Сұлулық жөніндегі жеке
Тәуелсіз Кеңесшіңізді табыңыз

 
Мэри Кэй Эш

АРМАНЫН АЛҒА ТАРТҚАН


Кішкентай Золушканың тарихы

Мэри Кэй Эштің тарихы - бұл нағыз ханшайымға айналған кішкентай Золушканың тарихы. Бірақ ертегідегі кейіпкерден айырмашылығы - оған бақытты, табыс пен байлықты мейірімді Пері сыйлаған жоқ, бұл ғажайып әйел өз арманын, жинақтаған өмірлік тәжірибесін кемеңгерлікпен пайдалана отырып, өз қолымен жасады.

 

Тағдыр Мэри Кэйді жеңіл өмірмен еркелете қойған жоқ, керісінше, әрбір адам көтере бермейтін ауыр салмақтар салып, сынағандай болды. Бала кезінің өзінде-ақ, Хьюстонның кедей кварталында тұратын жеті жасар кішкентай қыздың иығына үлкендердің қамы түсті. Отбасын асырау үшін тәулігіне он төрт сағаттан жұмыс істеуге мәжбүр болған анасы кішкентай Мэри әлі ұйықтап жатқанда үйден шығып кететін де, үлкендер әзер атқарар міндеттерді орындап шаршаған балғын бүлдіршін ұйқыға кеткенде қайтатын. Мэри ауру әкесіне күтім жасап, үйде жинайтын, отбасына тамақ пісіретін, үйге керек-жарақ сатып алуға баратын, ол тіпті өзіне киім сатып алуға бала үшін ұшы-қиыры жоқ алысқа - қаланың өте шулы, адамы көп, қорқынышты орталығына трамваймен барып-келетін. Осылармен бір мезгілде ол тек қана «бестіктерге» оқыды және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысушылардың бірі болды. Мұның бәрін ол қалай жасай алды? Жауабы өте қарапайым: қызынан аналық алаңдаушылығын жасырып, оған: «Басқалардың қолынан келген нәрсені сен олардын артық жасай аласың», - деп үнемі қолдау көрсетіп отырған анасының арқасында. Бұл ерекше кемеңгер әйел кішкентай Мэри Кэйді қиындықтар мен қорқыныштарды жеңе білуге, күмәндарын сейілте білуге, сәтсіздіктерден сабақ алуға, мақсатқа ұмтылып, келешекке оптимистік көзқараспен қарауға үйретті. «Бұл сенің қолыңнан келеді!» - бұл Мэри Кэйдің өмірлік кредосы, оның келешек табысының негізін қалаушы және оның Арман-компаниясының ұранына айналған үндеу.

 

«Ханшайым Мен боламын!»

 

Жиырма беске толғанда әлі жап-жас Мэри Кэй қолындағы кішкентай үш баласымен күйеуінен ажырасты. Бұл оған өте ауыр тиді. Ешқандай кәсіби дағдылары жоқ жас әйелдің алдына өмір сүру үшін қаражат табу мәселесі көлденеңінен тұрды. Бірақ анасы бойынша сіңірген мақсатқа ұмтылғыштық, табандылық, көшбасшылық қасиеттері өз қателіктерінен үйрене білу қабілетімен бірлесе отырып, оны Stenli Products тікелей сауда компаниясының табысты сауда агентіне айналдырды. Бұл оның және отбасының қиын жағдайдан бас көтеруіне мүмкіндік берді.

 

Мэри Кэйдің мықты болмысын айқын көрсететін бір ғана мысал келтіре кетейік. Аптасына 7 долларға сауда жасайтын тәжірибесіз агент Мэри Кэй өзінің тым қарапайым жетістіктерін жан-жақты бағалап, басқалардан үйрену үшін сауда өкілдерінің жыл сайын өтетін съезіне барады. Ол жерде сауда ханшайымдарын қошеметтеу шарасына куә болады. Әрқашан да үздік болуға ұмтылысы Мэри Кэйді ерсілеу мәлімдеме жасауға итермелейді. Топ адамдардың арасынан компания президентіне қарай ұмтылып шығып, ол былай дейді: «Келесі жылғы ханшайым Мен боламын!». Оның көзқарасында өз-өзіне деген сенімділіктің мол болғаны соншалық, Stenli Products компаниясының президенті онымен ешбір күмәнсіз келіседі. Мэри Кэй айтқан сөзінен шығады!

