ТАБЫСТЫҢ ШАБЫТТАНДЫРУШЫ, ҚАЙТАЛАНБАС, БІРЕГЕЙ ТАРИХЫ


Табысты кәсіпкерлік тарихында жоғары биіктіктерге қол жеткізудің көптеген мысалдары болды, Мэри Кэй Эштің тарихы бірегей және қайталанбас тарихқа айналды.  

Арман компания

Тікелей сауда саласында табысты мансап құра білген Мэри Кэй Эш 1963 жылдың басында зейнеткерлікке шыққаннан кейін, ерлер басым түсіп тұрған іскери әлемде әйелдердің табысқа қол жеткізуіне көмектесетін кітап жазуға бел байлайды. Кітапты бастар алдында ол екі тізім жасайды. Бір тізімге әр түрлі компаниялардың дұрыс және білікті түрде жасаған нәрселерін кіргізеді, ал екінші тізімге нені жақсырақ жасауларына болатындығын жазады. Екі тізімді мұқият оқып шыққаннан кейін, Мэри Кэй әйелдерге тұлғалық және қаржылық табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін «арман компанияның» маркетинг жоспарын жасап шыққанын түсінеді.

Жаңа кәсіпорынға өзінің жинақтаған 5000 доллар көлеміндегі сомасын салып, өзінің ұлы Ричард Рождерстің көмегімен Мэри Кэй 1963 жылы 13 қыркүйекте армандаған компаниясын ашады.

 Жетекші философия  

Өз компаниясының философиясының негізіне Мэри Кэй қандай жағдай болса да ең дұрыс шешім «Адамдардың өзіңе қандай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, өзің де оларға сондай қарым-қатынас жасауың керек» деген Алтын қағиданы алады. Ол әрбір әйелдің өмірлік артықшылығы төмендегідей тәртіпте қойылуы керек дегенге мығым сенді: әуелі – сенім, содан соң – отбасы, үшінші орында - мансап.

Ол басқа адамдардың қол жеткізген жетістіктерін қошеметтеудің маңыздылығын атап көрсетті. Компания қызметкерлерін және сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерді олар кездестіретін әрбір адамның кеудесінде «Менің маңыздылығымды сезінуге мүмкіндік беріңіз» деген жазу ілініп тұрғандай әрекет етуге үйретті.

Mary Kay компаниясы Мэри Кэй Эштің принциптерін сақтайды және оларды қазір де жетекшілікке алады.

Мэри Кэй Эштің наградалары

Көптеген бизнесмендер, жазушылар, саясаткерлер мен ғалымдар Мэри Кэй Эштің сіңірген еңбегі мен батылдығын атап өтіп отырды. Ол тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де көптеген беделді наградаларды иеленді.

Солардың тек бірқатарын ғана келтіріп өтейік:

  •  2008 жылы Дүниежүзілік жас әйелдердің христиандық ассоциациясының нұсқасы бойынша, ғасырдың жүз ұлы әйелдерінің қатарына енгізілді (Метрополитан, Даллас).
  •  2006 жылы Американдық ең ірі «A&E Television» телекомпаниясы тарихи өмірбаян арнасында Мэри Кэй туралы өмірбаяндық фильм көрсетті.
  • 2004 жылы PBS телеарнасы мен алғашқы Wharton бизнес мектебінің мәліметтері бойынша, Мэри Кэй Эш «Соңғы 25 жыл ішіндегі бизнестегі ең беделді 25 адам» тізіміне енді.
  •  2003 жылы Техастағы Baylor университетінің нұсқасы бойынша, Мэри Кэй Эшке «Америкадағы ең көрнекті кәсіпкер әйелдер» тізіміне енді.
  •  1999 жылы Lifetime Television ұйымы Мэри Кэй Эшке «ХХ ғасырдың ең көрнекті кәсіпкер әйелі» титулын берді.
  •  1996 жылы Fortune журналының нұсқасы бойынша Мэри Кэй кәсіпкерлік саласындағы Ұлттық даңқ залында құрметті орынға ие болды.
  •  1995 жылы Ұлттық кәсіпкер әйелдер ассоциациясы «Зерттеуші» титулын берді.
  •  1985 жылы Мэри Кэй «Әлемдік альманах және фактілер кітабы» нұсқасы бойынша Американың ең беделді 25 әйелінің қатарына енді.
  • 1978 жылы Гарацио Альгера ассоциациясы «Американың көрнекті азаматы» титулын берді.
Mary Kay adopted the Golden Rule as her guiding philosophy.

МЭРИ КЭЙ ТУРАЛЫ ТОЛЫҒЫРАҚ

Mary Kay-дің арқасында бүкіл әлемдегі көптеген әйелдер табысқа қол жеткізіп, өз тағдырларының қожайынына айналды. Оның уақытқа тәуелсіз принциптері туралы «Мэри Кэй: табысқа апарар жол» кітабынан және басқа кітаптарынан толығырақ біле аласыз.
Mary Kay Ash wrote The Mary Kay Way, a Wall Street Journal bestseller.

Мэри Кэй Эш сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілердің бүгінгі таңда 2 миллионнан асқан және іскери және академиялық орталарда лайықты құрметке ие ғалами командасын құрды. Бұл қалай мүмкін болды? Оның құпиясы Уолл-стрит Джорнелдің мәліметтері бойынша, бестселлерге айналған «Мэри Кэй: табысқа апарар жол» кітабында ашылады. 

Қырық тоғыз жыл бойы «Мэри Кэй: табысқа апарар жол» кітабында баяндалған принциптер Компанияның бизнес жүргізу шарттарын өзгерту жолымен және қарқынды ғалами өсу арқылы табысқа қол жеткізуіне көмектесіп келді. Mary Kay корпорациясы секілді өзінің негізін қалаушының құндылықтары мен көзқарастарын толығымен және шынайы іске асырып келе жатқан басқа компанияның табыла қоюы қиын болар.

Бүгінгі күні Американың ең танымал кәсіпкер әйелі ретінде мойындалған Мэри Кэй Эш 1963 жылы әйелдердің табысқа қол жеткізуіне жол ашу үшін ерлер басқаратын кәсіпкерлік әлеміне алғаш рет аяқ басты. Ол өз бизнесін бәсекелестік қағидаларына емес, Алтын қағидаға негіздеп құрды. «Адамдарды табысқа қол жеткізуге ынталандыра отырып» және «сын пікірдің әрбір қабатын екі қабат мақтаумен жаба жүріп», бұл Техастан шыққан жігерлі әйел бүкіл әлем әйелдеріне жаңа мүмкіндіктер ашты және бағасы миллиардтаған АҚШ долларымен есептелетін корпорация құрды. Елу жылға жуық уақыт өтсе де, оның жалпы адамзаттық құндылықтарды жетекшілікке алатын философиясы оның Компаниясын алға жетелеп келеді және бүкіл әлемдегі адамдардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгертуін жалғастырып келеді. 

Мэри Кэй Эштің кітаптары туралы толығырақ біліңіз