Айнұр Акашева

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Аға Ұлттық Көшбасшысы
 
Аллам, менің отбасым және менің өмірім маған таңғажайып сыйлық сыйлады – бұл Mary Kay компаниясымен кездесу.
 
1996 жылдың ақпан айы. Мен қазақстандық әскери офицерінің әйелімін, екі қыздың анасымын, білімі жоғары туралы екі дипломы бар әйелмін, тұрақты жұмыс орным жоқ, бірақ үй жағдайында торт пісіретін үш жылдық жеке кішкентай бизнесім бар, ылғи бет терісіне дұрыс күтім жасауды және Mary Kay компаниясымен кездесуді іздейтінмін.
Менің сұлулық жөніндегі Кеңесші болу арманым 1994 жылы туындаған. Ғажайып компания туралы мен өзімінің әпкем Айгүлден білдім (ол Қазақстандағы Mary Kay компаниясының ең бірінші клиенттерінің бірі болатын), арманым 1996 жылдың 26 ақпанында жүзеге асты. Мен 020500 номерлі Mary Kay  бүтін отбасының бір бөлшегі болдым, алдымда күтіп тұрған ертегіні сезбестен, БҰЛ дәл МЕНІКІ екенін түсіндім.
 
2005 жылдың қаңтары - Mary Kay таңғажайып еліндегі 9 жыл жұмыс маған Табыс баспалдағына 19 жұлдыз, 5 Бриллиант Ара, Далласқа 4 сапар, Көшбасшылардың Италияға, Маврикия аралына саяхатын сыйлады. Жұлдызды режимдегі жұмыстың алғашқы 4 жылы (1996 жылдың ақпаны мен 1999 жылдың желтоқсан аралығы) маған 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мыңжылдықтың Көшбасшысы болу мүмкіндігін берді.
Далласқа бірінші сапарымның және Қазақстандағы нәтижелі жеке саудам үшін алған төртінші араның арқасында 2001 жылы мен тамаша компанияны және оның күш-қуатын көрдім. Далластағы Конвеншен орталығындағы Семинар сахнасында тұрып, келесі жылы Кеңесшілерді тарту Ханшайымы ретінде қатысу тілегімді айттым.
 
2002 жылы Даллас – Семинар сахнасы – арманым орындалды. Мен – Кеңесшілерді тарту бойынша Қазақстан Ханшайымымын. Келесі мақсатым – Қошемет айналымы бойынша Араны алу.
 
2003 жылы Даллас – Семинар сахнасы – мен Қазақстанның Қошемет айналымы бойынша ІІ Фрейлинасымын. Қайтадан жаңа мақсат – 2004 жылы Ұлттық Көшбасшы статусы.
2004 жылы Даллас – Семинар сахнасы – мен еншілес Көшбасшым Баян Шайзоллаевамен және 2004 жылдың қыркүйегінен бастап NIQ бағдарламасын бастауға нық сеніммен тұрмын.
 
Ең маңыздысы NIQ бағдарламасының 4 айы (қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан) болды. Мен жанымдағы адамдарға деген жауапкершілікті түсінуге, Кеңесшілердің және олардың отбасыларының жүректерін сезінуге, Көшбасшылармен тығыз байланыста болуға, Қазақстан әйелдерінің ең алғашқылары болуға мүмкіндік бергеніне Аллаға алғысымды айтамын.
 
Mary Kay-дегі 9 жыл жұмысым мені ілтипатты, сезімтал, әрбір Кеңесшіге және Көшбасшыға көңіл бөлуге, олардың отбасымен танысуға, қызуғышылықтарын білуге, оларға болашаққа жоспар құрып, мақсат қоюға көмектесуге және АРМАНДАУДЫ үйретуге көмектесуді үйретті.
 
Осы жылы мен Далласқа 5–ші рет бардым. Бұл жолы мүлдем басқа, жаңа Ұлттық Көшбасшылардың ассимиляциясы болды. Бұл жаңа Ұлттық Көшбасшылармен кездесу Mary Kay-дің әйелдер өмірін жақсарту миссиясын жауапкершілікпен және терең ұғынғанымды сезіндірді. Мен Mary Kay мирасын өз қолыма қабылдап, оны барлық Көшбасшыларға таратамын. Мен Мэри Кэй Эш-тің жеке тұлғаның дамуына арналған 15 негізгі қасиетінің ішкі мәдениетінің маңыздылығын түсіндім.
 
Қазір менің «Нұр сәулелі жүректер» (біздің желіміз осылай аталады) Ұлттық желімде бірінші желі бойынша 9 Көшбасшы мен 1 DIQ, екінші желі бойынша 20 Көшбасшы және 3 DIQ, үшінші желіде 20 Көшбасшы және 13 DIQ бар.
 
«Нұр сәулелі жүректер» Көшбасшыларының әрқайсысына сенемін және бәріміз бірігіп, Мэри Кэй Эш-тің: «Бүкіл әлемдегі әйелдер өмірін жақсарту» арманын жүзеге асыру үшін жұмыс істеп келеміз. Алтын Қағиданың арқасында біз Mary Kay мирасы мен компанияның артықшылықтарын сақтаймыз.
 
Менің арманым ең аз дегенде 20 Ұлттық Көшбасшы өсіріп шығару, солардың қатарында қыздарым Тамаша мен Жібекті көру.
 
Алғыстарыңызды айта біліңіздер және Mary Kay мирасына айнымастай берік болыңыздар!