|
А
Арнайы іс-шара - Компания өткізетін ақпараттық немесе мерекелік-ақпараттық іс-шара. Ақпараттық іс-шаралардың мақсаты қатысушыларға жаңа ақпараттар, кәсіби кеңестер, қажетті білім мен тәжірибе, сондай-ақ «Мэри Кэй»-дегі бизнесті табысты жүргізу және «Мэри Кэй»-де мансаби өсу үшін тиімді құралдар беру болып табылады. Мерекелік-ақпараттық іс-шара кезінде қатысушылар қажетті ақпарат қана алып қоймай, бизнесте қол жеткізген табыстары мен жетістіктері үшін салтанатты жағдайда қошемет те ала алады. Жыл сайын «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясы әр алуан мәртебедегі сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер үшін 40-тан астам іс-шара ұйымдастырады.
Ә
Б
Бонустық бағдарлама - 24 000 теңгеден кем емес (бөлшек сауда бағасымен) сомаға тапсырыс берген жағдайда бонустарды сыйлыққа алу (Mary Kay өнімі, немесе өнім үлгілері, немесе жарнамалық кітапшалар немесе буклеттер).
В
Г
Ғ
Д
Е
Ж
З
И
К
«Консультант» газеті - Компанияның ай сайын шығатын корпоративтік газеті, онда табысты Кеңесшілер тарихтары, клиенттермен жұмыс істеу және мансаби өсу жөніндегі оқытушы материалдар, жаңалықтар, хабарландырулар, іс-шаралар туралы құлақтандырулар және рейтингтер (ең үздік Кеңесшілердің жұмыс нәтижелері) жарияланады. «Консультант» газеті тапсырыстарға тегін салынады.
Қ
Л
М
Модуль - Mary Kay-дің арнайы бағамен сатылатын ең танымал өнімдерінің жиынтығы. Модульдерге тек сұлулық жөніндегі жаңа Кеңесшілер ғана тапсырыс бере алады. Компания модульдердің екі түрін ұсынады: біріншісіне бет терісіне күтім жасауға арналған құралдар кіреді, екіншісіне - сәндік косметика мен хош иістер.
Модульдық бағдарлама - сұлулық жөніндегі Кеңесшілерге арналған жаңа бағдарлама. Оған қатысқан сұлулық жөніндегі Кеңесші Компаниямен келісім-шарт жасасқан сәттен бастап Модульдерді шексіз көлемде сатып ала алады.
Н
Ң
О
Ө
Өнімді сатудан түскен табыс - сұлулық жөніндегі Кеңесші Mary Kay өнімдерін өз клиенттеріне бөлшек сауда бағасымен сату арқылы алатын пайда.
«Өрлеу» журналы - Компанияның ай сайын шығатын корпоративтік түрлі-түсті журналы. Онда жаңа өнімдер, клиенттерге өнім сату тәсілдері туралы ақпараттар, мансаби өсуге бағытталған оқытушы ақпараттар, әр алуан оқиғалар мен іс-шаралардан түсірілген фоторепортаждар, табысты Кеңесшілермен сұхбаттар және сұлулық жөніндегі Кеңесшілерді «Мэри Кэй» бизнесінде қол жеткізген әр алуан жетістіктерімен құттықтаулар жарияланады. «Өрлеу» журналы тапсырыстарға тегін салынады.
П
Р
С
Старттық жиынтық - Mary Kay-дің базалық өнімдерінің және ақпараттық әдебиеттердің жиынтығы. Оны сұлулық жөніндегі әрбір жаңа Кеңесші «Мэри Кэй»-мен бизнесін бастау үшін сатып алады. Компания Старттық жиынтықтардың құрамы мен бағасы жағынан өзгешеленетін екі түрін ұсынады.
Старттық жиынтық «Делюкс» - «Мэри Кэй»-мен бизнес бастауға, алғашқы сұлулық бойынша класстар және клиенттермен кездесулер өткізуге қажетті ең танымал өнімдердің, қосымша құралдардың және ақпараттық әдебиеттердің жиынтығы. «Делюкс» старттық жиынтығының бағасы 5 900 теңгені құрайды.
Старттық жиынтық «Уақыт таңдауы» - Mary Kay өнімдерінің және ақпараттық әдебиеттердің минималды жиынтығы. «Уақыт таңдауы» старттық жиынтығының бағасы - 3 600 теңге.
Т
Тапсырыс - кез келген Mary Kay өнімін «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясынан сатып алу.
У
Ф
Х
Ц
Ч
Ш
Щ
Э
Ю
Я
Жоғары
|