|
Барлығыңыз қош келдіңіздер, әсіресе әйелдер!
Мэри Кэй Эш тек әйел болған соң ғана қызметін жоғарылатудан кезекті рет бас тартқан кезде, ол жүрегіндегі әрбір әйел табысты мансапқа қол жеткізе алатын компания құру арманымен өмірінің 25 жылын берген фирмадан қинала кетті. Сөйтіп Арман-Компаниясын құрды. 1963 жылдың 13 қыркүйегінде Mary Kay Cosmetics компаниясының есігі барлық әйелдерге айқара ашылды.
Әйел ең батыл арманында көз алдына елестете алмаған табысқа қол жеткізе алады
Табанды еңбек пен энтузиазмның арқасында Mary Kay Cosmetics қысқа мерзім ішінде шағын компаниядан тікелей сауда саласындағы ең ірі халықаралық корпорациялардың біріне айналды. Бір кездері Мэри Кэй Эштің идеясын бар-жоғы сұлулық жөніндегі 9 Кеңесші ғана қолдаған болатын, қазіргі таңда әлемнің 39 еліндегі 2 000 000-нан астам сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші «Сатып алмас бұрын, жағып көр» принципін ұстана отырып, клиенттерге жоғары сапалы өнім ұсынады.
Қыздардың ең жақсы достары
Mary Kay Inc. компаниясының сұлулық жөніндегі үздік Кеңесшілерді бриллианттармен, тамаша автомобильдермен және саяхаттармен марапаттау дәстүрі - әлемде ең танымал дәстүрлердің бірі. Тек қана Қазақстанның өзінде үш мыңнан астам бриллиант және 30-дан астам атақты қызғылт «Мерседес» тапсырылды.
Статистика бойынша, әр сағат сайын Қазақстанның 90-нан астам әйелі Mary Kay кірпікке арналған тушын сатып алады!
Mary Kay компаниясы өз клиенттеріне алты категориядағы косметикалық өнімдерді ұсынады: теріге күтім жасау, сәндік косметика, денеге күтім жасау, күннен қорғаушы косметика, ерлерге арналған косметика және парфюмерия. Бұл құралдар терінің барлық типтеріне ғана емес, әр түрлі жасқа, көңіл күйге, мінез-құлыққа және сыр келбетке арналған.
Ең бастысы - әрбір клиент сатып алмас бұрын, құралдарды жағып көру, жеке таңдап алу мүмкіндігіне ие.
Егер өзіңіз жеңуге шамаңыз келмеген кедергіні жеңуге біреу көмектессе, өміріңіз қалай өзгерер еді?
Mary Kay Inc. негізіне мейірімділік және ізгілік философиясы қаланған. Компанияның «Бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін жақсарту» қайырымдылық миссиясын ұстана отырып, Mary Kay-дің әрбір бөлімшесі жыл сайын масштабты қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырады. Қазақстандағы қайырымдылық жұмыс жетім балалар мен ауыр сырқатты балаларға көмектесуге бағытталған. Қазақстанның жас буынының денсаулығын сақтауға қосқан осы үлесі үшін Компания көптеген жүлделермен марапатталды, солардың қатарында Қазақстанның бірінші ханымынан «Аналық символы», «Балалық шақ досы», «Алтын жүрек» жүлдесіндегі номинация бар.
Ал сіз білесіз бе, сіз осы мақаланы оқып отырғанда «Мэри Кэй» Кеңесшілері бүкіл әлемде 25 000-нан астам класс өткізді?!
Қазақстандағы ресми өкілдік
«Мэри Кэй (Қазақстан)»: Алматы, Достық даңғ, 140
Аймақтық қызмет көрсету орталықтары
Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент
Байланысу
+7 (727) 270-50-90, 8-800-080-5255 (шұғыл желі)
+7 (727) 262-72-40 (факс)
www.marykay.kz
e-mail: hdkaz@mkcorp.com
|