БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ КӨПТЕГЕН НӘРСЕНІ ӨЗГЕРТУ

АҚШ-та Mary Kay компаниясы әйелдер мен балалар өмірін жақсартуға ұмтылады, жекелеп алғанда, отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға және оның алдын алуға ықпал ету жолымен:

Mary Kay компаниясының қолдауымен Mary Kay Қайырымдылық қоры барлық 50 Штатта зорлық-зомбылықты тоқтату және үйдегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге баспана салу бойынша ішкі бағдарламаларға 28 млн АҚШ долларын және ракпен күреске 15 млн АҚШ долларын аударды.
 
Mary Kay Қайырымдылық қоры отбасындағы проблемалар туралы екі документалдық фильмге демеушілік көрсетті – «Үнсіздікті бұзу: үміт саяхаты» (2001 жылдың күзінде) және «Үнсіздікті бұзу: балалардың әңгімелері» (2005 жылы).
 
АҚШ-тағы әрбір үш жасөспірімнің бірі психологиялық, сексуалдық, тұрмыстық немесе эмоционалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Mary Kay компаниясы «Үзілген шеңбер» ұлттық бейкоммерциялық ұйымымен бірге үйдегі зорлық-зомбылықты тоқтатуға бағытталған интерактивті фильмді шығаруға демеуші болды. Бұл фильм 2010 жылдың ақпан айында өткізілген «Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы айлық» акциясының шеңберінде бүкіл елдегі мектептерді көрсетілді. Бұл оқу-сақтандыру бағдарламасы жасөспірімдерді өзара сындарлы қарым-қатынас жасауға үйретеді. Біздің серіктестігіміз  www.enddatingviolence.com  сайтында заң қабылдаушы органдарға күнделікті өмірде жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықты тоқтатуға бағытталған онлайн-петицияны ұсынумен де жалғасып келеді.   
 
1980-ші жылдардан бастап Mary Kay және сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер Конгрессте және заң қабылдаушы органдарда әйелдерді жәбірлеуге қатысты Заңды және жақында жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық туралы заң жобасын, оларды хабардар ету және сақтандыру мақсатында, жылжытып келеді.

Mary Kay компаниясы және Mary Kay Қайырымдылық қоры Arbor Day Foundation ұйымымен бірлесе отырып, бүкіл елдегі әйелдерге арналған баспаналарда табиғатпен жақынырақ болу үшін  оқу бөлмелерін салды. Бұл бөлмелер табиғаттың күші балалардың оқуына, ойнауына және үйдегі зорлық-зомбылық салдарларынан емделуіне көмектесетін қолайлы кеңістік жасауға мүмкіндік береді.

Mary Kay әлеуметтік жұмыстарының нәтижелерін бүкіл әлемнен көруге болады. Бұл біздің бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін қалай жақсартып келе жатқандығымыздың аз ғана мысалдары. 

АҚШ ЖӘНЕ КАНАДА

1996 жылдан бастап Mary Kay Қайырымдылық қоры барлық 50 Штатта зорлық-зомбылықты тоқтату және үйдегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге баспана салу бойынша ішкі бағдарламаларға 28 млн АҚШ долларын және АҚШ-тағы рак ауруымен күрес саласындағы зерттеулерге 15 млн АҚШ долларын аударды . Канададағы Mary Kay Қайырымдылық қоры да өз күш-жігерін отбасындағы зорлық-зомбылықпен және әйелдердің рак ауруларымен күреске жұмылдырады. $500 000 астам қаражат бүкіл Канададағы әйелдер баспанасына көмектесу және оқытушы бағдарламалары дамыту үшін аударылды, осыған қосымша 100 000 әйел Mary Kay Қорының «Жақсы көрін, өзіңді жақсы сезін» бағдарламасының арқасында гранттар алды.

АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТ АЙМАҒЫ

Біздің Азия-Тынық мұхит аймағындағы қызметіміз әйелдердің проблемаларын шешуге, қыздарды оқытуға және үйдегі зорлық-зомбылықты тоқтатуға бағытталған. Қаражат Үндістандағы кедей отбасыларынан шыққан қыздарды компьютерлік сауаттылыққа үйретуге, Кореяда балаларға арналған кітапхана салуға, Қытайдағы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан қыздарға білім беруді қаржыландыруға аударылады. Mary Kay бөлімшелерінің жұмыстары осы аймақтағы әйелдер мен балалар өмірін жақсартуға салмақты үлес қосты.

