Әйелдердің өмірін жақсартуды қатты қалауының және кәсіпкерлік дарынының арқасында Мэри Кэй Эш өзінің арманындағы компанияны құрды. Мэри Кэй Эш есімінің жалпы есімге қалай айналғаны және тері күтіміне арналған өнімдер мен сәндік косметика арасында Mary Kay-дің қалай дүниежүзілік  брендке айналғаны туралы тарихтың негізгі сатыларымен танысыңыз.
  • 1960
  • 1970
  • 1980
  • 1990
  • 2000
  • 2010

  1960-шы жылдар

1963

13 қыркүйек күні Техас штатының Даллас қаласында аумағы бар-жоғы 150 шаршы метр болатын жайда Mary Kay компаниясының бірінші офисі ашылды. 

1964

Mary Kay ерлердің терісіне күтім жасауға арналған арнайы косметикалық құралдардың толық желісін ұсынды. 
Mary Kay компанияның барлық қызметкерлерінің алғашқы үлкен кездесуін өткізді, ол кейінірек Семинар деп аталды. Бүгінгі таңда Ұлттық Семинарлар Mary Kay филиалы ашылған әр елдегі үздік сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерге арналып өткізілетін жыл сайынғы ең басты және ең ірі іс-шара болып табылады.

1969

Мэри Кэй Эш ең жоғары сауда көлеміне қол жеткізген бес Бизнес-Топ Көшбасшысын марапаттап, оларға қызғылт «Кадиллактар» табыстайды.  
Далласта Mary Kay зауытының құрылысы басталды.  



Beauty by Mary Kay opens on Friday, Sept. 13, 1963 in a 500-square foot storefront in Dallas, Texas.

  1970-ші жылдар

1971

Австралияда алғашқы Mary Kay халықаралық филиалы ашылды

1973

Mary Kay компаниясы өзінің 10 жылдығын атап өтті. Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілердің саны 20 000 адамға жетті. 

1976

Mary Kay акциялары Нью-Йорк қор биржасының тізіліміне енгізілді.  

1979

Алғашқы тоғыз Mary Kay сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшісінің бірінің комиссиялық сыйақысы Компания тарихында алғаш рет 1 миллион АҚШ долларына жетті.


Mary Kay MK Milestones 1970s

  1980-ші жылдар

1983

Mary Kay өзінің 20 жылдығын атап өтті. Компанияның көтерме сауда көлемі 300 миллион АҚШ долларынан асты.

1984

Mary Kay Inc. “Fortune” журналының алғашқы басылымында жарияланған «Америкадағы ең үздік 100 жұмыс беруші компания» тізіміне енді. 

1985

Mary Kay Inc.-тің негізгі акциялар пакеті қайтара сатып алынды. Корпорация қайтадан Мэри Кэй отбасына тиесілі жеке компанияға айналды.  

1988

Mary Kay өкілдігі Мексикада ашылды. 

1989

Mary Kay Inc. пайдаланылған қағаз, пластик, шыны және алюминий қалдықтарын қайта өңдеу бойынша корпоративтік бағдарламаны бастады.

Mary Kay celebrates 20 years, and the company’s wholesale sales exceed $300 million (USD).

  1990-шы жылдар

1990

Mary Kay өкілдігі әлемнің 10 елінде ашылды.

1991

Көтерме сауданың жалпы көлемі 500 миллион АҚШ долларына жетті. 

1993

Mary Kay Inc. өзінің 30 жылдығын тойлады және Далластағы (Техас штаты) компанияның штаб-пәтерінің ғимаратында Mary Kay мұражайы ашылды.  
  
“Fortune” журналының нұсқасы бойынша, Mary Kay Inc. 1992 жылғы ең үздік 500 компанияның қатарына енді. 

Mary Kay Ресейде өз өкілдігін ашты.  
 
Mary Kay Inc. “Fortune” журналының нұсқасы бойынша, «Америкадағы ең үздік 100 жұмыс беруші компания» тізіміне енді. 

1996

Mary Kay Қайырымдылық қоры құрылды, ол рак ауруларын зерттеу және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату бағдарламаларын қолдауға бағытталған коммерциялық емес қоғамдық ұйым болып табылады. 

Mary Kay  Inc. «Forbes» кітабының «Барлық кезеңдердегі ұлы табыс тарихтары» бөлімінде атап өтілген 20 компанияның бірі болды, ал Мэри Кэй Эш осы кітапта атап өтілген жалғыз әйел болды.
    
Көтерме сауданың жалпы көлемі 1 миллиард АҚШ долларынан асты.  

1998

Mary Kay Inc. “Fortune” журналының нұсқасы бойынша, «Америкадағы ең үздік 100 жұмыс беруші компания» тізіміне енді.
  
Mary Kay Inc.  өзінің 35 жылдығын мерекеледі. Компания қызғылт «Кадиллактың» түсін перламутр қызғылт түске ауыстырды.      

1999

Мэри Кэй Эш Техас штатында ғасыр әйелі деп танылды. 


1993: Mary Kay is listed in Forbes magazine as one of the top 100 countries to work for in the US.

  2000-шы жылдар

2000

Lifetime Television Мэри Кэй Эшті ХХ ғасырдың ең көрнекті кәсіпкер әйелі деп атады. 
Mary Kay өз өкілдігін Қазақстанда ашты.

