Надежда Карцева Независимый Национальный Лидер Компании "Мэри Кэй" в Казахстане

Надежда Карцева

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Ұлттық Көшбасшысы
  
Көктем. Күн жылына бастады. Көңіл күй жарқын және қуанышты. Қарағанды қаласының «хрущев»  үйлерінің бірінде жас ұлғаюына байланысты өзгерістерге алаңдай бастаған жас әйел «Мэри Кэй» компаниясымен Мәміле жасасып жатыр. Ол тұрмыста , оның екі сүйкімді баласы және  жақсы жалақы алатын жұмысы бар. Бұл кездесуге оны жарты жылдай жұмысына қосымша істеп жүрген және «Мэри Кэй» компаниясында сұлулық жөніндегі Кеңесші ретінде жеке бизнесі бар құрбысы алып келген.  Ол бірінші рет көріп тұрған әйел мәмілені рәсімдеуге көмектесіп жатыр....
 
Менің мансабым қалай басталғанын, еске түсірсем, сол кезде мені қандай күш итермелегенін нақты айту қиын. Анық айтарым біреу – мен құрбым Натальяға сендім, себебі  ол  өзінің бұрынғы әріптесін кездестіргенін және оның  сондай әдемі көрінетінін қуана айтып берген болатын. Бұл маған қатты әсер етті.
 
Наташа өзінің бірінші тапсырысын алғанда, мен қуана қарап шықтым және  өнімді жағып көрдім. Содан кейін мен онымен сұлулық бойынша классқа бардым. Есімде, класс  кезінде әйелдердің көздері  қайта-қайта айнаға түсіп кететін, сондай-ақ олардың таңданысы есімде, содан соң  класстан кейін өздерінің айнадағы түрлеріне қарап  таңғалды. Сонда маған бұрын-соңды ешқашан косметиканы пайдаланудан осыншама әйелдердің таңданысын көрмеппін деген ой келді.

Наталья кезекті тапсырысында сиқырлы хош иістерді сондай әдемі құтыда алды.  Сол уақытта ол менің өмірімді қаншалықты өзгертетіні ойыма кіріп шықпапты. Алған тапсырысының ішінен маған "Acapella" деген хош иіс ұнады. Оның бағасы  менің жақсы еңбекақымның жартысы болатын. Бетке күтім  жасау құралдарын сатып алдым, ал ұнаған хош иіске ақшам жетпеді. Үйге келген соң хош иісті күйеуіме көрсеттім.  Әдетте сатып алған заттарыма немқұрайлы қарайтын менің сабырлы күйеуім  таңданыспен: «Қанша?!» деп сұрады. Сол сәтте мен хош иісті сатып алмаймын деп шештім  де, Mary Kay косметикасының барлығынан көп табыс тапқым келіп кетті.
 
Сол сәтте қорықтым ба? Әрине! Қорықтым және көп нәрседен. Танымайтын әйелге ақша беруге қорықтым;  қолымнан келмейді  деп қорықтым; кеш бастадым, енді клиентте қалмады деп қорықтым; өнім қымбат тұрады, оны ешкім сатып алмайды деп қорықтым; бас тартудан, мазақтан, түсінбеушіліктен қорықтым; қоңырау шалуға, өнімді ұсынуға, класс өткізуге қорықтым....Осындай себептер көптеген әйелдерді жиі  тоқтатып қояды және олар табысты болу үшін, жаңа іске 3 жыл арнауға қорқады, сосын бұдан артық жалақы жоқ деп сеніп, 30 жыл бойы жалақыға жұмыс істеуге дайын. Мен де осы көпшіліктің бірі едім. Мен мектептегі жұмысымды жақсы көретінмін, теңдеулерді шығару, теоремаларды дәлелдеу ұнайтын, оқушылардың жете ұғынғанын және қосу ережесі алу мен қосу  түсінгені ұнайтын, бірақ мектепте 8 жыл жұмыс істегенімде не  машина, не  пәтер алған жоқпын. Саяхат туралы армандағанда емеспін. Тіпті қымбат хош иіс мен үшін молшылық еді  және оны мен туған күніме сыйлық ретінде сатып алуға ғана рұқсат ете алатынмын.  Отбасылық  қорымыз балаларымның ЖОО-да оқуының бір жылына ғана жетті. Бұл мені қатты толғандырды.
 
Балаларымның болашағына деген алаңдаушылық менің жаңа ісімнің негізін қалау үшін басты түрткі болды. Мен қосындыларды оқып білдім, терінің қартаю факторлары мен оны ылғалдандыру механизмін, макияжды дұрыс жағу ережелері мен цветотиптерінен хабардар болдым, класстар белгілеп, сценарийлер дайындадым. Дәл осы жерде мен клиенттер іздеу проблемасымен соқтығыстым.  14 жыл үзілістен кейін біздің отбасымыз Қарағанды қаласына көшіп келгеніне бір жыл болған, сондықтан менің бірде бір  бай, кедей таныстарым болмады. Ал көшеде танымайтын әйелдерге жақындап немесе косметикамен мекемелерге қалай кіру керек екенін көз алдыма елестете алмадым.
Алайда «Мэри Кэй»  бұл  жайында да ойластырып қойған екен. Сұлулық жөніндегі Кеңесшілерге арналған нұсқаулықта барлық әрекет қадам-қадаммен жазылған. Бұл бүкіл әлемдегі мыңдаған әйелдерге мансабын сәтті құруға көмектеседі. Міне, мен де осы класс Иесі жүйесін қолдана бастадым. Осы жүйенің арқасында бір жылдан кейін-ақ менде сұлулық жөніндегі Кеңесшінің ай сайынғы тұрақты табысы пайда болды,  және бұл табыс  менің жақсы жалақымнан үш есе көп еді.
 
