Роза Куттыбаева Независимый Национальный Лидер Компании "Мэри Кэй" в Казахстане

Роза Құттыбаева

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Аға Ұлттық Көшбасшысы
 
Менің Mary Kay компаниясымен алғашқы танысуым 1996 жылы болды, мен теріге күтім жасау классын өткізген Кеңесшімен таныстым да, бұл косметиканы бірден жақсы көріп қалдым.
 
Ұзақ уақыт бойы мен Компанияның клиенті, Класс иесі (маған өнімді сыйға алу ұнайтын) болдым, тек үш жыл өткеннен кейін ғана Компанияға Кеңесші ретінде келдім.
Компанияның жұмыс стилі, маркетингттік жоспары туралы біртіндеп біле бастадым да, уақыт өте келе «бұл менікі!» екенін түсіндім. Жұмыстан ләззат алу, оған қоса әрдайым қошемет, лайықты сияпат және жетістіктерге итермелейтін мотивация алатынымды түсіну, менің болашақ өмірім үшін ең жарқын және өте маңызды болды.
 
2001 жылдың қаңтар айында мен қазақстандық бөлімшесіндегі Бизнес-Топ Көшбасшысы статусын алдым. Осы жылы Далласта өтетін Семинарға бару жеңімпазы атандым. Ал қыркүйекте қазақстандық Семинарда өзімнің бірінші ханшайым арасын алдым. Мен өзіме және басқа адамдарға сенуді, өзге адамдардың жеткен табыстарына қуануды және олардың жетістіктерін мойындауды үйрендім. Ал Mary Kay-дегі жұмысымның арқасында бет терісіне кәсіби күтім жасау білімін алдым, адамдармен жұмыс істесуді, олардың қажеттіліктерін анықтауды және өмірде армандарын жүзеге асыруға көмектесуді үйрендім.
 
Мен Көшбасшыларды өсіре бастадым, 2003 жылдың қыркүйегінде Бизнес-Топтардың Жетекші Көшбасшысы статусын алдым. Киевте өткен (2004 жылдың қаңтары) Жетекші Көшбасшылар ассамблеясынан кейін, мен Ұлттық Көшбасшы болғым келетінін және оған дайын екенімді түсіндім.
 
Менің: «Егер істің жасалғанын көргің келсе, оны өзің жаса!» деген ұраным бар.  Класстар, бизнес-сұхбаттар, қонақ кештері, мини-тұсаукесерлер, мансап баспалдағымен көтерілу, жеңістер және лайықты марапаттар – осының барлығы Ұлттық бағдарламаны орындауға апаратын жол болды. Мен әрбір табысты қадамды, әрбір жаңа таныстықты, әр Бриллиант арасын жоғары бағаладым. Мұның барлығы біздің Ұлттық тармақтың барлық Кеңесшілері және  Көшбасшылары үшін үлгі болды және болып келеді. Мен жаңа статусқа немесе жаңа Араға жеткен сайын, менің бизнес-құрбыларым айтатын: «Ия, енді біз мұның шындық екенін және оған бізде жете алатынымызды білеміз», - деп. Мэри Кэй жазған: «Естеріңде болсын, сендердің Еншілес Көшбасшыларның пайда болғанда, жақсы ұстаз не істеу керек екенін көрсетеді, қалай істеу керек екенін көрсетеді, содан кейін өзінің шәкірттеріне не үйренгенін көрсетуге мүмкіндік береді. Олардың жаңа адамдарды тартуды және бизнес-серіктес табуды үйрете алатынына сенімді болыңыздар, себебі тек осындай негізде ғана жеке топтың өсуі мүмкін».
 
2004 жылдың тамыз айында мен NIQ бағдарламасын орындауға кірістім, ал 1 желтоқсанда маған Ұлттық Көшбасшы статусын берді. Қазір біздің Ұлттық тармағымызда 73 Бизнес-Топ Көшбасшысы жұмыс істейді, оның 16-сы бірінші желіден.
 
Мен үшін ең қымбат – бұл отбасым. Олар мені әрқашан қолдап, бизнесіме көмектеседі. Менің зор тілегім отбасымды қолдау мүмкіншілігімнің болуы және оларды әрдайым өмірдің жаңа деңгейіне жеткізіп отыру - менің жаңа биіктерге жету үшін басты мотивациялық күшім болады.