Сұлулық жөніндегі жеке
Тәуелсіз Кеңесшіңізді табыңыз

 
Сенуге болатын өнім
Сенімді компания

 

altМэри Кэй Эш 1963 жылы өз Компаниясын өзі жетекшілікке алған құндылықтар негізінде құрды: тұтастық, адалдық және Алтын Қағидаға қалтқысыз сену. Бүгінгі таңда осы құндылықтар, әйелдердің нағыз сыртқы және ішкі сұлулығын оятуға қабілетті өнім жасауды қалауымызды қоса алғанда, атқарып жатқан нәрселеріміздің барлығының да негізінде тұр. Біздің философиямыз қарапайым - әрбір өнімде біз уәде берген нәрсемізді орындаймыз. Біз өз өнімдеріміздің сапасын және ол беретін артықшылықтарды мақтанышпен қолдап келе жатқандықтан да, миллиондаған әйелдер айта алады:
«Мен өзімнің Mary Kay әлемімді жақсы көремін!»

 

Біз әйелдердің нені қалайтындығына назар аударамыз.

Бүкіл әлем әйелдерімен өзара бірлесе жұмыс істесу біздің оларға не қажет екенін түсінуімізге көмектеседі және үнемі оларды қанағаттандыратын және қызықтыратын өнім ұсынуымызға мүмкіндік береді. Жыл сайын мыңдаған әйелдер Mary Kay® өнімдерін ғалым-сарапшылар бақылауымен пайдаланады және бағалайды. Осыған орай біз әрбір өнім формуласының тиімділігін өлшеп, әйелдер оны пайдаланудан алғысы келетін артықшылықтарды бере алатындығына көз жеткізе аламыз. Бұл білім бізге әйелдердің бүгін қалап отырған нәрселерін ұсынып қана қоймай, олардың келешекте қалауы мүмкін өнімдер әзірлеуімізге де көмектеседі.

 

Құралдардың қауіпсіздігі - біздің басты міндетіміз.

Жыл сайын Mary Kay Inc. компаниясы зерттеулер жүргізу үшін миллиондаған долларлар бөліп, әрбір қосындының және дайын өнімнің ең жоғарғы қауіпсіздік, сапа және тиімділік стандарттарына сай келетіндігіне көз жеткізу үшін 500 000-нан астам тестілер жүргізеді. Біз қосындылардың қауіпсіздігіне қатысты әр түрлі көзқарастың болмайтындығын және кейбір пікірлердің толық емес немесе дәл емес түсінік нәтижесі болатындығын білеміз. Біз «Мэри Кэй» компаниясында қандай да бір құрал бойынша қабылданған әрбір шешімнің пікірлерге емес, ғылыми фактілерге негізделетінін тұтынушылардың білгенін қалаймыз. Біз жан-жақты ғылыми зерттеулерге сүйенеміз және өнімнің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін тәуелсіз медициналық сарапшылармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Біз бүкіл әлемдегі денсаулық қорғау және қауіпсіздік жөніндегі реттеуші органдар талап еткеннен де артық нәрселерді жасаймыз.

 

Тәуелсіз медициналық сарапшылар жаңа өнімдерді әзірлеуде маңызды роль атқарады.

Mary Kay Inc. бүкіл әлемдегі медицина саласындағы жетекші дерматологтармен, офтальмологтармен және басқа мамандармен - теория және тәжірибе саласында - тығыз байланыс орнатқан. Осы сарапшылармен ынтымақтастықта жұмыс істеудің және тұрақты зерттеулер жүргізіп отыру мен технология саласындағы жетістіктерді бағалаудың арқасында Mary Kay Ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары дүниежүзілік классты өнімдер жасап шығарады.

 

Клиенттердің 100% қанағаттануы*

Біз клиенттердің қанағаттануы бір реттік нәрсе деп есептемейміз: бұл бүкіл өмір бойына. Mary Kay Inc. тұтынушылар өз таңдауларына сенімді болу үшін, өнімнің қауіпсіздігі және тиімділігі туралы айқын, беделді, нақты ақпараттар беруге тырысады. Міне, сондықтан да Компания сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер сататын өнімдерге 100% қанағаттанушылыққа кепілдік беріп отыр. Егер қандай да бір себеппен Mary Kay өнімі сізге сәйкес келмейтін болса, ол ауыстырылады немесе өнімнің толық құны сіздің жеке сұлулық жөніндегі Кеңесшіңізге қайтарылады*.

