Любовь Игнашева

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Сату жөніндегі тәуелсіз Ұлттық Директоры
 
20 шілде 2005жыл. Бүгін мен сондай толқып тұрмын, өмірімдегі ең негізгі емтиханды тапсырып жатқандаймын, тек бағаның орнына маған ҚЫЗҒЫЛТ АРМАННЫҢ кілтін береді. Бір сәтте менің көз алдымнан суреттер өтіп жатыр.
 
Менің балалық шағым
 
Мен 5 жастамын, үйде ешкім жоқ. Мен қоймадан ескі тюльді алып, үстіме орап, белімді лентамен байлап алдым. Анамның биік өкшелі туфлиін киіп алып, ерніме ашық қызыл ерін бояғышты жақтым да, әртүрлі моншақ пен сақиналарды тағып алдым. Мен – ханшамын! Ыңылдап ән салып, ойнаймын, қиялдаймын, көз алдыма елестетемін, кейін өскенде осылай болатынын білемін!
 
Келесі сәт жастық шақ
 
Ең жақсы көретінім – бұл пионер лагері. Мен демалысымның бірінші күнінен соңғы күніне дейін сонда жоғалып кететінмін. Тілдесу, жаңа достар, слеттар, жиналыстар, КВН, алаулар, концерттер, конкурстар.
 
Отбасы бұл өте маңызды.
 
Менің отбасыма айтар алғасым шексіз. Анам, өзін жақсы көретін жұмыссыз ойлап та көрмеген, балаларға мектептеп келгенде, үйде болу үшін зейнетке шығады. Жұбайым асхана шаруасын және балаларды мектептен үйге жеткізу міндетін мойнына алады. Мен оларды осыған қалай мәжбүр еттім? Мен таң атқаннан, кешке дейін жұмыс істедім. Менің жұмыс істегенім соншалықты, сол кездегі «DE Lux» сөмкесінен екі қолымның алақаны сүйелденіп кеткен еді. Біздің пәтеріміздің есігі таң атқаннан кешке дейін жабылмайтын. Таусылмайтын кездесулер, өнім айырбастау, оқыту, тарту, тапсырыс жасау, курьерлердің жол жүруі, қоңыраулар, қоңыраулар .....  Бір күні таңертең «Мен дайынмын!» кезекті ұранын айтамын деп, төсегімнен атып тұрғанымда, есімнен танып қалыппын.
Уақыт өте берді. Екі жылдан кейін анам жұмысына қайтып барщды, балалардың әртүрлі репетиторларға баруына, тіпті өзіме және қызыма хореографиядан жеке сабақ алуға мүмкіндік пайда болды. Пәтерде жинауға, тағы басқаға үй шаруасы бойынша көмекшім айналыса бастады. Қазір мен таңертең қалаған уақытымда тұруға ерік беремін, бұл мен үшін баға жетпес байлық. Жексенбі күндері отбасыммен дәстүрлі және күнделікті кешкі асты мейрамханада іше аламыз.
 
Менің ЖҰМЫСЫМ
 
Мен логопед-дефектолог мамандығым мүмкіндік берген барлық жерде жұмыс істедім, мектепте, емханада, демалыс үйінде, теледидарда, комиссияда, қоғамдық ұйымдарда, жеке тәжірибеде.
 
Mary Kay компаниясымен бірінші рет 1995 жылы «Ежелгі роза» ерін бояғышын сатып алғанымда таныстым. Ернімде осы ерін бяғыштың сапасын сезініп, қымбат косметиканың шынайы бағасын түсіндім. Мен айналама көз тастап едім, жас, әдемі стильді киінген қыздардың бетіндегі шыққан жері күдікті косметиканы пайдаланғанын байқадым. Автобуста әйелдерге мұқият қарап, бірден олардың ерін бояғышының сапасына баға беретінмін. Маған костюм немесе теріге күтім жасау кешенін (бағасы бірдей) алу таңдауы түскенде, мен косметика сатып алдым, себебі жарқыраған бетке кез келген киім жарасар еді. Ал керіснше, ... мүмкін емес. Маған сұлулық жөніндегі Кеңесші болуды ұсынғанда , мен көп ойланған жоқпын. Өзімнің табиғи білімқұмарлығым арқасында мен «маркетинг» сөзінің мағынасына қатты қызытым. Менің қызығушылығым Көшбасшылыққа алып келді. Жұмысымның бірінші жылында мен Аға Көшбасшы болдым. Қаражат қауқарсыздығында, менің барлық ақшам, нақтырақ айтсам, төрт айлық комиссиялық сыйақым «күйіп кеткеніне» қарамастан, мен Антальяға демалуға және оқуға бардым. Далласқа барып келген Ұлттық Көшбасшылар мен Көшбасшылардан байқағаным, олар өздеріне барлық рахатты рұқсат ететін көрдім – бұл саяхатқа шығу, өмірден толығымен ләззат алу, бір нәрсені сатып алудан бас тартпау. Дәл сол уақытта, менде солардың орнында бола алатынымды шештім де, бизнес-серіктестерді тарту және Бриллиант Ара алу конкурсының хабарланғанына жарты жыл өткеніне қарамастан, мен белсенді түрде тартуға кірістім. Жарты жыл ішінде конкурс шартын орындап қана қоймай, Америкаға Қазақстанның бірінші делегациясы құрамында Далласқа сапарды да жеңіп алдым. Бұл сапар болашаққа саяхат сияқты болды. Мен алдымда не күтіп тұрғанын, бірнеше жылдан кейін Компания қандай болатынын, өзінің Көшбасшыларына қандай машина сыйлайтынын, солардың қатарында мен де болатынымды көрдім...
 
Армандар орындалды, қазір мұнын барлығы өңімде болып жатыр. Мен қолымда Мерседес көлігінің кілтін ұстап түрмын, менің ҚЫЗҒЫЛТ АРМАНЫМ менің қолымда!!!