Татьяна Бережко

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Аға Ұлттық Көшбасшысы
 
Mary Kay компаниясы мен үшін менің өмірімдегі әлдеқандай бастапқы нүкте болды. Көптеген армандарыма, қалаған нәрсеме дәл осы жерде қол жеткіздім. Mary Kay  көптеген адамдар армандайтын мүмкіншіліктері бар компания. Ол дұрыс пайдалана білуі керек сиқырлы таяқша болып шықты.
 
Тоқсаныншы жылдар бізді ғана емес, біздің көзқарасымызды да сенбестей өзгертті. Институтты бітірген туралы диплом ешкімге керек емес, ал мұғалім мамандығының айлығы аз және беделсіз болып қала берді. Менің күйеуім шахтада жұмыс істейтін, қызым 4,5 жаста болатын, мен де отбасылық бюджетті толтыру үшін жұмыс іздей бастадым.Біз солтүстік Қазақстандағы Рудный қаласында кәдімгі екі бөлмелі «хрущевкада» тұратынбыз. Көптеген таныстарымыз жеке бизнеспен айналысатын. Ол кезде әйел не істеуші еді? Әрине, бұл базар еді.  Бірақ, мұғалім дипломымен қалай базарда тұрамын?
 
Таныстарымның бірі Лариса ірі кітап дүкенінің директоры болатын. Ол «Кітап – бұл киім, не болмаса тамақ емес» деген дәлеліне көз жеткізді де, мен оның қызы Настямен бірге базарда кітап сата бастадым. Сол уақытта менің табысым айына 100$-ды құрайтын, мен соған қуанышты болатынмын. Тек кітап толы сөмкені көтергенде қатты шаршайтынмын, сондақтан жеңіл, кішкентай, бірақ қымбат тауар тапсам екен деп армандайтынмын. Неге екенін білмеймін, мен фармацевтикалық бизнесті ойлайтынмын. Ал тағы да ең қиыны сөренің ар жағынан оқушыларыммен кездесу болатын. Мен өзімді сонша жайсыз сезінетінмін.
 
Бұл 1995 жылдың көктемі болатын. Осындай күндердің бірінде менің құрбым америкалық ерін бояғышын көру үшін өзінің сыныптасының үйіне баруды ұсынды. Сағат 18:00-де біз оның пәтерінің есігінің алдына келіп, есіктің қоңырауын соқтық. Есік ашылды да, ар жағынан үстінде тозығы жеткен халаты мен тапочкасы бар қыз қарап тұрды.
 
- Сіздер Mary Kay көруге келдіңіздер ме? – деп бізден батыл сұрады.
Мен сол кезде бірінші рет Mary Kay-дің атын естідім. Ол қыз бізді бөлмеге кіргізіп, өзі 3 минуттан кейін әдемі көйлек пен биік өкшелі туфли киіп келді. «Не үшін? Мен ернімді солай да бояушы едім - деп ойладым.
 
Бірақ ол бізді үстелге отырғызды да, менің алдымда көптеген әдемі қораптар, банкілер, құтылар пайда бола бастады. Біз кеш батқанын да байқамадық. Ал үйге қайтып бара жатып, мен 70$-ға тапсырыс жасадым. Кеңесші менен қанша табатынымды сұраған жоқ, ол менен нені қалайтынымды сұрады, себебі егер әйел қаласа, ол міндетті түрде соған жетеді!
 
Енді менің сондай класстарға қайта-қайта барғым келді, себебі мен әрдайым өзімде жоқ косметиканы бетіме жаға алатынмын, ал ең бастысы, мен макияж, өзіме күтім жасау туралы жаңа нәрселерді үйренетінмін. Сондықтан мен Класс иесі болуды шештім. Менің құрбыларым 600$ өнім сатып алды, ал мен сыйлыққа ерінге арналған қылтаяқшаны алып, қатты қуандым. Жұмыс туралы сұраққа біз теріс жауап алатынбыз. Бізді жұмысқа алғысы келмейтін. Ал біздің жұмыс істегіміз келетін.
Сол кезде өзіміз жарнаманы журналдан тауып алдық және бір аптадан кейін бізге қажетті барлық құжаттарды рәсімдеу үшін  Кеңесші келді. Бұл Людмила Горина еді. Бірінші жиналысымызға біз 350 км бір жаққа және 350 км басқа жаққа жүрдік. Маған барлығы ұнады: косметика, қарым-қатынас,философия. Екі аптада өткеннен кейін мен дүкенде 20 $ тұратын Барби қуыршағына қарап тұрып, енді менің қызым «Бізде ақша жоқ!» деген сөзді айтпайтынын түсіндім. Басқа да көптеген әйелдер мен аналар үшін де,  дәл осы менің қызым қуатты мотивация берді. Сол уақыттан бастап, мен шетелде оқу құны қанша болатынын, жылда қыркүйек айында ол келесі сыныпқа көшкен сайын уақыттың аз қалғанын түсінетінмін. Қазір ол 15 жаста және мен оған мақтанышпен: «Сен оқығың келетін кез келген елді, кез келген университетті таңдай аласың! Ақша бізге кедергі емес, себебі оны әрқашан табуға болады!» деп айта аламын.
 
Біз алғаш жүріп өтушілер болдық. 1995 жылы көптеген адамдар Mary Kay не екенін білмейтін. Сондықтан сауатсыздықты жоюды жеңіп шығуымыз керек болды. Күніне мен 2-3 класс өткізетінмін және барлығы да жақсы көрінетін. 1,5 айдан кейін менің отбасымды қырсық шалды. Күйеуім жан сақтау бөліміне түсті. Қиналғаным соншалықты, көзімнен жас шықпайтын. Тура 2 аптадан соң маған таңдау жасау керек болды:  пәтерімді сатып,  5 жасар қызыммен көшеде қалу немесе клиенттеріме барып, күлімсіреп класс өткізу. Маған күйеуімнің емін төлеу үшін ақша керек болды. Мен клиенттеріме бардым. Тағы да менің түсінгенім Бизнес-Топ Көшбасшысы тұрақты комиссиялық сияпат алатын. Ал маған сол тұрақтылық қажет болатын. Бір жыл өтті. Күйеуіме 5-ші, 6-шы ота жасалды, ал мен Көшбасшы статусында болдым. Содан кейін Далласқа жеті рет бардым, 3 үлкен ханшайым арасын және бір фрейлина сақинасын алдым. Қазақстандағы ең үлкен Бизнес-Топтардың бірі, қазіргі күнге дейін, Көшбасшылары көп үлкен командалардың бірі (100-ден аса) менің командам. Дегенмен, ең бастысы, қазір Алматыда үйім, отбасым бар, бүгінде менің өз армандарымды ғана емес, өзімнің жақындарымның да армандарын іске асыруға мүмкіндіктерім бар.
 
Кеңесшіден Ұлттық Көшбасшы статусына дейінгі жолды мен 8 жыл 10 ай жүріп өттім. Сіздер мұны жылдам әрі сапалы жасай аласыздар, себебі бұл жолда мен сіздерді алып жүремін. Мейлі, ол 9 жыл болсын. Айтыңызшы, сіз келешегі бар істі таңдауға дайынсыз ба? Сіз 9 жылдан кейін сатып алған емес, сыйға алған жаңа Мерседеске отыруға дайынсыз ба? Сіз жылына 5 рет шетелге сапарға шығуға дайынсыз ба? Сіз өз мүмкіншіліктеріңіздің көкжиегін кеңейтуге дайынсыз ба?

Егер дайын болсаңыз, бұл компания сіз үшін!!!