Сұлулық жөніндегі жеке
Тәуелсіз Кеңесшіңізді табыңыз

 
Арман компаниясы

2009 жылдың қыркүйегінде Mary Kay компаниясы өзінің кезекті туылған күнін тойлады: қазақстандық филиалға - 9 жыл, ал Mary Kay Inc. - 46 жыл. Компания өзінің негізін қалаушы, жеке бизнес мүмкіндіктері туралы армандайтын әйелдердің жаңа тарихының бастауы болған Мэри Кэй Эштің атымен аталған.


Мэри Кэй Эштің табыс құпиясы қарапайым болды: ол негізі оқыту, жұмысқа тарту және әйелдердің күшіне сену болып табылатын жаңа корпоративтік мәдениет құрды. Мэри Кэйдің мақсаты әйелдерге арналған жаңа мүмкіндіктер жасау еді. Табанды еңбек пен энтузиазмның арқасында Mary Kay корпорациясы шағын компаниядан тікелей сауда саласында тері күтіміне арналған өнімдерге маманданған ең ірі компаниялардың біріне айналды.


Mary Kay компаниясы әйелдер үшін мансаби өсу мен қаржылық табыстың шексіз мүмкіндіктерін ашты. Сұлулық жөніндегі Кеңесші жағдайы толық тәуелсіздікке, жұмыс графигін өз бетімен реттеуге және жеке амбицияларға қарай жеке табыс деңгейін жоспарлап, Mary Kay-де мансап жасауға кепілдік береді.


Іскери кемеңгер Мэри Кэй Эш, ол өз компаниясында ұрығын сепкен риясыздық рухы, оның жоғары адамгершілік принциптеріне берілгендігі, ғажайып энтузиазм мен адамдарға деген сенім Mary Kay-дің қысқа мерзім ішінде ғажайып көрсеткіштерге қол жеткізуіне мүмкіндік берді. 1963 жылы 5 000 доллар көлеміндегі шағын ғана отбасылық жинаққа құрылған компания өзінің он жылдығына қарай 23 миллион долларлық көтерме сауда деңгейіне қол жеткізді, жиырма жылдық мерейтойына қарай сауда көлемі 323 миллион долларға дейін көтерілді, Mary Kay Inc. қырық жылдық мерейтойын тойлаған 2003 жылы косметикалық тауарлар рыногындағы бұл көрсеткіш 1 миллиард 600 миллион доллар деңгейіне жетті. 2007 жылы жалпы сауда көлемі 2.4 миллиард АҚШ долларын құрады.


Басқа сандар да әсерлі. Егер 1963 жылы Mary Kay компаниясының құрылу сәтіне қарай бизнске 9 сұлулық жөніндегі Кеңесші тартылса, 2004 жылы бес құрлықтың 33 еліндегі 1 миллион 300 мың әйел Mary Kay-де бизнес жасады. Әлемдегі 400-ден астам әйел ең жоғарғы Ұлттық Көшбасшы мәртебесіне ие болды, ал Компанияның отаны Америка Құрама Штаттарында жұмыс істейтін 200 шамасындағы Ұлттық Көшбасшылардың жыл сайынғы табысы 1 миллион доллардан асты. Қазіргі таңда бүкіл әлемдегі 1 800 000-нан астам сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші Mary Kay компаниясымен бірге бизнес жасап келеді, 500-ден астам әйел ең жоғарғы мәртебе - Ұлттық Көшбасшы мәртебесін иеленді, 34 000 шамасындағы әйел қазіргі күні Бизнес-Топ Көшбасшылары болып табылады.


Клиенттерге қамқорлық жасау компания өмірге келген күннен бастап оның қызметінің негізін қалады. Тұтынушыларды теріге дұрыс күтім жасауға және ұсынылатын косметикалық құралдарды дұрыс пайдалануға үйретуге бағытталған сұлулық бойынша мастер-класстар өткізу идеясы Мэри Кэй Эштің өзіне тиесілі. Қазіргі таңда бұл көптеген косметикалық өнім өндірушілердің тәжірибесіне енді, бірақ осы тамаша дәстүрдің бастамашысы Мэри Кэй Эш екенін әрдайым есте сақтаған абзал.


Mary Kay Inc. компаниясының косметикалық құралдары - бұл оның беделі, сондықтан да ол өнімдерінің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Компания әрбір қосындыны, соның ішінде өсімдік экстрактарын да мұқият зерттейді, себебі тек сонда ғана тұтынушыларға ең қауіпсіз және жаңаша талаптарға жауап беретін өнім ұсынуға болады. Компания өнімдерінің ассортиментіне барлығы 200-ден астам атау кіреді, соның ішінде бет және дене терісі күтіміне арналған құралдар, сәндік косметика, хош иісті және парфюмерлік желілер, күннен қорғаушы құралдар және ерлерге арналған косметика бар. Өнім косметикалық сала тауарларына қойылатын ең жоғары дүниежүзілік стандарттарға жауап береді, көптеген онжылдықтар бойы АҚШ-тағы №1 брэнд және сұранысқа иелігі мен танымалдығы жағынан әлемдік көшбасшылар қатарында болып келеді.


