• Сапа кепілдігі
  • Наградалар
  • Индустриядағы ынтымақтастықтар

СЕНУГЕ БОЛАТЫН ӨНІМ. СЕНІМДІ КОМПАНИЯ

Мэри Кэй Эш 1963 жылы өз Компаниясын өзі жетекшілікке алған құндылықтар негізінде құрды: тұтастық, адалдық және Алтын Қағидаға қалтқысыз сену. Бүгінгі таңда осы құндылықтар, әйелдердің нағыз сыртқы және ішкі сұлулығын оятуға қабілетті өнім жасауды қалауымызды қоса алғанда, атқарып жатқан нәрселеріміздің барлығының да негізінде тұр. Біздің философиямыз қарапайым – әрбір өнімде біз уәде берген нәрсемізді орындаймыз. Біз өз өнімдеріміздің сапасын және ол беретін артықшылықтарды мақтанышпен қолдап келе жатқандықтан да, миллиондаған әйелдер айта алады: 
«Мен өзімнің Mary Kay әлемімді жақсы көремін!»

Біз әйелдердің нені қалайтындығына назар аударамыз
Бүкіл әлем әйелдерімен өзара бірлесе жұмыс істесу біздің оларға не қажет екенін түсінуімізге көмектеседі және үнемі оларды қанағаттандыратын және қызықтыратын өнім ұсынуымызға мүмкіндік береді. Жыл сайын мыңдаған әйелдер Mary Kay® өнімдерін ғалым-сарапшылар бақылауымен пайдаланады және бағалайды. Осыған орай біз әрбір өнім формуласының тиімділігін өлшеп, әйелдер оны пайдаланудан алғысы келетін артықшылықтарды бере алатындығына көз жеткізе аламыз. Бұл білім бізге әйелдердің бүгін қалап отырған нәрселерін ұсынып қана қоймай, олардың келешекте қалауы мүмкін өнімдер әзірлеуімізге де көмектеседі.

Құралдардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз
Жыл сайын Mary Kay Inc. компаниясы зерттеулер жүргізу үшін миллиондаған долларлар бөліп, әрбір қосындының және дайын өнімнің ең жоғарғы қауіпсіздік, сапа және тиімділік стандарттарына сай келетіндігіне көз жеткізу үшін 500 000-нан астам тестілер жүргізеді. Біз қосындылардың қауіпсіздігіне қатысты әр түрлі көзқарастың болмайтындығын және кейбір пікірлердің толық емес немесе дәл емес түсінік нәтижесі болатындығын білеміз. Біз «Мэри Кэй» компаниясында қандай да бір құрал бойынша қабылданған әрбір шешімнің пікірлерге емес, ғылыми фактілерге негізделетінін тұтынушылардың білгенін қалаймыз. Біз жан-жақты ғылыми зерттеулерге сүйенеміз және өнімнің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін тәуелсіз медициналық сарапшылармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Біз бүкіл әлемдегі денсаулық қорғау және қауіпсіздік жөніндегі реттеуші органдар талап еткеннен де артық нәрселерді жасаймыз.

Тәуелсіз медициналық сарапшылар жаңа өнімдерді әзірлеуде маңызды роль атқарады
Mary Kay Inc. бүкіл әлемдегі медицина саласындағы жетекші дерматологтармен, офтальмологтармен және басқа мамандармен – теория және тәжірибе саласында - тығыз байланыс орнатқан. Осы сарапшылармен ынтымақтастықта жұмыс істеудің және тұрақты зерттеулер жүргізіп отыру мен технология саласындағы жетістіктерді бағалаудың арқасында Mary Kay Ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары дүниежүзілік классты өнімдер жасап шығарады.

Клиенттердің 100% қанағаттануы

Біз клиенттердің қанағаттануы бір реттік нәрсе деп есептемейміз: бұл бүкіл өмір бойына. Біз өнімдеріміздің сапасына 100 пайыздық кепілдік береміз. Mary Kay® өнімдерін пайдаланатын тұтынушылар әлемдегі ең ниеттес тұтынушылар болып табылады, себебі Mary Kay® өнімдері қауіпсіз, тиімді болып табылады және қалаған нәтижені береді. Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер сататын өнім үшін «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС кепіл болып табылады. Егер қандай да бір себеппен сізді қандай да бір Mary Kay® өнімі қанағаттандырмаса, онда ол сондай өнімге немесе басқасына тегін ауыстырылады немесе сіз ол өнімді сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіге қайтарып бергеннен кейін оның толық бағасы қайтарылады.
Mary Kay Inc. өнімді жануарларға тестілеуге қарсы
Mary Kay Inc. жануарларға тестілеуді жоюға тырысады және өнімдер мен жекелеген қосындылардың қауіпсіздігін растауда балама әдістерді қолданудың белсенді жақтаушысы болып табылады. Біз құралдарды және жекелеген қосындыларды жануарларға тестілемейміз, сонымен қатар кімнің болса да, біздің атымыздан осындай тестілеу жүргізуін өтінбейміз, бұл заң бойынша абсолютті қажет болатын жағдайларды қоспағанда. Жиырма жылдан астам уақыт бойы біз өнім қауіпсіздігін тестілеудің балама әдістерін әзірлеуге көмек көрсету саласындағы әлемдік көшбасшы болып табыламыз. Бүгінгі таңда бұл косметикалық өнімдердің қауіпсіздігін басқару жөніндегі ғалами реттеуші органдармен, жануарлар құқығын қорғау жөніндегі топтармен және тестілеудің балама әдістерін жетекші зерттеушілермен бірге серіктестікте жалғасып келеді.

