Mary Kay® компаниясы ғылыми зерттеулер жөніндегі жаңа атқарушы директорды таныстырды  

Тікелей сауда әдісі бойынша 40-қа жуық елдің территориясында жұмыс істеп келе жатқан әлемдік бьюти-бренд - Mary Kay ғылыми зерттеулер жөніндегі жаңа атқарушы директорды - биология ғылымдарының кандидаты Люси Гилдеаны таныстырды. 

Люси Гилдеа, тікелей саудадағы косметикалық индустрияның басты жаңашылы ретінде, жұмысын өнімдерді жетілдіруге және Mary Kay статусын нығайту үшін патенттер санын арттыруға қатысты ғалами стратегияны іске асырудан бастайды. Люси Гилдеа портфелінде өнімге, технологияға және қаптамасының дизайнына берілген 1 300 аса патенті, сонымен қатар тек 2016 жылы ғана берілген 130 патенті бар Mary Kay брендінің ғалами өнімдік және өндірістік стратегиясын жасайды және жүзеге асырады. 

«Люси Гилдеаның жинақтаған тәжірибесі және ғылыми зерттеулерді косметика индустриясына енгізуінің жоғары тиімділігі Mary Kay-дің басқа компанияларда жоқ инновациялық өнімдер мен технологиялар өндіру жұмысын кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Mary Kay өнімдерін жеткізу жөніндегі бас басқарушы Томас Чо. - «Люсидің халықаралық ортадағы жұмыс тәжірибесі және ғалами көзқарасы біз үшін өте бағалы, себебі Mary Kay ұлғаюын және барлық рыноктардағы клиенттердің қажеттіліктерін түсінуге ұмтылысын жалғастырып келеді». 

 «Ғылыми зерттеулер жөніндегі атқарушы директор қызметі менің әйелдерге шабыт беретін ғылым мен инновацияға деген құштарлығымды толық сезінуге мүмкіндік береді», – дейді Mary Kay ғылыми зерттеулер жөніндегі директоры Люси Гилдеа. «Mary Kay-дің ғалами зерттеулеріне және талдамаларына жетекшілік ете отырып, мен біздің бүкіл әлем бойынша сұлулық жөніндегі Кеңесшілерімізді және клиенттерімізді шабыттандыратын сұлулық өнімдерін жасап, инновацияның алдыңғы қатарында болатыным үшін бақыттымын». 

Люси Гилдеа бьюти-технология және тері күтіміне арналған өнім мен косметика жасау, сонымен қатар Procter & Gamble компаниясының гигиеналық косметика саласында 15 жыл қызмет еткен. Люси Procter & Gamble компаниясындағы жұмыс істегенде Азия рыноктарында жұмыс тәжірибесін дамыту үшін Сингапурде тұрған.