 

Бар да, бер!

 

Ол барлық нәрседен дұрыс сабақ ала білетін және сол сабақтарының барлығы кейін оның Арманын жүзеге асыруда пайдаға асты. Күйеуімен ажырасқаннан кейінгі бірнеше жылдан соң дәрігерлер оған ауыр ревматикалық артрит диагнозын қойып, сал болып қалу үкімін шығарды. Сол сәтте ол өзінің ең басты ауруының эмоциялық күйзеліс екенін түсінді. Өзінің өмірге деген көзқарасын барлық нәрсені оң қабылдау және адамдарға риясыз көмектесу жағына қарай бұрғанда, ауру да оның бойынан мәңгілікке кетті. Кейінірек ол өзінің Компаниясын ашқан кезде, соңынан ерген сұлулық жөніндегі Кеңесшілерді табыстың басты ережесіне үйретті: «Бар да, бер!».

 

Өмірді осылай қабылдау, мейірімділік пен риясыздыққа сену, әлемді мейірімдірек ете миссиясына деген сенім олардың шынында да орасан зор табыстарға қол жеткізуіне көмектеседі.

 

Қошеметтер, бриллианттар, қызғылт автомобильдер.

 

Бірде Мэри Кэй сауда агенті ретінде қатысқан конкурстардың бірінде кезекті рет жеңіскер болды, жеңіскерлерді қошеметтеу салтанатында ол наградаға (не алды дейсіздер ғой?!...) су астында балық аулауға арналған балықшы шамын алды. Сол кезде ол «бір кездері адамдарды марапаттайтын болсам, наградаларым керемет наградалар болады» деген ойға кетті.

 

«Мэри Кэй» компаниясындағы жылына 50 миллионнан астам доллар жұмсалатын мүлтіксіз көтермелеулер жүйесінің тамыры, міне, осында жатыр. Жетістікке қол жеткізген кез келген сұлулық жөніндегі Кеңесші, Көшбасшы немесе Ұлттық Көшбасшы сыйлыққа бриллиант брошь, экзотикалық елдерге саяхаттау жолдамасын, «люкс» классты автоомбиль және, әрине, жыл сайынғы Семинар сахнасында әрбір жеңіскердің құрметіне көрсетілетін қошемет ала алады.

 

«Адамдарға оларды және олардың әрекеттерін жоғары бағалайтындығыңызды жеткізіңіз, - деп жазады Мэри Кэй Эш өзінің автоөмірбаянында, - сонда олар сізге бұрынғыдан да жақсы жұмыспен жауап қатады. Жоғары бағалаудың символдары болып табылатын қол соғулар мен қошеметтеулер әлемдегі ең қуатты күштердің біріне жатады».

 

Арман-Компания

 

Тек әйел болғаны үшін ғана өзіне кезекті әділетсіз қатынас жасалуына кезікке Мэри Кэй Эш жұмыстан кетуге шешім қабылдағанда, оның сауда жөніндегі табысты агент болып істеген 25 жылдық тәжірибесі бар еді. Өзі бизнестің қыр-сырын үйреткен ер адам көп ұзамай екі есе жалақымен оның бастығы болып тағайындалды. Сол кезде Мэри Кэй «ерлер» бизнесінің қатаң әлемінде өздеріне жол салуға мәжбүр болып келе жатқан әйелдерге көмек ретінде кітап жазуға шешім қабылдады, бірақ келешек кітаптың сызбасының орнына Арман-компанияның маркетинг жоспары пайда болды да, ол бұл стратегияны энтузизммен орындауға кірісті.