2001

Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілердің жеке веб-сайттарын ашуларына мүмкіндік беретін дербес веб-сайт дайындап шыққаны үшін Тікелей сауда ассоциациясы Mary Kay Inc.-ті «Индустрияны инновациялық дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығымен марапаттады.  
Мэри Кэй Эштің ұлы және компанияның тең құрылтайшысы Ричард Роджерс компания Президенті лауазымына кірісті. 
 2001 жылдың 22 қарашасында, Ризашылық күні, Мэри Кэй Эш өмірден өтті. 

2002

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату жөніндегі қоғамдық көмек бағдарламасын жасағаны үшін  Тікелей сауда ассоциациясы Mary Kay Inc.-ке «Ертеңгі күнге көзқарас» сыйлығын табыс етті.
Лос-Анджелестегі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемалары жөніндегі комиссия әйелдерге, жасөспірімдерге және балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресте көрсеткен көмегі үшін Mary Kay Inc.-ке «Жыл гуманисі» наградасын табыс етті.
Мэри Кэй Эш Далласта Business Hall of Fame лауреаты атанды және сауда және маркетинг саласындағы жетістіктер тізіміне енгізілді.  

2003

Компанияның 40 жылдығына қарай, бүкіл әлемдегі сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер саны 1 миллион адамға жетті.
Техастағы Baylor университеті Мэри Кэй Эшке ең көрнекті кәсіпкер әйел титулын берді.

2004

PBS телеарнасы мен алғашқы Wharton бизнес мектебінің мәліметтері бойынша, Мэри Кэй Эш «Соңғы 25 жыл ішіндегі бизнестегі ең беделді 25 адам» тізіміне енді.
Мэри Кэй Эш Mary Kay Қайырымдылық қоры шеңберінде атқарылған жұмыстары және оның бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өміріне көрсеткен ықпалы үшін  Лондондағы Кенсингтон сарайының «Адамзат розасы» наградасын иеленді.

2005

Mary Kay Inc.-тің көтерме саудасы 2 миллиард долларға жетті. 
Қытайдағы Mary Kay бөлімшесі өзінің 10 жылдығын атап өтті. 
Ричард Роджерс Атқарушы директор қызметіне ресми түрде кірісті. Дэвид Холл Mary Kay Inc. компаниясының Президенті және Бас басқарушысы атанды. 
2006

Американдық ең ірі «A&E Television» телекомпаниясы тарихи өмірбаян арнасында Мэри Кэй туралы өмірбаяндық фильм көрсетті.2007Mary Kay компаниясының өнімдері әлемнің 35-тен астам елінде сатылады. 

2008

Компания өзінің құрылған күннен бастапқы 45 жылдығын атап өтті және жаңа ғалами әлеуметтік Pink Changing Lives SM бағдарламасын ұсынды. Бағдарламаның басты мақсаты  бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін жақсарту.  
Компания «Өмірді өзгертетін түс» қайырымдылық жобасын – маркетингтің бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін жақсартуға және қолдауға бағытталған алғашқы ғалами бағдарламасын бастады.  
«Даллас  Бизнес Джоурнал» Mary Kay  компаниясын филантропияға (қайырымдылыққа) белсенді қолдау көрсетіп отырған ұйымдар тізіміне енгізді. 

2009

Mary Kay-дің бүкіл әлемдегі көтерме саудадан түскен табысы 2,5 миллиард  доллар сомасына жетті, ал сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер саны 2 миллион адамды құрады.


A&E Television Networks airs the biopic documentary “Mary Kay” on the Biography Channel.

2010

Mary Kay-дің Аргентинадағы бөлімшесі өзінің 30 жылдығын атап өтті. Компанияның Қазақстандағы, Филиппиндегі және Словакиядағы офистері 10 жылдықтарын, ал Молдовадағы офис 5 жылдығын тойлады.
Mary Kay-дің өкілдігі Арменияда ашылды.
Алғаш рет Mary Kay Леди Хоум Джорнелден (Ladies Home Journal) “Do Good” наградасын алды. Бұл белгіні журнал әлемді жақсартуға бағалы үлес қосып келе жатқан айрықша компанияларды марапаттау үшін арнайы әзірлеген. Mary Kay компаниясы бұл құрметке отбасылық зорлық-зомбылыққа және барлық жастағы әйелдерге қатаңдық көрсетуге қарсы күрескені үшін ие болды.

2011

2008 – 2010 жылдар аралығында үш жыл бойы Mary Kay-дің «Өмірді өзгертетін түс» қайырымдылық акциясы белсенді жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде жиналған сома 4 миллион долларды құрады. Осы қаражаттың барлығы бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін жақсартуға арналған әр алуан жобаларға бағытталды.
Time Wise Түнгі қалпына келтіруші кешен мен Time Wise «Сиқырлы жиынтық» американдық «Good House Keeping» институтының арнайы беделді наградасын иеленді.
Бүкіл әлемдегі Компания қызметкерлері, барлық Кеңесшілер мен Көшбасшылар, сондай-ақ олардың достары мен отбасы мүшелері алғашқы ғалами әлеуметтік «Ізгі істер айлығы» акциясына қатысты.
 

2012

Mary Kay компаниясының Facebook әлеуметтік желісіндегі ниеттестер саны 1 миллионға жетті!
Технологиялық инновациялар ассоциациясы «Виртуалды каталогтың» мобильдік нұсқасын әзірлегені үшін Mary Kay компаниясын марапаттады!

2013

Mary Kay компаниясы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтуде!

Mary Kay received the first ever Do Good stamp to recognize companies that contribute to making the world a better place from Ladies Home Journal.