*Өнімді қайтару Компанияда қабылданған процедураларға сәйкес жүргізіледі.

 

Mary Kay Inc. өнімді жануарларға тестілеуге қарсы.

Mary Kay Inc. жануарларға тестілеуді жоюға тырысады және өнімдер мен жекелеген қосындылардың қауіпсіздігін растауда балама әдістерді қолданудың белсенді жақтаушысы болып табылады. Біз құралдарды және жекелеген қосындыларды жануарларға тестілемейміз, сонымен қатар кімнің болса да, біздің атымыздан осындай тестілеу жүргізуін өтінбейміз, бұл заң бойынша абсолютті қажет болатын жағдайларды қоспағанда. Жиырма жылдан астам уақыт бойы біз өнім қауіпсіздігін тестілеудің балама әдістерін әзірлеуге көмек көрсету саласындағы әлемдік көшбасшы болып табыламыз. Бүгінгі таңда бұл косметикалық өнімдердің қауіпсіздігін басқару жөніндегі ғалами реттеуші органдармен, жануарлар құқығын қорғау жөніндегі топтармен және тестілеудің балама әдістерін жетекші зерттеушілермен бірге серіктестікте жалғасып келеді.

 

Mary Kay Inc. экологиялық тұрақтылыққа ұмтылады.

Қызметтің экологиялық принциптерін дамыта және жүзеге асыра келе, біз бүгінгі таңда кезігетін адамдардың ғана емес, келешек ұрпақтың да өмір сапасына ықпал етеміз. Біз өзімізге ластануды болғызбау, ресурстарды сақтау, нормативтік талаптарды сақтау және экологиялық көрсеткіштерімізді үнемі жақсартып отыру арқылы экологиялаұ тұрақтылықтың жағымды мұрасын қалдыру міндетін жүктедік.


10 жыл

Тек қана клиенттерге арналған шұғыл желі: 8-800-080-5255
Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Жаңалықтарды алғашқылардың қатарында біліңіздер!
ok

2010 жылдың қазан айында Қазақстан Тікелей сауда ассоциациясы өз жұмысын бастады. Қазақстанда оның құрылуының бастамашысы «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясы болып табылады. Ассоциация президенті – «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясының бас директоры Константин Кулинич.


2009 жылы «Мери Кей (Қазақстан)» компаниясы «Мүлтіксіз – 2009» халықтық сапа белгісі сыйлығымен марапатталды!
«Мүлтіксіз» халықтық сапа белгісімен марапатталу Компанияның сапасы мен жауапкершілігінің айқын көрсеткіші, оның мақтанышы мен жетістігі болып табылады.

Mary Kay компаниясы 45 жыл бойы бүкіл әлем әйелдерінің өз бойларындағы потенциалдарын ашуға және бұрынғыдан да сұлулана түсулеріне, олардың асыл армандарының іс жүзуіне асуына көмектесіп келеді. Енді, міне, Mary Kay-дің таңғажайып мүмкіндіктер әлемімен сіздің де танысатын сәтіңіз туды! Компанияның өнімдері теріге күтім жасау, денеге күтім жасау, сәндік косметика, хош иістер коллекциясы секілді категориялардағы 200-ден астам атаудан тұрады.
Mary Kay косметикасын Сіз сұлулық жөніндегі жеке Тәуелсіз Кеңесшіңізден сатып ала аласыз. Сондай-ақ Mary Kay сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшісі болу арқылы өзіңіз тікелей сатып алуыңызға болады. Бізге бүгін хабарласыңыз да, Қазақстандағы Mary Kay туралы көбірек біліңіз. Біз сізге Mary Kay-мен бірге бизнес жүргізу ашатын мүмкіндіктер туралы, жоғары сапалы өнімдеріміз, Компанияның негізін қалаушы Мэри Кэй Эштің принциптері мен құндылықтары туралы әңгімелеп беруге дайынбыз.

© Mary Kay Inc, 2012