«Мэри Кэй»-де  маған компанияның философиясы, Алтын Қағидасы ұнайды, класста әйелдердің қандай әдемі болып өзгеретіні, олардың беттері, күлкілері, көзқарасы, мүсіні және көңіл күйінің өзгергені ұнайды. Әрдайым классқа жиналып жатып, мен жаңа жұмысқа әңгімелесуге бара жатқандай сезінетінмін. Мен өзімнің әдемі және сенімді болу керек екенімді, білімім мен дағдыларымды көрсетуім керек екенін, өзім жұмыс істейтін аспапты көрсетуім керек екенін, сондай-ақ  мұның барлығын тартымды етіп безендіріп, ал ең бастысы – классқа қатысып отырған әйелдер мені өздеріне сұлулық жөніндегі Кеңесші ретінде жұмысқа қабылдау үшін көңіл бөліп, қамқорлық көрсетуім қажет екенін түсіндім. Класстарда мен косметика, Компания, өзімнің арманым – өмірімді өзгерту туралы қызықты етіп айтып беретінмін. Сол уақытта мен өмірімнің қаншалықты өзгеретінін ойлап көрмеппін. Қазір біздің іс-шараларымызда менің барлық статустарымды және жетістіктерімді атағанда, «қалайша сол көктемдегі екі бөлмелі «хрущевкада» «Мэри Кэй» компаниясымен Мәміле жасасқан  ұялшақ, өзіне сенімсіз әйел осы ма?» деп ойлаймын.
 
Маған барлығына  көмектесетін, мені қолдайтын күйеуіме алғысымды айтамын. Енді мен балаларына жоғары білім бере алған ата-аналармыз деп мақтанышпен айта аламын: қызым Ксения Техникалық университетті қызыл дипломмен аяқтады, ұлым Александр да осы университетті аяқтаған соң, оқуын Канада да жалғастырды. Қазір ол елге оралып, өзінің фирмасын ашты. Біз балаларын баспанамен қамтамасыз еткен ата-аналармыз, біз бүкіл жер шарының балаларына сұлулық сыйлайтын ата-аналармыз. Біз жаңа елге барғанда, мен олардың жанып тұрған көздерін көріп, жүрегім бақытқа бөленеді. «Мэри Кэй» компаниясына маған қайта-қайта оысндай ұмытылмас  сәттерді сыйлағаны үшін алғыс айтамын.
 
Мен толғандырған қорқыныштардан өз уақытында құтылып, жаңа іс бастауға шешім қабылдағаным үшін өзіме ризамын. Менің батылдығым, құлшынысым және табысты мансабым қызымды да жеке бизнесін ашуға шабыттандырды.    Мен қызымның Компанияның барлық жаңа марапаттарын иеленгенін көргеніме  бақыттымын: 13 Жұлдыз, екі «Алтын роза» алқасы, жеке сауда бойынша Брилииант Ара. Дегенмен оны сондай сұлу және өзіне сенімді, жаңа корпоративтік  «Шевроле Круз» автомобилін жүргізіп келе жатқанын көргенде, ерекше бақытқа кенелемін.  Мен тағы да «Мэри Кэй» компаниясына айрықша мүмкіндіктер үшін алғыс айтамын.
 
Мен Компанияның  салтанатты Семинарларын,  бриллиантарын, қымбат машиналарын, корпоративтік костюмдерін жақсы көремін. Мен сәтті орындап шыққаным үшін соңғы жылда алты рет ел аралаған, «Көшбасшылар саяхаты» бағдарламасын жақсы көремін. Мен жұбайыммен, балаларыммен және өзімнің еншілес Көшбасшыларыммен саяхатқа барғанды ұнатамын. Маған Компанияның  мені өзгерткені ұнайды, мен өзіме сенімді бола түстім, барлық күдіктерден және қорқыныштардан арылдым, менде ішкі  еркіндік пайда болды, мен жарқын және қызықты өмір сүріп жатырмын. Маған сенген әйелдердің тағдырларына ықпал ете алатыным ұнайды. Маған осы әйелдердің «Мэри Кэй»-де табысты мансап құрып, лайықты марапаттарын және сияпаттарын алып жатқаны ұнайды. Маған бірегей әйелдермен, бас әріптен тұратын тұлғалармен  тілдесу ұнайды. Мансап жолымның басында мен Компанияның «Әйелдер өмірін жақсарту» миссиясын түсінбеуші едім, қазір мен осы жолды көрсете алатыныма және «жай болғаннан, одан да көп жасағысы келетін» әйелдерге қолдау жасай алатыныма бақыттымын, маған да тәлімгерім Зиялы Жетекші Бизнес-Топтардың Ұлттық Көшбасшы Светлана Кайдаш  әрдайым қолдап, бағыт көрсетіп отыратын.
 
Табыс – бұл әрқашан тәуекелге бару. Мен өзімнің бойымдағы күш пен сенімді қайдан алғанымды білмеймін, мүмкін мен Мэри Кэй Эш-тің  «Армандар орындалады» атты  кітабын оқығаннан кейін сенген шығармын. Мен барлық әйелдер Ұлттық Көшбасшы бола бермейтінін білемін, бірақ  бұл мүмкіндіктер әрқайсысы үшін ашық. Сіз өзіңіз ғана таңдау жасайсыз!