Mary Kay туралы сұрақтарға жауап беруге арналған «Жиі қойылатын сұрақтар» бөліміне қош келдіңіздер. Сіз Mary Kay сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшісі болсаңыз да, потенциалды сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші, клиент немесе жай ғана қонақ болсаңыз да, мұнда Mary Kay ұсынатын мүмкіндіктер туралы және Компания жұмысының негізгі принциптері туралы қажетті ақпараттарды таба аласыз. 
Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші ретінде мен қанша табыс таба аламын?

Mary Kay-мен бірге бизнес жасаудан түсетін табыс деңгейінің шегі жоқ. Сондықтан да нақты табыс деңгейі туралы айту мүмкін емес. Mary Kay сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшісі ретінде алуға болатын ақшалай табысыңыз көптеген факторларға байланысты, оған сіздің жеке мақсаттарыңыз бен бизнесіңізге салатын уақыт және күш-жігер көлемі де кіреді. Көптеген сұлулық  жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер бұл бизнеспен қысқа мерзімді қаржылық табыс табу үшін, мысалы, мереке қарсаңында отбасы мүшелеріне сыйлықтар алу үшін, отбасылық демалысты, мектеп формасын немесе балалардың оқуын төлеу үшін қосымша табыс көзі ретінде айналысады. Сонымен бірге негізгі жұмыс орнынан кетіп, тек қана Mary Kay-мен айналысу үшін бизнестерін қажетті деңгейге дейін дамытуға шешім қабылдағандар да бар. Бұл бизнестің негізгі идеясы – сіздің Mary Kay-мен табатын табысыңыздың көлемі тек сіздің өзіңізге ғана байланысты. Мэри Кэй Эштің сөзімен айтсақ: «Алдыңызға мақсат қойыңыз да, сол мақсат жүзеге асқанша алға жылжи беріңіз. Нақты нәтижелер пайда болғанға дейін-ақ сіз ол мақсатқа сенуіңіз керек. Сіз көзіңізге елестете алатын және өзіңіз сенген нәрселердің барлығына қол жеткізе аласыз!».

Сауда және маркетинг саласындағы қандай тәсілдемелер менің Mary Kay-мен өз бизнесімді құруда үлкен табысқа қол жеткізуіме көмектесе алады?

Мэри Кэй агрессивті сауда әдісін қаламайтынын айқын білдірген болатын. Табандылық пен жігерлілік саудамен байланысты кез келген бизнестің ажырамас қосындысы болып табылады, бірақ біз ең табысты Mary Kay сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілері Алтын қағиданы қолдана отырып, байсалды есепті жетекшілікке ала отырып және сонымен бір мезгілде басқаларға қамқорлық жасап, қайырымды істер атқара жүріп, жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деген қорытындыға келдік. Сондықтан да клиенттермен және потенциалды клиенттермен қарым-қатынас жасаған кезде, сондай-ақ бизнес-сұхбаттар өткізген кезде әрқашан да өзіңізді өзге адамның орнына қойып отырыңыз және басқалардың өзіңізге қандай қарым-қатынас жасағанын қаласаңыз, өзіңіз де оларға сондай қарым-қатынас жасаңыз. Мэри Кэй жиі айтатын: «Сіз үлкен ықпалға иесіз және жолыңызда кездестірген әрбір адам сіз туралы пікірін сіздің сөздеріңіз бен әрекеттеріңізге қарай қалыптастырады. Ендеше Алтын қағиданы өмір сүру салтыңызға айналдырыңыз».  

Mary Kay мүмкіндіктерін толық дәрежеде пайдалана алу үшін не істеу керек?

Тәуелсіз Бизнес-Топ Көшбасшылар және Тәуелсіз Ұлттық Көшбасшылар өз армандарын жүзеге асыра өмір сүріп келе жатқандықтары туралы әңгімелейді. Сізді «Олар соны қалай жасайды?» деген сұрақ мазалайды.  Олардың жұмыс графигінің қаншалықты икемді екені, осының олардың отбасыларымен бірге болатын уақыттарын және қарым-қатынас сапасын жақсартуға қалай әсер еткені туралы әңгімелерін естіген боларсыз. Олар корпоративтік автомобиль секілді сияпатқа қол жеткізе алды, олардың тапқан қаражаты бұрынғы толық жұмыс күнімен істейтін жұмыстарынан бас тартуына мүмкіндік берді. Осының барлығы қалай мүмкін болды? 

