• Жақсы көңіл күйге арналған алты кеңес
  • С витамині - суперантиоксидант
  • Күннен қорғаныс

ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙГЕ АРНАЛҒАН АЛТЫ КЕҢЕС

  • Теріге күтім жасау. Жақсы көрінудің ең жақсы әдістерінің бірі – теріні сау және жарқын қалпында сақтап қалу.
  • Дұрыс тамақтану және ылғалдандыру. Біз су ішкен кезде ағзамыздың теріні ылғал, жұмсақ және созылмалы қалпында сақтап қалуына, жіңішке сызықтар мен әжімдерді азайтуына көмектесеміз. Сонымен бірге құрамында көкөністер мен жемістер мол кіретін теңестірілген диетаны сақтаған маңызды. Тамаққа құрамында табиғи антиоксиданттары мол жемістер мен көкөністерді пайдалану сіздің теріңіздің жағдайын және жалпы денсаулықты жақсартады.
  • Дене жаттығулары. Тұрақты дене жаттығулары қан айналымын жақсартады, теріге сау түр береді. Сондай-ақ дене жаттығулары  акне ошақтарының пайда болуына әкелетін күйзеліс гормондарының шығуын азайтуға қабілетті. Жанама мәліметтерге жүгінсек, дене жаттығуларын жасау кезінде ширығу деңгейі азаяды. Тұрақты дене жаттығуларын жасап тұру тер шығуын да ұлғайтады, ол, өз кезегінде, тері саңылауларының тарылуына ықпал етеді және безеулердің пайда болуын қадағалауға көмектеседі.
  • Құрбылармен бірге уақыт өткізу. Демалыңыз, күліңіз, әңгімелесіңіз – осының барлығы біздің ақыл-ойымыз бен денемізге оң әсер етеді. 
  • Күйзеліс деңгейі. Күйзелістен қорғану формаларының бірі – тұрақты түрде массаж жасап тұру. Ол дененің босаңсуына, қан айналымының күшеюіне, терінің мүйізденіп кеткен қабыршақтарын кетіруге және жасушалардың жаңару процесін ынталандыруға көмектеседі. Нәтижесінде тері сау түрге ие болады.
  • Ұйқыны қандыру. Біздіңше, ұйқы қандыруға ешқашан да уақыт жетпейтіндей көрінеді. Метаболизмді қолдау үшін ұйқы өте қажет, сонымен бірге ол теріміздің саулығы үшін де аса маңызды. Мысалы, ұйқы кезінде беттің бұлшық еттері босаңсиды, бұл бетіміздегі әжімдер мен мимикалық сызықтарды тегістеуге көмектеседі. Сонымен бірге, ұйқының қанбауы қан тамырлары тонусын да өзгертуі ықтимал, бұл көз астындағы ісіктерге немесе «қалташаларға» алып келеді.

С ВИТАМИНІ - СУПЕРАНТИОКСИДАНТ

ТЕРІНІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ

Біздің теріміз күн сайын әр алуан күйзелістерге ұшырап жатады. Қышқылдану күйзелісі еркін радикалдардан – табиғи метаболизм процесі кезінде ағза жасушалары шығаратын тұрақсыз молекулалардан пайда болады. Бірақ еркін радикалдардың шектен тыс көп болуы озонның, темекі түтінінің және күн сәулесінің экологиялық әсер етуінен де орын алуы мүмкін. Еркін радикалдардың мұндай қайталанып отыратын шабуылдары терінің зақымдануларға ұшырауына әкеледі. Нәтижесінде коллаген мен эластин талшықтары күйреуі мүмкін.

Әрине, біз мұны қаламаймыз, себебі коллаген теріні нығайту мен қолдауда маңызды роль атқарады. Эластин созылып кеткен теріні қалпына келтіруге көмектеседі, ал теріміз күніне бірнеше мың рет созылуы мүмкін, мысалы, мимикалық қимылдар арқылы эмоциямызды білдіргенде. Жас ұлғая келе, жасушалар баяу бөліне бастайды, коллаген мен эластиннің құрылымы жинақталып қалған зақымдануларға қосымша жұқара бастайды – осының барлығы әжімдердің пайда болуына және терінің салбырап кетуіне әкеледі.

