ӨНІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ 


Өнімдердің қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Жыл сайын біз зерттеулер жүргізу үшін миллиондаған долларлар бөліп, Mary Kay өнімдерінің қауіпсіздігінің, сапасының және тиімділігінің  ең жоғарғы стандарттарына кепілдік беру үшін 300 000-нан астам тестілер жүргіземіз.

Ғылыми әзірлемелер мен тұтынушылардың қажеттіліктерін түсінудің үйлесуінің арқасында Mary Kay зерттеу және әзірлемелер департаменті бүкіл әлемдегі 35-тен астам рынокқа үнемі жаңа инновациялық, тиімділігі жоғары өнімдер жеткізіп отырады.


Mary Kay  компаниясы әрбір жаңа өнімді өндірудің әзірлемеден тұтынушыларға жеткізуге дайындауға дейінгі әрбір деңгейін қадағалап отыратын болғандықтан, әрбір жаңа өнім бірқатар қатаң зерттеулерден және тұтынушылардың тестілеуінен өтуі қажет. Mary Kay ғылыми қызметкерлері жаңа қосындылар мен формулаларды зерделеу үшін, сондай-ақ  олардың қауіпсіздігін, сапасын, тұрақтылығын, тазалығын, тиімділігін және, әрине, тұтынушылардың мойындауын сынау үшін өздерінің инновациялық көзқарастарын қолданады.

Ғылыми сарапшылар әрбір жекелеген қосындыны және әрбір дайын өнімді бағалайды.
Жан-жақты тестілеуді, қайтара тестілеу секілді, біздің ғылыми-зерттеу лабораторияларымыздың қызметкерлері жүргізеді және қадағалайды, олардың арасында ғылыми дәрежелі ғалымдар, токсикология, фармакология, микробиология, химия және биохимия секілді салалардың мамандары бар.

Қандай да бір құрал жөніндегі шешім пікірлерге емес, ғылыми фактілерге негізделеді.
Mary Kay жаңаша технологиялар қолданылған, фактілермен дәлелденген ғылыми зерттеулерге сүйенеді. Біз қосындыны оның қауіпсіздігін және тиімділігін тестілеу дәлелдемейінше пайдаланбаймыз.

Тері күтіміне арналған барлық құралдардың және сәндік косметиканың өндірісін мемлекеттік органдар бақылап отырады.
Mary Kay өнімнің денсаулыққа қауіпсіздігіне қатысты нәрселерде заң талап еткеннен де артық жасауды өзінің парызы деп біледі.
 
Тәуелсіз дерматологтар және басқа медициналық сарапшылар өнімдерді әзірлеуде шешуші роль атқарады.
Біз тәуелсіз лабораторияларда клиникалық сынақтар жүргіземіз, онда еріктілер Mary Kay өнімдерін сертификатталған дерматологтар мен офтальмологтардың тәуелсіз Кеңесінің қатаң бақылауымен және бағалауымен пайдаланып көреді. Сонымен қатар аллергия мен тері тітіркенуінің болмайтындығына кепілдік беру үшін жан-жақты лабораториялық сынақтар жүргіземіз және көз айналасындағы теріге пайдалануға арналған құралдарды аттестациялаудың алдыңғы қатарды әдістерін қолданамыз.

Watch this video to hear more about Mary Kay’s commitment to product excellence and consumer satisfaction.

"One of our corporate goals at Mary Kay is to achieve total consumer satisfaction worldwide by focusing on quality, value, convenience, innovation and personal service"

-Terry Jacks, Vice President of Product Development

КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ

Mary Kay командасының ғылыми зерттеулер мен талдамалар жөніндегі бір бөлігі болып келетін клиникалық зерттеулер және тұтынушылық бағалау бөлімі тұтынушылардың Mary Kay өнімінен алатын қажеттіліктерін анықтау үшін жұмыс істейді. Олар Mary Kay өнімдерін тұтынушылармен бірге тестілейді және қауіпсіздігін, тиімділігін  және жалпы нәтижесін бағалайды, әрі Компанияға тиімді және тартымды өнім шығаруға көмектеседі.

Learn about Mary Kay’s Clinical and Consumer Evaluation department.

ТИІМДІЛІКТІ КЛИНИКАЛЫҚ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ

Learn about Mary Kay’s Clinical Efficacy Testing.

Тиімділікті сынақтан өткізу тұтынушылардың өнім тиімділігін анықтап, салыстыруына көмектесу үшін, өнімнің жарнамада жарияланған қасиеттерін қолдауға және жасауға көмектеседі, мысалы, «әйелдердің 85%-ы тері текстурасының жақсарғанын байқады» және «73%-ы ұсақ әжімдердің азайғанын айтты». Зерттеулерді клиникалық тестілерге қатысушыларды сарапшылық тұрғыдан бағалау үшін сертификатты дерматологтар кеңесі жүргізеді.



ҚАУІПСІЗДІКТІ КЛИНИКАЛЫҚ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ

Қауіпсіздікті сынақтан өткізу Mary Kay өнімдерін тітіркену және аллергия пайда болу мүмкіндігін анықтау үшін бағалайды. Бұл зерттеулер өнімнің қауіпсіздігіне көз жеткізу және тұтынушыларға ол туралы маңызды ақпарат беру үшін жүргізіледі, мысалы, өнім «сезімтал тері үшін және сезімтал көздер үшін залалсыз», «түйіспелі линза киетіндер де пайдалана алады» және «комедогенсіз».

Learn about Mary Kay’s Clinical Safety Testing.

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ

Learn about Mary Kay’s Consumer Testing.

Mary Kay® компаниясы әйелдердің нені қалайтынына көңіл бөледі. Компания өз өнімі тұтынушылардың сенімін ақтайтындығына немесе одан асып түсетіндігіне көз жеткізу үшін тұрақты міндеттемелер қабылдап отырады. Осыған орай, пайдаланған құралдардан қандай артықшылықтарды алғысы келетінін компанияның түсінуіне көмектесу үшін жыл сайын бүкіл әлемдегі мыңдаған әйелдер Mary Kay өнімін сарапшылардың бақылауымен пайдаланады және бағалайды. Сонымен қатар, мұндай зерттеулер Mary Kay өнімін үйде, орталықтандырылған тестілеуде, сондай-ақ сапалы фокус-топтар мен сұхбаттарда пайдалануына зерттеу жүргізу арқылы тұтынушылар қалай бағалайтындығын түсінуге көмектеседі. Бұл зерттеулер жаңа құралдардың бар өніммен бірге қалай жұмыс істейтінін анықтауға көмектеседі  және адамдар құралды қалай пайдаланатыны, қалай жиі пайдаланатыны, қандай нәтижелер немесе өзгерістер көргісі келетіні туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.