болды – Сильченко Надежда мені өзінің Ұлттық бағдарламасына алды. Алдымда мені алты операция күтіп тұрды, бірақ мұның барлығы мені аяғымнан тік тұрғызатынын анық түсіндім. Негізгі ем Новосибирскіде өтті. Кетіп бара жарып, не достарым, не таныстарым  жоқ,  бөтен қала деп қатты уайымдап едім, алайда мен қателесіппін. Менің Новосибирскіде екенімді біліп, Ресейдің Жетекші Ұлттық Көшбасшысы Грановская Лейла іздеп, тауып алды. Оның қолдау сөздері, мейірімділігі, ашық жүзділігі мені таң қалдырды. Операциядан кейін ол отбасымен маған ауруханаға келіп тұрды, үйіне қонаққа шақырды. Мен қайтадан армандарым мен барлық жоспарларыма  қанат бітіп жатқанын сезіндім де, жол апатынан бұрынғы қойған мақсаттарыма қол жеткізе алатынымды түсіндім.
 
Семинар жылының аяғында мен орасан жетістіктерге қол жеткіздім: Бриллиант Ара, Бизнес-Топтың Жетекші Көшбасшысы, Далластағы Семинарға және  Парижге сапар. Маған қолдау көрсеткендердің барлығына, маған сенім артқандарға және Аллаға жалбарынғандарға, маған телефон шалып, хат жазғандарға, біздің офистің қызметкерлеріне, Ұлттық Көшбасшылар Грановская Лейлаға, Сильченко Надеждаға, Айнұр Акашеваға, Кин Тамараға және тағы басқа көптеген достарым мен әріптестеріме алғысымды айтамын.
 
Егер сенің достарың мен әріптестеріңе деген қарым-қатынасың адал болса, пайда әкелсең, сенім орнату үшін себепші болсаң, адамдарға алға қарай жылжуға көмектессең, шешімі табылмайтын мақсат жоқ екеніне мен нық сенемін.
 
Көшбасшы бола салысымен, мен екі нәрсені түсіндім: жоспарлай білу,  жеке және командамен жұмыста өз жүйеңді құра білу керек. Алдын-ала жоспарланған және екі жыл ішінде өткізілген ай сайынғы академиялар, салтанатты жиналыстар, кездесулер, қонақ кештері, аймақтарға сапарлар айтарлықтай нәтиже берді. 2005 жылдың 1 қыркүйегінде мен Ұлттық Көшбасшы болдым. Жұмыс өтілі тура 4 жылды құрайды. Mary Kay-ге 29 жасымда келіп, 33 жасымда Ұлттық Көшбасшы атандым. Бұл тек Mary Kay-де мүмкін! Мен әрдайым өзімнің Көшбасшыларыма және еншілес Көшбасшыларыма былай айтып отырамын: «Сендердің армандарың мен жоспарларың адамдарға, жағдайларға байланысты болмау керек. Міне, жақын арада команда жұмыс істей бастайды да, Жұлдызды Кеңесшілер пайда болады деп күтуге болмайды. Барлығын өзің істеуің қажет. Егер күтсеңдер, барлығынан айырылып қалуларың мүмкін».
 
Мен үшін ең қымбат нәрсе – бұл менің айналамдағы адамдар. Бұлар отбасым, әпкелерім мен ағаларым, бұл менің тамаша қызым Меруерт. Бұл «Чемпиондармен байланыс чемпиондық нәтиже көрсетеді!» ұранымен өмір сүретін және жұмыс істейтін менің ынтымақты «Чемпиондар» Ұлттық желім. Біз сауда көлемі бойынша ең таңдаулы ондықтың қатарындамыз, біз екі мәрте Бриллиантты Ұлттық желі болдық.  Соңғы уақытта Mary Kay-дің арқасында мен Грецияда, Мауи және Гавай аралдарында демалдым, Мексикада, Таиландта, БАЭ болдым. Осының барлығы әлемнің ең таңдаулы Компаниясы - Mary Kay компаниясындағы жұмысымның арқасы. Бұл тек қана бастамасы. Бүгінде менің зор артықшылықтарым мен жоспарларым бар, мен бизнесіме көрсетілетін Компаниядан күш-қуат пен қолдауды сеземін. Мен Mary Kay-де жұмыс істегенім үшін бақыттымын! Бізге қосылыңыздар.