Mary Kay Inc. экологиялық тұрақтылыққа ұмтылады

Қызметтің экологиялық принциптерін дамыта және жүзеге асыра келе, біз бүгінгі таңда кезігетін адамдардың ғана емес, келешек ұрпақтың да өмір сапасына ықпал етеміз. Біз өзімізге ластануды болғызбау, ресурстарды сақтау, нормативтік талаптарды сақтау және экологиялық көрсеткіштерімізді үнемі жақсартып отыру арқылы экологиялаұ тұрақтылықтың жағымды мұрасын қалдыру міндетін жүктедік.

ҚОШЕМЕТТЕЛУ

1995 жылы Mary Kay компаниясы өзінің жоғары қауіпсіздік және қызметкерлер тарту көрсеткіштері үшін Еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы басқармасының Ерікті қорғаныс бағдарламасының Star Work Site («Жұлдызды жұмыс орны») белгісімен марапатталған алғашқы косметикалық өнімдер өндіруші болды. 1998, 2003 және 2008 жылдары Mary Kay компаниясы қауіпсіздіктің үлгілі бағдарламасы үшін тағы да қошеметтеліп, Star Work Site белгісімен қайтара марапатталды.

АҚШ-та Mary Kay компаниясын Тамақтану және дәрі-дәрмектер ассоциациясы емдік құралдарды өндіруші компания ретінде тіркеген. Бұл компанияның күннен қорғаушы және акнеге қарсы құралдар секілді дәрі-дәрмектер ретінде жүйеленетін белгілі бір өнімдерді өндіруіне және таратуына мүмкіндік береді. Біздің зерттеу тобымыз өнімдердің әр аймақтағы нормативтік сапа стандарттарына сәйкес келетіндігіне кепілдік беру үшін әр елдегі мемлекеттік реттеуші органдарға үнемі мониторинг жүргізіп отырады.

2005 жылы Mary Kay компаниясы жаңашыл зерттеулерді ынталандыру және дерматология саласында жетістіктерге қол жеткізуге көмектесу үшін Далластағы Техас Оңтүстік Батыс университетінде жүргізілген дерматологиялық зерттеулерді қолдауға 1 миллион доллар аударды.

Барлық Mary Kay® күннен қорғаушы құралдары «Тері рагымен күрес қоры ұсынған» беделді белгісіне ие. Бұл осы өнімнің қауіпсіздіктің және тиімділіктің ең қатаң критерийлеріне сәйкес келетіндігін білдіреді.

Mary Kay  TimeWise® «Сиқырлы жиынтық» және  TimeWise® Түнгі қалпына келтіруші кешен Good Housekeeping («Домашний очаг») журналының сенім белгісіне ие. Бұл журналдың ғылыми-зерттеу лабораториясының осы белгіге ие кез келген өнімнің сапасына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне кепілдік беретінін білдіреді.

ИНДУСТРИЯДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТАР

Дерматологтар және басқа медициналық сарапшылар өнімдерді әзірлеуде басты роль атқарады. Mary Kay компаниясы бүкіл әлем бойынша ғылыми медицинада және жеке тәжірибеде жетекші дерматологтармен және офтальмологтармен ынтымақтастықта жұмыс істейді және бұл мамандар біздің ғалымдарымыз үшін бас кеңесшілер болып табылады. Осы ынтымақтастыққа біздің шынайы берілгендігіміздің белгісі ретінде, Компания беделді медициналық ғылыми-зерттеу мекемелерінің біріндегі – Техас Оңтүстік Батыс медициналық орталығының Дерматология кафедрасына қаржылық қолдау көрсетті. Сонымен қатар біз басқа да танымал мекемелерге, соның ішінде Дерматология қорына және Тері рагы қорына тұрақты қолдау көрсетіп отырамыз. Біздің тұрақты қолдау көрсететін танымал мекемелердің тағы бірқатары мыналар:

  • Американдық дерматология академиясы
  • Американдық жанаспалы дерматит қоғамы
  • Дерматология қоры
  • Медбике-дерматологтар ассоциациясы
  • Тері рагы қоры
  • Оңтүстік Батыс Техас университетінің жанындағы дерматология кафедрасы
  • Әйелдер дерматологиялық қоғамы
See the Seal of Recommendation from the Skin Cancer Foundation that all Mary Kay sunscreen products carry.  Find out which Mary Kay® products that have been awarded the prestigious Good Housekeeping Seal of approval.