​Валентина Мунатаева Независимый Национальный Лидер Компании "Мэри Кэй" в Казахстане

Валентина Мунатаева

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Аға Ұлттық Көшбасшысы
 
Бір ақылды ер адам: «Еркектің иығында басы болу керек, ал әйелдің – жүзі» деп айтқан екен. Әрқашан да келісемін. Жасына, ғасырға, дінге қатыстылығына, экономикалық жағдайына, саяси құштарлығына, географиялық жағдайына байланысты емес. Себебі, әйел – бұл сұлулық.
 
Дегенмен, қалайша сұлулығыңды сақтап, әрдайым лайықты келбетке ие болу керек? Мұндай сұрақты мен бірінші рет, шамамен 35 жастан асқаннан кейін, айнаға үңіле қарадым да, жасым ұлғайып келе жатқанын байқадым. Құтқарушы құралдарды іздестіру басталды, дұрысында, алдымен құтқару тәсілдері туралы ақпарат іздей бастадым. Бір күні көрнекті журналдардың бірінен жағымды ақпарат табылды, сүт, жеміс және гиалурон қышқылы жас ұлғаюы метаморфоздарына ұшыраған теріге құтқарушы түрінде әсер етеді екен, тамаша: ақпаратты болу дегеніміз – қарулы болу деген. Нақты құралдармен қарулану ғана қалды. Бірақ мәселе мұнда емес. Көп уақыт өтті, көптеген құралдарды байқап көрдім, бірақ сол сырлы қышқылдарсыз. Сол кезде маған бұл, панацея сияқты көрінді.
 
Міне, бір тамаша сәтте 1996 жылы мені «Мэри Кэй» косметикалық процедурасына шақырды. Сонда мен өзімнің бетімді және сырлы қосындыларды «таптым». Дегенмен, бастысы бұл емес. Менде жас ұлғайына қарсы өзгерістерді жеңудің шынайы тәсілдерімен және сауатты күтім жасаумен танысуға мүмкіндік пайда болды. Және ең бастысы, бұл менің негізгі шұғылданатын ісіме айналды: мен білімімді басқалармен бөлісе бастадым. Мен «Мэри Кэй Косметикс» компаниясының сұлулық жөніндегі Кеңесшісі болдым. Жоғарғы оқу орнындағы ұстаздық жұмысымды коммерцияға ауыстыру оңай болған жоқ. Кеңесшінің жұмысына деген тоғышар көзқарас – косметика сатушы – соншалықты таяз!!! Сұлулық жөніндегі кәсіби Кеңесші – бұл сізбен сұлулық, жастық және күтімділік құпиясымен шын ниетпен бөлісетін сиқыршы.
 
Дегенмен, мұның барлығы бет туралы, ал енді иығымыздағы басымыз туралы сөйлесейік. Мен Компанияға өмірімнің қиын кезеңінде келдім: автокөлік апаты, омыртқа жотасына жасалған күрделі ота және ІІ топ мүгедегі атағын алатын өмірдің барлық сұмдықтары. Менің жеке қайсар құлшынысым дене мүшелерімнің проблемасын жеңіп шығуға ғана жетті, бірақ алдағы уақытта не болатыны туралы азғана болсын көрініс болмады.
 
Ал қазір жоғары мектепте 20 жыл істеп, жүзеге асыруға үлгермеген, барлық шығармашылық, ұстаздық, тұлғалық талантымды пайдалануға мүмкіндік берген 9 жыл Компаниямен ынтымақтастығымда әйелдерді теріге сауатты күтім жасаумен таныстыра алатыным үшін, Компаниямен және оның мүмкіндіктерімен таныстыра алатыным үшін, басқа әйелдерді осыны жасауға үйрете алатыным үшін мен марапатқа қызғылт «Мерседес» алдым. 
 
«Мэри Кэй» косметикасымен жақын танысуым өз жасымды басқаруға, жеке және кәсіби күтім ережелеріне сәйкес жасаруға мүмкіндік берді, ал Компаиня маркетингімен терең танысу 9 айдан өтісімен-ақ Бизнес-Топ Көшбасшысы статусын алуға алып келді, бірінші кезеңде 10 есе мөлшерде, ал қазір жоғары оқу орнының аға мұғалімінің айлығымен салыстырғанда 20 есе мөлшерде төленеді.
 
Басқалар сияқты мен де, қаншалықты қызық, әдемі, пайдалы және еліктіргіш бизнес екенін ойламаппын. Біздің құралдарымыздың мүмкіндігіне деген сенімім соншалықты терең және шынайы болатынына, мен әр әйел үшін күтім жасалған, әдемі, сүйкімді күлкісі мен бақыттан көздері жайнап тұрған «өзінің беті болуына» пайдам тиетіндігіне күмәнданбаймын. Әйелдердің беттері жақсара түскенін, олардың көзқарастарының өзгеруін және теріге дұрыс күтім жасағаннан кейінгі көңіл күйлерін көру қандай, тамаша!
 
Бүгінгі күні менің Компаниям маған барлығын берді: өзіме деген сенімділік, сапалы жаңа өмір сүру деңгейін, қаржы еркіндігін, шабыт, достарым. Ол маған өзім туралы жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бетімді, иығымда басымның болуын.