ЕУРОПАЛЫҚ АЙМАҚ

Компанияның Еуропалық аймақтағы қайырымдылық жұмыстары да әйелдер мен балаларға көмектесуге бағытталған. Mary Kay жұмыстарына Украинадағы емшек рагынан сақтандыру және оны емдеу кампаниясы, Испаниядағы адамдарды сатумен күрес ұйымдарымен ынтымақтастық кіреді. Біздің күш-жігеріміз Германиядағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмектесуге, Қазақстанда ауыр сырқатты балаларды емдеу үшін медициналық жабдықтар сатып алуға, Ресейдегі беттерінде ақау бар балаларға тегін операция жасауды ұйымдастыруға бағытталған. Бұл Mary Kay-дің Еуропадағы бөлімшелерінің белсенді қайырымдылық жұмыстарының аз ғана бөлігі.

ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ

Латын Америкасы өзінің күш-жігерін үйдегі зорлық-зомбылықты тоқтатуға көмектесуге бағыттайды. Қаражат балаларға арналған баспаналарды қолдауға және үйдегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға тегін психологиялық, медициналық және құқықтық көмек көрсету үшін аударылады. Mary Kay-дің Мексикадағы бөлімшесі баспаналар мен әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық туралы хабардарлық деңгейін жоғарылату жөніндегі кампанияларға арналған халықаралық оқытушы семинарға, «шұғыл желіні» қоса алғанда, демеушілік көрсетті. Mary Kay өз күш-жігерін әйелдер мен балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағыттауын жалғастырып келеді.

АПАТТАР ОРЫН АЛҒАНДА

  • Гаитидегі жер сілкінісі. Mary Kay компаниясы төтенше көмек көрсету үшін «Қызыл крестке» 100000 доллар аударды.
  • «Рита» және «Катрина» дауылдары (Техас және Луизиана, АҚШ). Mary Kay компаниясы осы жолындағының барлығын күйретіп өткен дауылдардан зардап шеккендерге ақшалай қаражат және 5 миллион доллардан астам сомаға косметикалық өнім бөлді. Сонымен бірге «Катрина» дауылының салдарларын жою мен қалпына келтіру үшін бір миллионнан астам қаражат аударды.
  • Habitat for Humanity  («Адамзат үйі»). 2006 жылдан бастап Mary Kay компаниясы АҚШ-та үкіметтік емес Habitat for Humanity ұйымының Mary Kay қызметкерлері мен сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерінің көмегімен салынған көптеген үйлердің құрылысына да демеушілік етті.
  • Табаскодағы су тасқыны, Мексика. «Mary Kay Мексика» үкіметтік емес Habitat for Humanity ұйымының 2007 жылғы масштабты су тасқынынан зардап шеккен отбасыларына арналған бірнеше үй құрылысына қолдау көрсетті. Сонымен бірге Мексикадағы Mary Kay қызметкерлері су тасқынынан кейін баспанасыз қалған тұрғындарға көмек ретінде ақшалай қаражат, киім мен азық-түлік жинады.
  • Вэньчуандағы жер сілкінісі (Қытай). Сычуань провинциясындағы күйретуші жер сілкінісінен кейін 20 ай ішінде «Mary Kay Қытай» компаниясы материалдық және ақшалай құралдармен 1,6 миллионнан астам қаражат аударды, соның ішінде Қытайдағы Қызыл крест бөлімшесі арқылы 60 уақытша баспана және төтенше көмек көрсетуге арналған пункттер берілді. Қосымша 1,4 миллион 2010 және 2011 жылдары қалпына келтіру жұмыстарына, соның ішінде әйелдердің жұмыс табуына көмектесуді, әйелдерді кәсіби дайындауды және мектептерді қалпына келтіруді қоса алғанда, бөлінді.      
  • Викториядағы ормандардың өртенуі және Квинслендтегі су тасқыны (Австралия).  «Mary Kay  Австралия және Жаңа Зеландия» бөлімшесі Орман өртінен құтқару және сұрапыл апаттардың алдын алу Армиясына әрбір Mary Kay® Кірпікке арналған көлем ұлғайтушы тушьтан түскен 5 долларды аударады.
Mary Kay President and CEO David Holl represents the company in support of Habitat for Humanity.