Мұның барлығы оңайлықпен келе қояды екен деп алданып қалмаңыз: осының барлығына қол жеткізу үшін бұл әйелдер бел шешпей еңбек етті. Мэри Кэй Эштің «әуелі – сенім, содан соң – отбасы, үшінші орында – мансап» артықшылықтары туралы естіген кезде, бұл сөздердің мағынасын дұрыс түсінген өте маңызды. Осы артықшылықтар арасында тепе-теңдікті сақтау табысқа қол жеткізу үшін қалай болса солай жұмыс істеу керек дегенді білдірмейді. Mary Kay ұсынатын мүмкіндіктерді офистегі әдеттегі жұмыстан ерекшелендіретін нәрсе – бұл икемді жұмыс графигі.

Еңбекқорлығы жағынан Мэри Кэй Эшке тең келер адам көп бола қоймас. Өзі «Таңғы сағат 5-те тұратын адамдар клубы» деп атаған ереже жасап алып, ол өзінің жұмыс күнін таңғы сағат 5-те бастайтын, сөйтіп «жақсы старт алу үшін» және сол арқылы жоғары тиімділікке қол жеткізу үшін бір-екі сағаттық ұйқысын қиятын. Көптеген сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер балалары мектепке кеткенге дейін үйдегі тірліктің барлығын жасап алу үшін «Таңғы сағат 5-те тұратын адамдар клубы» ережесін саналы түрде ұстанады. Екінші жағынан, ұйқы сіз үшін өте маңызды болуы мүмкін. Онда негізгі жұмыс белсенділігін күннің екінші жартысына жоспарлағаныңыз жөн. Жұмыс графигіңізді балаларыңыздың мектептегі кестесіне бейімдеп жасауыңызға да болады, олар мектепте болған кезде, сіз сұлулық бойынша класстар өткізесіз. Тіпті сізге демалыс күндері ғана жұмыс істеген ыңғайлы болуы мүмкін. Таңдау шексіз.

Салыстыра кететін болсақ, корпоративті Америкада жұмыс беруші офис қызметкерін, кем дегенде, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді деп күтеді. Онда жұмыс графигін шамалы да болса икемдірек етіп жасау мүмкіншілігі болмайды. Әрине, қызметкерлеріне мұндай артықшылық беретін компанияда жұмыс істеу бақытына ие болған адамдар да бар, бірақ көп жағдайда жұмыс графигін өзіне ыңғайлы етіп жоспарлау мүмкіндігі бола бермейді.

Mary Kay сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшісі бола отырып, сіз өз-өзіңізге бастықсыз және қожайынсыз, демек, өз жұмыс күніңізді нешеде бастап, нешеде аяқтауды өзіңіз ғана шешесіз. Сіз табыс баспалдағымен көтерілуіңізге қажетті жұмыс кестеңізді және жылдамдығыңызды өзіңіз анықтайсыз. Егер сіз толық күнде жұмыс істейтін бұрынғы жұмысыңыздан түсетін табысты жартылай өтеуді мақсат етіп қойсаңыз, онда Mary Kay бизнесіне арнайтын жұмыс сағаттарыңыз аса көп болмауы ықтимал. Екінші жағынан, егер бұрынғы табысыңызды толық өтеп, оны көбейтуді қалайтын болсаңыз, онда бұл мақсатқа қол жеткізу үшін сізге көбірек жұмыс істеуге тура келеді.

Мұның басты мәні – өз тағдырыңызды өзіңіз таңдайтыныңызда. Сенім, отбасы және мансап арасындағы сізді бақытты ете алатын тепе-теңдікті өзіңіз анықтайсыз.
 
Мэри Кэй Эш жазды: “Бірде біреу былай деген:  «Mary Kay сұлулық жөніндегі Кеңесшісінің қызметі – бұл толық күш-жігер жұмсауды талап ететін мамандықтардың ішіндегі ең жоғары төленетіні... Барлығымыздың да материалдық қалауларымыз бен қажеттіліктеріміз бар екенін мен білемін.