Светлана Ли​ Независимый Национальный Лидер Компании "Мэри Кэй" в Казахстане

Светлана Ли

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Сату жөніндегі тәуелсіз Ұлттық Директоры
 

Менің тарихымда өзгешеліктен гөрі, әдеттегі нәрселер көп. Мамандығым бойынша, мен дәрігер-нейрорентгенологпын. Медицина саласында 15 жыл қызмет атқардым. Отбасымда күйеуім, 2 қызым және 3 немерем бар. Компанияға 1996 жылдың қыркүйегінде келдім. Мені өнімнің сапасы мен 500$ табуға болатын мүмкіншілік баурап алады. Әлі есімде, 1995 жылы желтоқсан айында маған сұлулық жөніндегі Кеңесші келіп, құрбым екеуімізге теріге күтім жасау калссын өткізді. Оның әдемі имиджі, өнімінің сапасы менің басымды айналдырды, «жұмысы қандай тамаша, онда тек таныспен бару керек шығар» деген ой келді де, мен оның шынайы клиенті болып жүре бердім, барлығына ұқсас, біздің бәріне ақшамыз жетпейтін.
 
Бұл 9 айдан кейін өзім үшін өнім алуға компанияға келудің бірінші себебі болатын. Келесі маңызды сәт – Аға Ұлттық Көшбасшы Лейла Грановская өткізген жиналысқа қатысуым. Оның мәдениеттілігі, сенімі, жан тыныштығы мені баурап алды. 1-ші тоқсанда мен жұлдызды Кеңесші атандым. Жиналыстарда өзіңнің және компанияның мүмкіндіктеріне сеніммен қарауға ынталандыратын мысалдар көп болады. Бастысы, компанияның философиялық түпкі ойын түсіне білу. Мэри Кэй, алдымен әйелдерді рухани жағынан дамытып, сол арқылы өмірдегі құндылықтарды бергісі келді, бұл - еркіндік, мансаби өсу арқылы қаржы тәуелсіздігі.
 
Екі жылдан кейін 1998 жылы қыркүйекте мен Көшбасшы болдым. Бұл бір тамаша уақыт еді.  Командаңды өз отбасыңдай етіп құрсаң, онда түсінігі мол, сенімді, адал адамдар келеді де, өздерінің бақытын жасайды. Біз Алтын Қағиданың адамгершілік принциптеріне сүйене біріккенбіз және оны қызметімізбен дәлелдеп келеміз.
 
Мэри Кэй мансабы – бұл жеке тұлғаның дамуы, өз ойын білдіруі, ол риясыздық рухымен қаныққан және сонысымен айрықша. Компанияның бізге көрсеткен қошеметін бағалау қиын. Мен үшін балаларыма пәтер, ата-анама көмек, саяхаттар және күнделікті өмірімнің кез келген аясында жоғары таңдау еркіндігі.
 
Менің үлкен қызым Юлия, 2004 жылдың наурыз айында Көшбасшы болды да, 6 айдан кейін Аға Көшбасшы атанды. Ол Пежо машинасының иесі, екі рет «Далласқа сапар», Хайнань аралына және Хорватияға баратын  мотивациялық бағдарламалардың жеңімпазы болды. Біздің отбасымыз бен Ұлттық желіміз үшін маңызды Риясыздық Ханшайымы атағының иегері. Мен оның тамаша Көшбасшы екенін мақтан тұтамын. Менің кіші қызым Алла - жұлдызды Кеңесші, қазір менің менеджер-хатшым және оң қолым – сенімді, сауатты, ұқыпты серіктес және болашақта Көшбасшы болатынына сенемін.
Менің әпкем Неля 2008 жылы 1 қазан айында Калининград қаласында Жетекші Көшбасшы статусын алды, оның мықты, тату және әдемі командасы бар. Оның желісінде 18 Көшбасшы бар. Ол Форд Фокус компаниясының машинасын иеленді.
 
Менің апайым Надежда Мян, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Аға Көшбасшы. Біздің Көшбасшылар командамыздағы абырой мен сенімділік символы іспеттес. Пежо машинасының және 6 Бриллиант Араның иегері. Компанияның «Жетістік-Ханым» және «Табыс-Ханым» арнайы номинациялары бойынша екі мәрте жеңімпаз болды. Оның командасының болашағы зор және командасындағы бірінші Көшбасшысы Бішкек қаласындағы жиен қызы Тен Динара, сауатты, сүйкімді және тыңғылықты әйел. 3 жыл ішінде тамаша жетістіктерге жетті – Жетекші Көшбасшы статусын алды, Пежо автокөлігінің иесі, Хорватияға саяхатқа барды, 4 Бриллиант Арасы бар.
 
2004 жылы Киев қаласында өткен Жетекші Көшбасшылар ассамблеясына қатыстым. Бізді Ресей, Украина және Қазақстанның жас Ұлттық Көшбасшылары оқытты. Дәл сол сәттен бастап Ұлттық Көшбасшы бағдарламасын бастауға шешім келді де, оны 2005 жылдың 1 қаңтарында менің тамаша командаммен бірге, лайықты аяқтап шықтық. Бұл жолды біз бір-бірімізбен қол ұстасып, жеңіске деген зор сезіммен өтіп, жеңіске жеттік. Бұл біздің рухымыздың, командамыздың рухының, «Мэри Кэй» философиясы мен сенімінің жеңісі болды.
 
Маған Мэри Кэй арқылы берген тамаша батасы үшін менің Құдайға деген алғысым шексіз.  Мен Мэри Кэй-дің әйелдер өмірін жақсарту арманын бүкіл өмір бойы, күн сайын, сағат сайын алып жүруге уәде беремін.
 
Алла маған жар болсын!