Шакизада Макулбаева​​ Независимый Национальный Лидер Компании "Мэри Кэй" в Казахстане

Шакизада Мақұлбаева

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Ұлттық Көшбасшысы
 
«Мэри Кэй» компаниясымен таныспас бұрын, мен газ өңдейтін зауыт қызмет көрсететін, Акционерлік қоғамның жоспарлау бөлімінің бастығы едім және соңғы жылдарында Вице-президент болдым. 1995 жылы бір мезгілде шағын бизнесімді аштым, бірақ ол маған ұнамайтындықтан, тоқтатайын деп жүргенмін.
 
Мен жиі іссапарларда болатынмын және шетелге сапарға шығар алдында француз брендінің теріге күтім жасайтын құралдарын арнайы іздейтінмін де, теріме күтім жасалады деген үмітпен сатып алатынмын, бірақ қандай да бір себептермен бұл құралдар менің терімнің проблемасын шешуге көмектеспейтін.
 
1998 жылы қыркүйек айында (құрбымның ұсыныс бойынша) маған сұлулық жөніндегі Кеңесші келді, мен Mary Kay жүйелі күтімін жағып көріп, бірден теріге күтім жасау құралдарына тапсырыс бердім. 3-4 ай өткеннен кейін, көп жылдар бойы іздеген құралдарды тапқанымды түсіндім.
 
Осы уақыт ішінде Кеңесші маған «Мэри Кэй» бизнесін ұсынды. Сол уақытта «Мэри Кэй» компаниясы менің ойымда басқа да көптеген компаниялардың қатарында тұратындықтан, мен бас тартатынмын. 1999 жылдың 30 қаңтарында сұлулық жөніндегі Кеңесшім мені жиналысқа шақырды (Алматыдан Көшбасшы келді деп айтты), бас тартуға ыңғайсыз болды да, мен жиналысқа 20 минутқа келдім. Мен сол кезде осы жиналыс менің өмірімді 180 градусқа өзгертетінін білмедім. Жиналыста компанияның маркетингтік жоспары туралы білдім де, сол кеште келісім-шарт жасастым және сұлулық жөніндегі Кеңесшісі болдым.
 
Мен Бас ұйымдастырушымнан «Сұлулық жөніндегі Кеңесшіге арналған нұсқаулық» кітабын тастап кетуді өтіндім (өзімнің старттық жиынтығымда күтуге уақыт жұмсамау үшін және бұл бизнесті бүгіннен бастап үйрену үшін). Бұл кітап маған қатты ұнады. Ұсынылатын потенциалды клиенттер тізіміне бірінші етіп бар-жоғы екі таныс әйелді енгіздім (сол уақытта менің жақын таныстарым басқа қалаға, тіпті басқа елге көшіп кеткен еді). Менің табандылығымның арқасында 10 күн өткеннен кейін сол екі танысым маған өздерінің таныстарын ұсынды.
 
Менің бірінші мақсатым ақша табу еді, дегенмен класс өкізгеннен сайын мен өзіме таңғажайып қызық сәттерді аштым: маған әйелдермен тілдесу, сол әйелдердің терісіне қатысты проблемаларын шешуге көмектесу және кетіп бара жатып, маған алғысын айтқандары ерекше ұнайтын.
 
Мен барлығын «Нұсқалықта» көрсетілгендей жасайтынмын және менің терімнің проблемасын шешкен өнімді қаншалықты көп әйелдерге таныстырсам, бұл «Мүмкіндіктер теориясы» жоғары математикасындағыдай, өнімді сатып алатын клиенттерім де соншалықты көп болатынын түсіндім.
 
Басқа да клиенттерімді тек нұсқау бойынша тауып алдым. Менің ережем таңертең сағат сегізден кешкі сағат сегізге дейін клиенттеріме және потенциалды клиенттеріме міндетті түрде қоңырау шалу. Мен «2 +2 + 2» жүйесі бойынша жұмысты бақылау үшін дәптер арнап қойдым. Сөйтіп, жұмысымның 10 айында клиенттерімнің саны (сұлулық бойынша классқа қатысқан) 100 адамды құрады.
 
Кейде классқа таңғы сағат 7-де де келетін және класстар түнгі сағат 12-ге дейін жалғасатын, себебі көпшілігі тек жұмыстан кейін келетін. Олардың барлығы нұсқау бойынша келетін. Классқа қатысқан әйелдердің барлығы міндетті түрде «Образ» кітапшасымен және менің бес визиттік карточкаммен кететін, бұл маған бұдан да көп клиент және тапсырыс алуға көмектесетінін білетінмін. Бұған қоса, мен Mary Kay өнімінің сапасы мен тиімділіне сенімді едім, сондықтан сатып алмайды деген қорқыныш болмайтын.
 
