Back

+С қалпына келтіруші сығынды TimeWise®

29 мл

15 400 ТГ

Бұл өнім жоқ

TimeWise® +С Жаңартушы сығындыны пайдалану арқылы коллагенді қолдаңыз* және теріңізді шымырландыра түсіңіз. Тері нығая және тартыла түседі.

  • Бар коллагенді күйреуден сақтауға көмектеседі
  • Антиоксиданттармен байытылған формуласына С витамині өте мол өсімдік көздерінің қуатты кешені кіреді
  • Аллергия мен тітіркену пайда болуына қарсы клиникалық тексеруден өткен
  • Дерматологтардың тексеруінен өткен

*негізгі қосындыларын in-vitro (пробиркада) сынауға негізделген

Сығындыңызға суперкүш беріңіз! Өнімді TimeWise® Тері текстурасын жақсартатын С витаминді еріп кететін жолақтармен бірге пайдаланыңыз.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

12 800 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

TimeWise® Replenishing Serum + C®

Бұл антиоксиданттармен байытылған сығындының құрамында коллагенді* сақтай отырып, теріні шымырландыра түсетін қосындылар бар, сондықтан сіздің теріңіз тартыңқы және мықты көрінеді. Сонымен бірге ол бар коллагенді* күйреуден сақтауға көмектеседі. Соңғы нәтижесі – толық лифтинг! Инновациялық қаптамасы құралдың ауамен жанасуына жол бермейді, ендеше сіз оның бірде-бір тамшысы тиімділігін жоғалтпайтынына сенімді бола аласыз.

*негізгі қосындыларын in-vitro (пробиркада) сынауға негізделген

Жағу туралы кеңестер

  • TimeWise® +С Жаңартушы сығындының үш рет басу арқылы алынған көлемін бет терісіне жоғары және жан-жаққа бағытталған қимылдармен біртегіс етіп жағыңыз
  • Құралды таңертең және кешке үш рет басып шығарған көлемде пайдаланыңыз. (Сығындыны мойын мен декольте аумағына да пайдалануға болады, бірақ бұл жағдайда құралдың қосымша көлемін шығарып алу керек)
  • Көз айналасына тигізбеңіз

Маңызды:Бұл құралдың құрамына кіретін өсімдік экстрактары сығындыны тиімді ету үшін барынша табиғи күйде берілген, Осыған байланысты сіз жеңіл иіс пен түс байқауыңыз мүмкін. Бұл сипаттамалар құралдың терінің жас түрін қалыпқа келтіретіндігінің және келешек зақымданулардан сақтану бағытында жұмыс істейтіндігінің дәлелі болып табылатындығына назар аударуыңызды өтінеміз. Бөлме температурасында сақтау керек.

Негізгі қосындылары

  • Анар экстракты — құрамында витаминдердің мол болуына байланысты танылған супержеміс. Бұл жемістің құрамында С витамині, сондай-ақ басқа витаминдер мен антиоксиданттар өте мол және көптеген ғасырлар бойы тотығу күйзелісінің әсерін азайту үшін пайдаланылып келген
  • Какаду өрігінің экстракты кез келген басқа жемістердің ішінде С витаминінің мол шоғырланғандығымен танымал
  • Камю-камю экстракты — барлық жемістердің ішінде маңыздылығы жағынан екінші орында тұрған С витаминінің көзі. Камю-камю ағашы Оңтүстік Американың ылғал джунглиінде өседі
  • Ацерола шиесінің экстракты А және С витаминдеріне бай. Бұл жеміс мықты антиоксиданттық қасиеттерге ие
  • Қара қарақат жидектерінің экстрактында С витаминінің, сондай-ақ басқа витаминдер мен минералдардың деңгейі жоғары
  • Арган ағашы жемісінің экстракты коллаген мен эластинді сақтауды өте тиімді. Бұл ағаш тек Африкада өседі

Құрал қалай жұмыс істейді?

Әрбір TimeWise® құралы терінің әр алуан қартаю белгілерімен күресу үшін арнайы әзірленген. Олар бір-бірінің жас ұлғаюына қарсы артықшылықтарын күшейту үшін кешенді күтім жасауға арналып әзірленген.

  • Бұл антиоксиданттармен байытылған тамаша сығындының құрамында жаңа коллаген шығаруды күшейтетін және теріде бар коллагенді күйреуден сақтап қалуға көмектесетін қосындылар бар
  • Сонымен бірге оның құрамында теріге созылмалық пен жас түр беретін эластинді*, протеинді сақтаушы қабілетімен танымал қосындылар бар

*негізгі қосындыларын in-vitro (пробиркада) сынауға негізделген