С ВИТАМИНІ ҚҰТҚАРАДЫ

Еркін радикалдарды тоқтатуға арналған үздік антиоксиданттардың бірі - L-аскорбин қышқылы ретінде де танымал С витамині. Уақыт өткен сайын адамдар С витаминін табиғи жолмен шығару қабілетін жоғалтып келеді, сондықтан да біз бұл маңызды витаминді тамақпен бірге алуымыз керек. С витамині теріге өте қажет, себебі ол еркін радикалдармен тікелей күреседі, коллаген шығаруға көмектеседі және теріге жинақылық пен көлем беретін қолдаушы құрылымды нығайтады. Дерматологтардың пікірінше, С витамині теріні нығайтатын коллаген шығаруға көмектесе отырып, маңызды роль атқарады. Ағза өз бетімен С витаминін шығара алмайтын болғандықтан, тері тұрақты қолдап алып тұру үшін оны жергілікті жағып тұрған жөн.

КҮННЕН ҚОРҒАНЫС

Рак ауруының әр алуан түрлерімен салыстырғанда, тері рагы ауруы жиі кездесетін онкологиялық ауруға айналды. Бірақ, бақытқа орай, оның алдын алуға болады. Ғылыми зерттеулер белгілегендей, күннен қорғаушы құралдарды күнделікті пайдалану тері рагының кейбір формаларының даму қатерін азайтады *.

Сонымен бірге, терінің әдетте жас ұлғаюымен байланыстыратын көзге көрінер өзгерістерінің 90%-ы күннен пайда болған.

Мынадай күннен қорғаушы құралдарды таңдап алған жөн:

  • Зиянды сәулелерден қорғайтын.
    Күн сәулесінде В типті және А типті зиянды ультракүлгін сәулелер бар. UVB-сәулелер әдетте күнге күйіп қалуға әкеледі; UVA-сәулелер теріге тереңдей еніп, теріні мерзімінен бұрын қартайтуы, әжімдер мен пигментті дақтардың пайда болуына әкелуі мүмкін. UVB сәулелері де, UVA сәулелері теріні зақымдайды және тері рагына әкелуі мүмкін – тіпті бұлтты күндері де, қыс мезгілінде де.
    Күннен қорғаушы сүзгілер ультракүлгін сәулелерді сіңіріп алады, шағылдырады немесе таратады, сол арқылы теріні қорғайды. Сүзгілердің екі негізгі түрі бар: физикалық және химиялық:
    • Физикалық сүзгілер UV-сәулелерді олар теріге енгенге дейін шағылдырады немесе таратады.
    • Химиялық сүзгілер UV-сәулелерді олар зақымдану тудырғанға дейін сіңіріп алады.
  • SPF 15 немесе одан жоғары факторлы. 
    SPF 15 күн сәулесінің 93%-ын қамайды; SPF 30 күн сәулесінің 97%-ын қамайды. Құрамында SPF 15 бар құралдардың басым көпшілігі ультракүлгін сәулелердің екі түрінен де (А және В) кең қорғаныс спектрімен қамтамасыз етеді.
  • Жеңіл жағылатын.
    Күннен қорғаушы құралды дененің барлық қорғалмаған учаскелеріне, әсіресе, бетке (көз айналасына тигізбей), құлаққа, мойынға, қолдарға және иықтарға мол етіп жаққаныңызға көз жеткізіңіз. Күннен қорғаушы құралды қайтара жағып отыру керек – кем дегенде әрбір ең сағат сайын, немесе егер сіз суда жүзсеңіз, қатты терлесеңіз немесе сүлгімен сүртінсеңіз.
    Зиянды сәулелерден қорғанудың басқа да жолдары: көлеңкеде болу және қорғаныс құралдарын пайдалану (бас киім және күннен қорғаушы көзілдірік). 


Learn how to choose the best sunscreen.

Барлық  Mary Kay® күннен қорғаушы құралдары «Тері рагы қоры ұсынған» белгісіне ие.



* www.skincancer.org

Recommended by the Skin Care Foundation. Recommended as an effective sunscreen.