1999 жылдың қарашасында (9 ай өткен соң) мен Көшбасшым Боранбаева Мағираның талабы бойынша бірінші рет Көшбасшылар ұйымдастырған мансап бойынша конференцияға қатыстым (Алматыға арнайы келдік). Конференцияда Компания масштабының қаншалықты үлкен екенін көрдім, қандай ірі корпорациямен ынтымақтастықта екенімді түсіндім, табысты Көшбасшылар Сильченко Надежда, Мунатаева Валентина, Ли Светлана, Кин Тамара және басқалармен таныстым. Бизнес, клиентпен және командамен жұмыс істеу туралы барлық нәрсе мені таң қалдырды. Мен алған білімімді тәжірибеде пайдаланып көру үшін үйге асықтым және нәтижесінде бірінші аптада төрт бизнес-серіктесім болды.
 
Дәл сол жылы Компания «Семинар жылында 100 жаңа клиент» үндеуін жариялады да, мен соған қатыса бастадым. Шарты бойынша бес кезеңнен тұратын 100 «Негіз»  кешеніне тапсырыс беру және 100 жаңа клиент табу керек болды. Мен үндеудің шарттарын шын ниетіммен орындадым және бұл жеңісім бизнесімнің дамуына орасан  мүмкіндіктер берді, себебі  клиенттерімнің саны 250 еді. Менің есімім ай сайын Бизнес-Топ рейтингінде болды – Жеке сауда бойынша Ханшайым және жаңа Кеңесшілерді тарту бойынша Ханшайым  (маған менің жұлдызды режимімім көмектесті – айына 20 б.б.-тен 70 б.б-ке дейін). Сондай-ақ мен «Қызыл пиджак» бағдарламасының шартын орындадым және Ұлттық  Көшбасшылар жариялаған VIP- конкурстың жеңімпазы атандым. Нәтижесінде Мәскеу қаласында өткен Семинарда мен «100 клиент клубы» төсбелгісін алдым (ТМД елдерінің арасынан біз екеу едік); Жүлдызды Кеңесші шеруіне қатыстым, Ұлттық Көшбасшы Киселева Галинадан қонаққа шақыру және Ұлттық Көшбасшылармен тілдесе алатын «Гранд-Матриотт» мейрамханасына шақыру алдым. Бұдан басқа Семинарда мен Компания басшылығымен түскі асқа шақыру алдым, онда Тара Юстаспен таныстым.
 
Мәскеуден оралған соң, менің Көшбасшым: «Көшбасшылыққа кандидат бағдарламасын баста», - деді. Мен сіз сияқты бола алмаймын деген күмәнімді айтып, қорқып кеттім. Бірақ Мағира дегенін қайтпады. Сонда мен Бизнес-Топ Көшбасшысының ролі және атқаратын жұмысы туралы толығырақ айтып беруді өтіндім. Содан кейін ғана, қолымнан келетінін айттым.
 
DIQ бағдарламасын орындау кезеңінде менің алдымда таңдау тұрды: жақсы еңбекақысы бар бөлім бастығының креслосы немесе «Мэри Кэй» мансабы. Екі аптадай ойланып, қызметтен бас тартып,  Бизнес-Топ Көшбасшысы мансабын бастау туралы шешім қабылдадым. Көшбасшылық бағдарламасымен паралельді түрде Далластағы Семинарға бару бағдарламасының да шарттарын орындадым. Нәтижесінде 2001 жылдың 1 мамыр айында мен Бизнес-Топ Көшбасшысы статусын және бірінші қазақстандық делегация құрамында Далласқа баруға шақыруын, Жеке сауда бойынша бірінші Фрейлина титулы мен бірінші Орта Бриллиант арасын алдым. 2001 жылы 30 сәуірде Мағираға айтқан сөзім әлі есімде: «Мағира мен барлығын орындадым, бірақ бұл қандай қиын және оңай болды!».
 
Жарты жылдан кейін мен басқа қалаға, тағы жарты жылдан кейін басқа облысқа көшіп кеттім, ал менің клиенттерім мен Бизнес-Тобымның мүшелері Жаңаөзенде қалып қойды және бізді 3000 километр бөліп тұрды! Басында маған әдеттегідей болмады, телефон «үндемейді», тіпті мұны балалар да байқады. Мен не істерімді білмедім, бірақ сонда да кез келген жағдайда пайдалы жағын іздеу керек екенін түсіндім де, соны таптым. Мен ара қашықтықта жұмыс істеуді үйрендім, жиі болатын жеке байланыссыз; аймақтарға баратын сапарларымды және телефон арқылы командамен жұмыс істеуді жоспарладым. Осылайша 10 жыл өтті.
 
Әрине, қиын болды, менің комиссиялық сыйақымның 70-тен 90%-ға дейін жол жүру және қала аралық сөйлесулердің шығынын құрайтын кезеңдер болды. Мұндай жағдайларда «Мэри Кэй»-дегі бизнесімнің келешегіне деген сенімім және Мэри Кэй Эш-тің мына сөзі көмектесетін: «Кімде кім келешегін осы кезде көре алса, ол саған тиесілі». Мен осы режимде жұмыс істей берсем, еңбегім мен тұрақтылығымның нәтижесінде міндетті түрде ләззат алатын күн туатынына сенетінмін.
 
