АЙЫРМАШЫЛЫҒЫН СЕЗІНІҢІЗ

Жұмыс істеп, сол жұмыстан рахат алуға болатындығына біз сенімдіміз. Сіз немен айналысатын болсаңыз да, біз сізге жеке дарыныңыз, шығармашылдығыңыз және бастамашылдығыңыз арқылы жетілдіруіңізге болатын мүмкіндіктер ұсынамыз. Mary Kay-де біз қажетті көмек көрсететінімізге және мұның қолымыздан келетініне сенімдіміз, себебі біздің жұмысымыздың әрбір аспектісі бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін жақсартуға бағытталған, ал олар біздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілеріміз де, жалпы қоғам да. Егер сіз теңгерімді өмір сүру үшін қызықты және лайықты жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, онда Mary Kay дәл сізге арналған.

ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР:  КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ

Мэри Кэй Эш құпияны ашты. Біздің Компаниямыздың бірегей мәдениетін қалыптастыру оның атақты принципінен басталды! Ол былай дейтін: «Адамдармен қарым-қатынас жасасқанда, олардың әрқайсысының кеудесінде «Менің маңыздылығымды сезінуге мүмкіндік беріңіздер!» деп жазылып тұрғандай елестеріңіздер». Біздің корпоративтік мәдениетімізде Риясыздық рухы үлкен роль атқарады. Және, әрине, ол артықшылықтарды тұрыс бөлуге шексіз сенді: бірінші орында – сенім, екінші орында – отбасы, үшінші орында – мансап.

Біз компанияның негізін қалаушы жетекшілікке алған принциптерді құрметтейміз және сақтаймыз. Компанияның бүкіл әлемдегі кез келген компаниясына барсаңыз, сіз керемет командалық рухты сезінесіз! Себебі біздің қызметкерлеріміздің арасындағы қарым-қатынас сенімге, өзара құрметке және мейірімділікке құрылған. Біздің барлығымыз – үлкен Mary Kay отбасының бір бөлігіміз.

БАЙ МҰРА: КОРПОРАТИВТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Mary Kay отбасында біз өз мұрамызды мақтаныш етеміз, оны құрметтейміз және мұқият сақтаймыз. Мэри Кэй Эштің үлгісі «Алтын қағида – бұл жай ғана бизнес жүргізу принципі емес, бұл өмір сүру образы» деп үйретеді. Мұны біздің бүкіл әлемге таралған орасан зор отбасымыздың әрбір бұрышынан сезінуге болады.

Mary Kay бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін өзгертеді. Біз атқарған ізгі істердің ішінде Тайваньның оқушы қыздарына оқулықтар сатып алу; Қазақстандағы мүгедек балалар мен туа бітті жүрек ақауы бар балаларға арнайы медициналық жабдықтар сатып алу; «Habitat for Humanity®» ынтымақтастықта жұмыс істеу; АҚШ-тағы мұқтаж адамдарға арнап тұрғын үй салу бар. Біз рак ауруларын зерттеу жөніндегі бағдарламамызды мақтаныш етеміз. Біз отбасындағы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты түбірімен жоюға тырысамыз. Бұл ізгі істер Мэри Кэй Эштің жүрегіне жақын. Mary Kay компаниясында сіз күн сайын өмірді жақсы жаққа қарай өзгерте аласыз!

Біздің бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін жақсарту бағытындағы жұмысымызға қосылыңыз – себебі бұл сіздің де өміріңізді өзгертеді! Сіздің мақсатыңыз өзіңізге қуаныш сыйлайтын жұмыс табу ма?  Біз сіздің қалауыңызды орындаймыз!