Mary Kay Inc. Mary Kay компаниясы өзінің жоғары сапасымен және тұтынушыға бағдарланғандығымен танымал өнімдер ұсынады. Өнімдер Далластағы (АҚШ) және Ханчжоудағы (Қытай) Компанияға тиесілі зауыттарда өндіріледі. Латынамерикалық, Австралиялық және Еуропалық аймақтар, Қазақстанды қоса алғанда, өнімдерді Далластағы зауыттан алады. Қытайдағы зауыт өнімдермен Азиялық аймақты қамтамасыз етеді. Компания өндіріс технологиясы мен рецептурасын жетілдіру бағытында үздіксіз жұмыстар атқарып келеді. Косметикалық саладағы ең жоғарғы стандарттарға жауап беретін ғылыми зерттеулер мен технологиялық әзірлемелерге Компания жыл сайын миллиондаған долларлар жұмсайды. Тұтынушылар үшін бұл Mary Kay өнімдерін пайдаланудың абсолютті қауіпсіз екенін білдіреді. Компания сынақтар жүргізудің балама тәсілдерін қолдайды, сол үшін Компания әр алуан экологиялық ұйымдардың наградаларымен марапатталды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік компаниялардың бірі болып саналады


Компанияның бас офисі - аумағы 56 мың шаршы м болатын 13 қабатты жаңаша ғимарат. Ол АҚШ-тағы Даллас қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Мұнда 1200 шамасында штаттық қызметкерлер жұмыс істейді. 2001 жылдың маусым айында, Мэри Кэй Эш қайтыс болардан бірнеше күн бұрын Mary Kay Inc.Басқармасының Төрағасы міндетін Мэри Кэй Эштің ұлы және Компания құрылтайшысының бірі Ричард Роджерс өзіне жүктеді.


Компанияның негізін қалаушы Мэри Кэй Эшті «тірі аңыз» деп атағанда, ол былай жауап беретін: «Мен ерекше батылдыққа ие қарапайым ғана әйелмін». Оның көрсеткен үлгісінің арқасында, міне, 45 жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлем әйелдері өз қабілеттерін толық жүзеге асыра отырып, оқу және даму мүмкіндігіне ие болып отыр.

 

alt

 

 

alt

 

 

10 жыл

Тек қана клиенттерге арналған шұғыл желі: 8-800-080-5255
Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Жаңалықтарды алғашқылардың қатарында біліңіздер!
ok

2010 жылдың қазан айында Қазақстан Тікелей сауда ассоциациясы өз жұмысын бастады. Қазақстанда оның құрылуының бастамашысы «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясы болып табылады. Ассоциация президенті – «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясының бас директоры Константин Кулинич.


2009 жылы «Мери Кей (Қазақстан)» компаниясы «Мүлтіксіз – 2009» халықтық сапа белгісі сыйлығымен марапатталды!
«Мүлтіксіз» халықтық сапа белгісімен марапатталу Компанияның сапасы мен жауапкершілігінің айқын көрсеткіші, оның мақтанышы мен жетістігі болып табылады.

Mary Kay компаниясы 45 жыл бойы бүкіл әлем әйелдерінің өз бойларындағы потенциалдарын ашуға және бұрынғыдан да сұлулана түсулеріне, олардың асыл армандарының іс жүзуіне асуына көмектесіп келеді. Енді, міне, Mary Kay-дің таңғажайып мүмкіндіктер әлемімен сіздің де танысатын сәтіңіз туды! Компанияның өнімдері теріге күтім жасау, денеге күтім жасау, сәндік косметика, хош иістер коллекциясы секілді категориялардағы 200-ден астам атаудан тұрады.
Mary Kay косметикасын Сіз сұлулық жөніндегі жеке Тәуелсіз Кеңесшіңізден сатып ала аласыз. Сондай-ақ Mary Kay сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшісі болу арқылы өзіңіз тікелей сатып алуыңызға болады. Бізге бүгін хабарласыңыз да, Қазақстандағы Mary Kay туралы көбірек біліңіз. Біз сізге Mary Kay-мен бірге бизнес жүргізу ашатын мүмкіндіктер туралы, жоғары сапалы өнімдеріміз, Компанияның негізін қалаушы Мэри Кэй Эштің принциптері мен құндылықтары туралы әңгімелеп беруге дайынбыз.

© Mary Kay Inc, 2012