Сонымен қатар, мені осы уақытқа дейін өздерінің жетістектерінің құписымен риясыз бөлісіп келе жатқан бизнестегі әріптестірім Сильченко Надежда және Мунатаева Валентинаның нәтижелері шабыттандыратын. Олармен бірге Ақтауға барған  сапарымызда маған жағымды болды, олар маған көп нәрсе үйретті, мен осы әйелдердің даналығына таңданамын, аса құрметтеймін және шын жүрегімнен алғасымды айтамын. Мен біздің Ұлттық Көшбасшыларға қызығамын, олар өздерінің  үлгілерімен көптеген әйелдерге табысты болуға ықпал етеді және көмектесетін, расында батыл, мақсатқа ұмтылған, еңбекқор және ақылды әйелдер.  Бізге үлгі болған Ли Светлана,  Кин Тамара және барлық Ұлттық Көшбасшыларға алғысымда айтамын, өзімнің Аға Ұлттық Көшбасшым Гасанова Жаннаға өсуге ынталандырғаны үшін және қиын сәттерде қолдағаны үшін алғысымды айтамын.
 
Менің жетістіктеріме қарап, өздері 11 жыл бұрын сұлулық жөніндегі Кеңесші болған әйелдер үшін қуанамын. Мен өзінің өмірін жақсартқандар үшін қуанамын, менің үлгім көптеген әйелдерге өзіне сенуге итермелегені үшін бақыттымын және осының барлығы Компанияның «Әйелдер өмірін жақсарту» миссиясына дәлел сияқты.
 
Мен өзімнің еншілес Көшбасшыларымды мақтан етемін, олардың болашағы зор, олар батыл, еңбекқор, адал, мейірімді, әдемі, мақсатқа ұмтылғыш адамдар, мен олардың әрқайсысын  құрметтеймін және бизнес-серіктестерінің өсуіне сіңірген еңбектері, олардың мақсатқа ұмтылғыштығы мен сенімі мансаптың шыңына апаратынына сенемін.
 
Мен өзімнің Ұлттық тармағымның барлық Кеңесшілерін мақтан тұтамын, олардың болашағы зор екеніне сенемін.
 
Бүгінде өзімнің көп жылдық еңбегімнің жоғарғы бағасы – Ұлттық Көшбасшы статусын алып, мұның барлығы Компанияға, өзіме және мені қоршаған басқа адамдарға деген сенімімнің, бірінші күннен бастап бәрін дұрыс әрі сүйіспеншілікпен істегенімнің, сондай-ақ өмірде жетістектерге жеткен адамдармен араласқанымның, тәртіпті және жауапты, кәсіпқой  болып, басқаларға қолдау көрсеткенімнің арқасында орындалғанын білемін.
 
Мен бағдарламаны бірге орындаған Көшбасшыларға, олардың сенімділігіне, адалдығына таңданамын, еңбекқорлығы мен сүйіспеншілігіне, бағдарламаны табысты бастап, лайықты аяқтау құрмет белгісі екенін түсінгені үшін алғысымды айтамын. Менің қымбатты достарым, сендерге рахмет.
 
Менің «Мэри Кэй»-дегі бизнесім өмірімнің ісіне айналғанына, 11 жыл бұрын осы мансапты таңдап, дұрыс таңдау жасағаныма  бақыттымын. Осы жылдар ішінде мен Далласта үш мәрте болдым, жолдасыммен бірге Компанияның шақыруымен Тунис, Испания, Қытай және Ұлыбританияға, ал Көшбасшылармен бірге Тайланд, Туркия және Фрнацияға саяхат жасадым. Пиджагымның қайырмасында Бриллиант аралар жарқырайды, гаражымда үш автокөлік тұр: «Пежо», «Шевроле» және аты аңызға айналған қызғылт «Мерседес» . Ал ең басты жетістігім, мен бастығымның жоқтығынан орасан ләззат аламын, ал сенімді серіктес-компаниям «Мэри Кэй» маған уақытымды, бизнесімді, демалысымды жоспарлауға, алдыма мақсат қоюдан қорықпай және соған бағыт бойынша жетуге, нағыз табысқа апарар жолдағы қиындықтарды жеңуге, адамдар қандай болса, сол күйінде түсініп, қабылдай білуге және сиқырлы өзгерістерді алуға, әдемі, бақытты және бай болуға үйретті.
 
Мен үшін ең қымбаттысы - менің отбасым: Күйеуім және ұлдарым Жандос пен Марат. Мен мәселеге қатысты шешім қабылдауда үлгі бола алатыныма, өздерінің таңдаулы болашақтарын жасау үшін жаңа әлеуметтік платформа бере алатыныма қуаныштымын, себебі менің балаларым – менің жұмысымдағы ең таңдаулы мотивация болады.
 
«Мэри Кэй» - бұл шың басындағы орындар барлығына жететін, айрықша бірдей мүмкіндіктер компаниясы. Осыны сеніммен әрекет ете отырып, өзгелерге жүрегіңіздің жылуын бере отырып пайдаланыңыз. Соңына дейін барыңыз, сонда сіздің армандырыңыз орындалады.