МҰНДА БӘРІ ДЕ БАСҚАША!

Mary Kay-дегі жұмыс басқа компаниялардағы жұмыстан едәуір ерекшеленеді. Біз жоғары мақсатқа сенеміз: сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерді қолдай отырып немесе қызметкерлеріміздің потенциалдарын аша отырып, маңайдағылардың армандарын жүзеге асыруға көмектесу. Біз әрқашан да принципімізді, Риясыздық рухын, Алтын қағиданы, «Менің маңыздылығымды сезінуіме мүмкіндік беріңіздер!»  принципін, артықшылықтар тепе-теңдігін жетекшілікке аламыз. Мұның барлығы жай ғана сөз емес – біз оларды маңдайшаға жазып қоймаймыз, біз осы ережелермен күн сайын өмір сүреміз, дәл осы  Mary Kay  жұмыс беруші бірегей компанияға айналдырады.

РИЯСЫЗДЫҚ РУХЫ

Мэри Кэй Эш біздің ортақ игілікке қол жеткізу үшін қайсарлықпен алға ұмтылысымызды сипаттау үшін осы терминді енгізді. Біздің компаниямыздың бүкіл әлемдегі бөлімшелерінің әрбірінде қуатты командалық рух патшалық етеді. Оның құпиясы неде? – деп сұрарсыз сіз. Біз қажетті сәтте созылған көмек қолы – бұл мығым және сенімді өзара қарым-қатынас орнатудың кілті екенін біз жақсы білеміз

АРТЫҚШЫЛЫҚТАР ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ

Біз өмірдегі үйлесімділіктің маңыздылығын жақсы сезінеміз. Мэри Кэй Эш өзінің артықшылықтар жүйесімен жиі бөлісетін: «Әуелі – сенім, содан соң – отбасы, содан кейін барып – мансап». Осы дәстүрді ұстана отырып, біз өмірлік артықшылықтарды дұрыс бөлу жолында қызметкерлерді көтермелеп отырамыз. Бұл Компания мәдениетінің маңызды бөлігі. Біз табысты мансап – сіздің өміріңіздің бір бөлігі ғана екенін жақсы түсінеміз.


АЛТЫН ҚАҒИДА

«Адамдардың өзіңізге қандай қарым-қатынас жасағанын қаласаңыз, өзіңізде оларға сондай қарым-қатынас жасаңыз». Бұл принцип уақыт сынағынан өтті және біз бизнесімізді жүргізетін ережелердің негізгі іргетасына айналды. Командалық рух, маңайдағыларға құрмет, қамқорлық пен сенім біздің мығым және сенімді өзара қарым-қатынас орнатуымызға көмектеседі.

МЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫМДЫ СЕЗІНУІМЕ МҮМКІНДІК БЕРІҢІЗДЕР

Мэри Кэй Эш бірде былай деді: «Ұсақ-түйек секілді көрінуі мүмкін, бІрақ көп нәрсені өзгертеді. Елестетіңіздерші, кездестірген әрбір адамның кеудесінде «Менің маңыздылығымды сезінуіме мүмкіндік беріңіздер!» деп жазылып тұр». Біз Mary Kay-де мұны естен шығармаймыз, әрқашан да сіз атқарған жұмысты мақтаныш етеміз, сіздің өміріңізге шынайы қызығушылық танытамыз.