Калдыгуль Мусаева​​ Независимый Национальный Лидер Компании "Мэри Кэй" в Казахстане

Қалдыгүл Мұсаева

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Ұлттық Көшбасшысы
 
Қазақ ұлттық салт-дәстүрі мінсіз сақталған Қызылорданың тумасымын. Менің ата-аналарым – дала ақсүйектері, он баланың әкесі Әділбай мен анасы Салжан балаларын еңбекқорлыққа, мақсатқа ұмтылушылыққа, өзіне және басқаларға деген жауапкершілікке тәрбиелеген. Үлкендер әрқашан кішілерге қамқор болатын, ал кішілер үлкендерді тыңдайтын.
 
Мен төрт қыздың ішіндегі үлкенімін. Менің сіңлілерім еліміздің әр жерінде тұрады, бірақ дәл солар менің командамның бірінші мүшелері болды және мен бәріміздің басымызды біріктіріп, Mary Kay сұлулық жөніндегі Кеңесшісінің әдемі бизнесіне алып келгеніме өте қуаныштымын. Қазіргі уақытта сіңлілерімнің әрқайсысы өзінің жеке Бизнес-Тобының Көшбасшысы.
 
Бүгінде менің үлкен, ынтымақты командамда бүкіл Қазақстан мен Қырғызстан бойынша әйелдерге сұлулық сыйлайтын 800-ден астам бизнес-ханым бар.
Армандар орындалады! Мен бір тамаша сәтте ең ақылға сыймайтын қиялдарың шындыққа айналатынына сенемін. Тек іштарлық пен көре алмаушылық жоқ, таза, шын жүректен армандау керек. 90-шы жылдардың басында теледидардан танымал америкалық «Даллас» сериалы көрсетілетін, мен кейіпкерлердің берекелі, көңілді өмірлеріне қарап, осындай қызық елге баруды, бай мейрамханада отыруды армандаушы едім.
 
 Міне, бірнеше жыл өткеннен кейін, тағдырымның еркі бойынша, маған әлемнің әрбір бұрышынан жиналған, сүйікті Mary Kay сұлулық жөніндегі Кеңесшісі мамандығымен біріктірілген әдемі, дәулетті әйелдермен дәл сол сериалдың кейіпкерлері демалған мейрамханаларда тілдесу мүмкіндігі берілді. Даллас – бұл мұнай магнаттарының, көк қабатты үйлердің және қызғылт кадиллактардың тамаша қаласы, Mary Kaу компаниясының басты офисі орналасқан қала, Компанияның ен маңызды мерекелік іс-шаралар өтетін қала, үш жыл қатарынан мені қарсы алып, туылған күніммен құттықтап жатыр. Былай болғаны ғой, Қазақстандағы Mary Kaу компаниясының ең табысты бизнес-ханымдардан тұратын ресми делегациясы жыл сайын Даллас қаласында өтетін Семинарға шақырылады, олар Алматыдан 25 шілде – менің туылған күнімде шығады да, келесі күні таңертең Құрама Штаттарда 25 шілде басталады. Сөйтіп мен туылған күнімді екі күн қатарынан тойлаймын. Сіздер қалай ойлайсыздар, бұл сәйкестік пе, әлде жолы болғыштық па? Мүмкін бұл жай ғана өмірге, адамдарға деген сүйіспеншілігім үшін, жақындарыма, достарыма, сүйікті ісіме, тамаша өмір туралы жалықпайтын арманыма адалдық үшін тағдырымның сыйы шығар. Өмірдегі біздің миссиямыз - адамдарға мейірімді, сұлу, бай болуға көмектесу екеніне сенімдімін.
 
Қазақстандағы рыноктық экономиканың бастапқы кезеңдерінде «әлсіз жыныстылардың» кейбір өкілдері келешекке сенімсіздікпен қарағанда, мен кезекпен ағаш шеберханасын, тігін цехын, тоңазытқыш цехын басқара отырып,  ертеңгі күніме сеніммен қарайтынмын. Mary Kay компаниясына келмей тұрғанымда, іскерлік, жеткіліктілік қасиеттері менімен бірге болатын. Бірақ ең бастысы – жұмыстан алған қанағаттану сезімі мен жетістіктерімді  мойындау жетіспейтін еді.
 
Нағыз әйел ретінде, өмірдегі орнымды нақ осы қызық және әдемі Mary Kay бизнесіндегі қызметімнен таптым.
 
Осындай сұлулық жөніндегі Кеңесші мамандығы бар екенін естіп, мен Mary Kay-дегі жұмысымды 2000 жылдан бастадым. Он ай өткеннен кейін-ақ мен бизнес-тобымның Көшбасшасы болдым және жұмыста көрсеткен жоғары нәтижелерім үшін Компанияның ең беделді марапаты – Бриллиант Араны алдым. Бір жылдан кейін жаңа табысқа жеттім – Аға Көшбасшы болдым.
 
Ал тағы бір жылдан кейін менің арманым орындалып, Компанияның ең басты оқиғасы Семинар сахнасында Жетекші Көшбасшы ретінде тұрдым, тағы бір жылдан кейін  Зиялы Жетекші болдым.
 
Мансабымның жылдам өсу қарқынының құпиясы менің әрқашан қонағы көп және дастарқаны жаюлы, жылы, қонақжай үйімде жасырынған. Өмірімнің басты артықшылығы – менің отбасым, адал жарым және үлгілі әкем Болатбай Мұсаев. Тағдырым маған дарынды балалар берді. Үлкендерім Лаура мен Әнуар – Астанадағы Евразиялық университеттің студенттері, Сәкен - мектепте оқу озаты, ең кенжем Арайлым сұлу ханшайым, отбасымыздың сүйіктісі. «Арай» деген «таң шапағы, нұры» дегенді білдіреді,  Арайдың дүниеге келуімен байланысты біздің отбасымызда ізгі өзгерістер мен мерекелер басталды.  Былтыр мен Жыл ханшайымы болғанда, біз тақта бірге отырдық: анасы – Ханшайым және қызы – Ханша.
 
Компаниядан алған менің марапаттар коллекциямда – бес Бриллиант Ара бар, бұл жай бірнеше мың тұратын қымбат брошь ғана емес,  бұл еңбексүйгіштік пен жоғары жетістіктер символы, қайтпас еңбек пен рухани адамгершілік құндылықтарының дәлелі.
Менің ұраным: «Әрқашан әйел болып қалу!»