Back

Проблемалы теріні тазалауға арналған құрал Mary Kay®

4.5 fl. oz.

0 ТГ

Бұл өнім жоқ

Зерделеу үшін көбірек

Жеткізу Төлем

Құрамындағы 2% салицил қышқылының тыныштандырушы өсімдік экстрактарымен үйлесімінің арқасында бұл құрал акнені азайтуға және теріні тітіркендірмеуге көмектеседі.

  • Тері майының артығын кетіруге көмектеседі.
  • Тері саңылауларының мүйізденіп кеткен бөлшектермен бітеліп қалмауын болдырмауға көмектеседі.
  • Қабынған акнені тазалауға көмектеседі.
  • Құрамында майлы және хош иісті қосындылары жоқ.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Проблемалы теріні тазалауға арналған құрал Mary Kay®

Проблемалы теріні тазалауға арналған құрал Mary Kay® Проблемалы теріге арналған жүйенің – құрамында белсенді қосындылар мен қосымша өсімдік экстрактары бар акнемен күресуге арналған тиімді және бірегей стратегияның бір бөлігі болып табылады.  Бұл мөлдір, жеңіл тазалаушы құрал тез арада нəзік көбікке айналып, тері майының артығынан тазартады. Тез және қалдықсыз жуылады, терінің мүйізденіп кеткен қабыршақтарының тері саңылауларына жиналып қалуынан сақтайды және қабынған акнелерді тазартады.  Mary Kay® Проблемалы теріге арналған жүйенің құралдарын қаншалықты ерте пайдалана бастасаңыз, нәтижесін де соншалықты ерте көресіз.

Жағу туралы кеңестер

  • Тазалаушы құралды уқалаушы қимылдармен беттің ылғал терісіне жағыңыз. Сумен мұқият шайып тастаңыз да, бетіңізді сүлгімен құрғатыңыз.
  • Жақсырақ нәтижеге қол жеткізу үшін Проблемалы теріге арналған сығындымен толықтырыңыз және, қажет болған жағдайда. Проблемалы теріге арналған нүктелі түрде әсер ететін құралды пайдаланыңыз.
  • Таңертең де, кешке де пайдалануға болады.

Құрал қалай жұмыс істейді?

Mary Kay® Проблемалы теріге арналған жүйе — акненің пайда болуының көптеген себептеріне көп қырлы тәсілдеме. Акне кез келген адамда, кез келген уақытта пайда болуы мүмкін. Құрамындағы салицил қышқылының арқасында, Mary Kay® Проблемалы теріге арналған жүйе акне ошақтарын кетіреді және олардың пайда болуының алдын алады. Бұл қалай жүреді:

  • Тері саңылауларының бітеліп қалуын болдырмауға көмектеседі. Тері шығаратын май жоғары көтеріледі де, терінің саңылаулары арқылы шығып, теріні майлайды. Бірақ проблемалы тері болатын болса, терінің табиғи жолмен тазарып отыруы қажет өлі қабыршақтары тері саңылауларын бітеп тастайды да, майды ішке қамап қояды. Салицил қышқылы тері саңылауларына жиналып қалған өлі қабыршақтарды тазартады және тері бетіндегі клеткалардың жаңару процесін жылдамдатуға көмектеседі.
  • Майдың артығын азайтуға көмектеседі. Тері майын тікелей тері қабатының астында орналасқан май бездері шығарады. Теріні жұмсарту және оның табиғи қорғаныс кедергісін сақтау үшін белгілі бір май көлемі қажеттігіне қарамастан, майдың артығы және кір тері саңылауларын бекітіп тастауы ықтимал. Mary Kay® Проблемалы теріге арналған жүйенің құралдары майдың артығын қадағалап, жылтырды азайту үшін әзірленген.
  • Акненің қабынуымен байланысты тітіркенуді азайтуға көмектеседі. Қабыну асқынған кезде тітіркену пайда болады, себебі тері өзін-өзі емдеуге тырысады және бұл тітіркену иммун клеткаларына инфекция ошағына қарай жылжуға сигнал беретін протеиндер мен пептидтердің бөлінуі арқылы күшейе түсуі мүмкін. Mary Kay® Проблемалы теріге арналған жүйенің құралдары акненің қабынуына байланысты пайда болған тітіркенуді азайтуға көмектесу үшін әзірленген.