 

Mary Kay Косметикс компаниясы 1963 жылдың қыркүйек айында ашылды.

 

Компанияны ашуға барлық нәрсе дайын болған шақта Мэри Кэйдің екінші күйеуі кенеттен жүрек ауруынан қайтыс болды. Ол бизнестің барлық қаржылық және әкімшілік мәселелерімен айналысу керек болатын. Бақытқа орай, ұлы Ричард анасына көмекке келді. Ол жалақысынан екі есе жоғалтып, бос уақытынан айрылғанмен де, «мамандардың» жаңа бизнестің сәтті болатынына күмәнданғанына қарамастан, анасына қолдау болды, себебі ол сенді: «Барлық нәрсе қолынан келеді!».

 

Қайғы Мэри Кэйді ешқашан да жеңе алған жоқ. 1980 жылы үшінші күйеуі қайтыс болған кезде, оны жерлегеннен кейін бар күш-жігерін жинап, Көшбасшылар мен Кеңесшілерді қошеметтеу үшін Сент-Луиске аттанды, себебі олар сол оқиғаны, Мэри Кэй Эшпен кездесуді көптен күткен еді, ал, шындығына келсек, Мэри Кэйдің өзі үшін бұл кездесу оларға қарағанда қажеттірек еді.

 

Символдар туралы

 

altКомпаниядағы жетістіктерді қошеметтеу символдарының бірі - ара түріндегі бриллиант ара. Аэродинамика жөніндегі мамандар ара ұшуға тиіс емес деген қорытындыға келді, себебі оның қанаттары тым әлсіз, ал денесі тым ауыр. Бірақ ол ұшады ғой! Құдай оның құлағына «Бұл сенің қолыңнан келеді!» деп сыбырлағаннан болар, - деп есептеді Мэри Кэй.

 

alt

 

alt

 

alt

 

alt

 

 

 

 

10 жыл

Тек қана клиенттерге арналған шұғыл желі: 8-800-080-5255
Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Жаңалықтарды алғашқылардың қатарында біліңіздер!
ok

2010 жылдың қазан айында Қазақстан Тікелей сауда ассоциациясы өз жұмысын бастады. Қазақстанда оның құрылуының бастамашысы «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясы болып табылады. Ассоциация президенті – «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясының бас директоры Константин Кулинич.


2009 жылы «Мери Кей (Қазақстан)» компаниясы «Мүлтіксіз – 2009» халықтық сапа белгісі сыйлығымен марапатталды!
«Мүлтіксіз» халықтық сапа белгісімен марапатталу Компанияның сапасы мен жауапкершілігінің айқын көрсеткіші, оның мақтанышы мен жетістігі болып табылады.

Mary Kay компаниясы 45 жыл бойы бүкіл әлем әйелдерінің өз бойларындағы потенциалдарын ашуға және бұрынғыдан да сұлулана түсулеріне, олардың асыл армандарының іс жүзуіне асуына көмектесіп келеді. Енді, міне, Mary Kay-дің таңғажайып мүмкіндіктер әлемімен сіздің де танысатын сәтіңіз туды! Компанияның өнімдері теріге күтім жасау, денеге күтім жасау, сәндік косметика, хош иістер коллекциясы секілді категориялардағы 200-ден астам атаудан тұрады.
Mary Kay косметикасын Сіз сұлулық жөніндегі жеке Тәуелсіз Кеңесшіңізден сатып ала аласыз. Сондай-ақ Mary Kay сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшісі болу арқылы өзіңіз тікелей сатып алуыңызға болады. Бізге бүгін хабарласыңыз да, Қазақстандағы Mary Kay туралы көбірек біліңіз. Біз сізге Mary Kay-мен бірге бизнес жүргізу ашатын мүмкіндіктер туралы, жоғары сапалы өнімдеріміз, Компанияның негізін қалаушы Мэри Кэй Эштің принциптері мен құндылықтары туралы әңгімелеп беруге дайынбыз.

© Mary Kay Inc, 2012